Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы

Скачать

Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік мекемелер жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер бойынша, және олар бойынша жүргізілген төлемдер (бұдан әрі - Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ), мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілген төлемдер бойынша (бұдан әрі - қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ), мемлекеттік мекемелер алдын ала айтылған үстемақымен немесе онсыз ол бірінші талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен кейін, толық немесе бөліктермен қайтарылуы тиіс пе, қарамастан, атаулы түрінде оларды қайтару шарттарында жеке немесе заңды тұлға, тікелей жеке немесе заңды тұлға, немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге (бұдан әрі - жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының ҚБШ), шетел валютасындағы операцияларды жүргізу үшін шетел валютасындағы шоттарға (бұдан әрі - шетел валютасындағы шоттар), бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоттарына (бұдан әрі - сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары) беретін ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаның бақылау шоттары түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуын есепке алуды, осы Нұсқаулыққа сәйкес республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алуды жүзеге асырады.
Бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер бойынша, және олар бойынша жүргізілген төлемдер (бұдан әрі - Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ), мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілген төлемдер бойынша (бұдан әрі - қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ), мемлекеттік мекемелер алдын ала айтылған үстемақымен немесе онсыз ол бірінші талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен кейін, толық немесе бөліктермен қайтарылуы тиіс пе, қарамастан, атаулы түрінде оларды қайтару шарттарында жеке немесе заңды тұлға, тікелей жеке немесе заңды тұлға, немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге (бұдан әрі - жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының ҚБШ), шетел валютасындағы операцияларды жүргізу үшін шетел валютасындағы шоттарға (бұдан әрі - шетел валютасындағы шоттар), бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоттарына (бұдан әрі - сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары) беретін ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаның бақылау шоттары түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуының бухгалтерлік есебі осы Нұсқаулықта көзделген шоттардың жоспары бойынша бірыңғай теңгерімде жүргізіледі.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетімен келісіп қажет болған жағдайда өз қызметінің өзгешелігін ескере отырып, өз жүйесінің мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөнінде жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығарылуы мүмкін.
Шығыс сметаларын орындаудың бухгалтерлік есебі осы нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырылады.

Есепке алуды орталықтандырған кезде қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелердің басшыларына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бұйрығымен бекітілетін Орталықтандырылған бухгалтерия туралы ережеде көзделген құқықтар беріледі.
Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына осы ұйымдардың басшыларымен келісілген орталық бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде шығыстар сметасының орындалуы туралы оларға қажетті мәліметтерді табыс етеді.

Бухгалтерлік қызмет басшылары өз жұмысында "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, белгіленген тәртіпте бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру (бухгалтерлік қызмет) басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді, және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысына, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жәй-күйіне, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды толық және дұрыс ақпараттармен қамтуы тиіс..
Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді:
- құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасасқан операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру;
- міндеттемелер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражаттың мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау жасау;
- ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарларының орындалуына және олардың бухгалтерлік есепті жүргізуіне бақылау;
- түскен ақшаның түсімдері мен шығыстарын ақылы қызметтер бойынша ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ есепке алу, республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алу;
- арнайы қаржылар сметасы бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу;
- бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және оқушыларға стипендиялар есептеу және мерзімінде төлеу;
- ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен қаржыландыру жоспарларды орындау үстінде пайда болатын есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу;
- ақшалай қаражаттарды, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеудің нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу;
- есеп-есептеу жұмыстарын компьютерлендіру;
- белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және табыс ету;
- ұйым басшысымен (штатта экономикалық қызметтің қызметкері болмаған жағдайда) қаржыландыру жоспарын және соған байланысты есептеулерді жасау және келісу;
- активтердің, бағасы арзан және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың олардың сақталу және пайдаланылу жерлерінде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық тасығыштарда бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу.
- есеп саясаты жөніндегі құжаттарды, есеп деректерін машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды архивке тапсыру.
Бюджеттік ұйымның басшысы есеп жүйесін жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтер басқаратын, оның құрылымдық бөлімшесі немесе орталықтандырылған бухгалтериясы болып табылатын бухгалтерлік қызметпен жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есеп беруді ұйым басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маманның жүзеге асыруы мүмкін.
Басшы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, есепке қатысы бар ұйымның барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің және есеп үшін тапсырудың тәртібі бойынша бас бухгалтердің талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларда жасауға міндетті.
Бюджеттік ұйымның бас бухгалтерін ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және босатады және тікелей ұйымның басшысына бағынады.
Бас бухгалтердің қызметіне арнаулы білімі бар тұлға тағайындалады.
Ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік есептің шоттарында барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларының бақылауын және көрсетілуін, жедел операцияларды тапсыруды, бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде жасауды қамтамасыз етеді.


Скачать


zharar.kz