Оқытудың тиімді және үйлесімді болуы оқушының танымдық дамуының табиғи логикасын ескергенде ғана мүмкін болмақ. Егер оқытуды мәдениет пен қоғамның жеке адаммен жан-жақты байланысының ұдайы процесі ретінде алар болсақ, онда осы байланыстың негізгі жүйелері осы арқылы өтеді. Психологияда мынадай негізгі танымдақ процесстер бөле-жара айтылады: түйсіну, қабылдау, зейін, ес, ойлау, сөйлеу және қиял. Үйлесімді өзара іс-әрекет және оны оқыту кезінде осы процестердің барлығын қалыптастыру тұлғаның тұтастай дамуына жағдай жасайды.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларға білім беру мен жалпы мақсатқа жетуді іске асыру бірқатар психологиялық-педагогикалық шарттарды сақтауды қажет етеді:
— үлкендер мен балалардың өзара іс-әрекеттерінің жеке тұлғаға бағдарлануы;
— әрбір балаға іс-әрекет түрін, әріптес, құрал-жабдық, т.с.с таңдау мүмкіндігін беру;
— бала табыстылығына қатысты көрсеткіштері педагогикалық бағалауға бағыт ұстау баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі табыстарымен салыстыру;
— баланың эмоциялық-құндылық, әлеуметтік жекебастық, танымдық, эстетикалық тұрғыдан дамуына және оның даралығын сақтауға ықпал ететін білім алу ортасын құру;
— бала дамуының аса маңызды факторлары ретінде жетекші іс-әрекетті қалыптастыру;
— зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекеттің, белсенділіктің бірлескен және дербес, қозғалғыш және тұрақты нысандарының теңгерімділігі.
Бастауыш мектеп жасы – баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жастағы балалардың маңызды ерекшеліктері – олардың айналадағы өміріне: адамдарға, оқиғаларға, фактілерге қызығушылық танытуы болып табылады.
Олардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсініктері бар, олар білуге құштар, жаңа ақпаратты да жақсы қабылдайды. Осы ынта мен құштарлықты бастауыш сынып мұғалімі өшіріп алмай, оның әрі қарай дами түсуіне көп көңіл бөлуі керек.
Орта білім беру жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі. Себебі, бұрын балабақша жағдайында мектепалды дайындығынан өтетін не отбасы жағдайында үйде дайындалатын ойын баласы енді мектепке келіп, партаға отырып, оқушылар қатарына өтпек. Әрине алты жастағы баланың мектепте оқуға физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дайын екенін көптеген ғалымдар зерттеулер негізінде дәлелдеп отыр. Орыстың алдыңғы қатарлы бала тәрбиесімен және оны дамыту жолдарымен айналысқан ғалымдары Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Элькониндармен қатар қазақстандық педагог-психологтар: В.К.Павленко, Қ.Т.Шериязданова және тағы басқалар. Мектепке баланы 6 жастан қабылдау дұрыс болып отыр, өйткені осы жастағы балалардың білуге деген құштарлығы мен қызығушылығы басым. Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие жүйесін сақтау орынды. Ал егер 5 жастағы балалар мектепке даярланар болса,онда балабақшадағыдай жағдайы болу керек. Бұл балалардың мектепке дайындығы тексеріледі. Ол үшін 12 жылдық мектептің бірінші сыныбына қабылданатын балалардың оқуға дайындық деңгейін анықтау атты әдістемелік құрал басшылыққа алынды. Ол бойынша “Әлеуметтік зерттеу”, “Ата-аналар туралы мәліметтер”, “Ата-аналарға арналған сауалнама”, “Медициналық зерттеулер”, “Балалардың денсаулық құжаты” т.б. жинақтай келе оқушының психологиялық мінездемесі, психологиялық дайындық ерекшеліктері, таным деңгейлері, ортаға қатысы, дамуы анықталды. 1-жарты жылдықта жылдық қорытынды тексеру жұмыстары алынады. Эксперимент барысында сынып пен салыстырмалы сынып арасында айырмашылық байқалды. Айырмашылықтың болуы, яғни эксперименттік сыныптағы білім, білік және оқу дағдыларының сапасы жоғары болуы, біріншіден, бала санының аздығына, екіншіден сабақтағы жұмысбастылықтың болмай, сабақ ұзақтығының 35 минут болуында және жеке оқулық материалдарының балаға түсініктілігінде деуге болады. Білім сапасының жақсы болуына себептер көп. Отбасы, ұстаз, балалар қауымдастығы осының тетігі.
Алты жастан оқыту — баланың ақыл-ойының
дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін
мейлінше қолайлы кезең болып табылады
ҚР 2015 жылға дейінгі білім берудегі
дамыту тұжырымдамасынан
6 жасар баланың оқудағы жетістігі — мектепке дейінгі психологиялық тұрғыдағы дайындық деңгейіне байланысты болып келеді.
6 жасар баланың дамуында қоршаған ортамен байланысындағы үйлесімділік қатынасын 6 аспекті бойынша қарастыруға болады. Олар: медициналық, физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық, интеллектуалдық аспектілер.
6 жастан 1 сыныпқа оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар екені белгілі. Оқыту процесі бұл жаста негізінде ойын түрінде жүргізіледі. Сондықтан балалардың психологиялық ерекшелігін ескере отырып, сабақта ойын элементтерін көбірек пайдалану қажет. 12 жылдық білім беруде оқу жүктемесін азайтып, оқушының бос уақытын жеке қабілеті мен ізденуге жұмсауға мүмкіндік туғызу көзделеді. Сабақтың ұзақтығы 35 минут 5 күндік оқу болады. Ал мұның өзі білім беру парадигмасының пәндік білім беруден тұлғалық-бағдарлық бағытқа көшуінен туындап отыр. [18]
Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет. Оқулықтың сапалы жазылуына назар аударған авторлардың басты ұстанған принципі тұлғалық-бағдарлық, нәтижелі шығармашылық қызмет, кіріктіру, пәнаралық байланыста оқыту және т.б нәтижеге бағдарланған білім жүйесін құру болды. Оқулық — нақты пән бойынша берілетін негізгі оқу кітабы. Оқулықта пәннің бағдарламасы толық ашылады. Оқулық-бұл оқушы мен оқытушының бірлескен әрекеттерінің құралы. Бұдан оқулықтың білім берудің құралы екені жөнінде дәлелді қорытынды шығады.
Бұл кезде баланың өзін-өзі белсенді көрсетуі және оның барлық рухани және дене күшінің дамуы қатар жүреді. Баланың осындай барлық ерекшеліктері қолайлы факторлардың әсерімен, дұрыс та мақсатты педагогикалық ықпалдың көмегімен туындайды және дамиды. Баланың табиғи мүмкіндіктерін ескерудің арқасында ғана осы жасқа лайықты оқытудың мазмұны мен әдістерін дұрыс анықтауға, баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге болады.
Оқушылардың білімді меңгеруіндегі басты мәселе-ойлау арқылы іс қылудың тәсілдерін үнемі үйрету, ойлау әрекеттері түрлерін (талдау, жинақтау, пайымдау,т.б.) меңгертудің маңыздылығы сөзсіз.
Ойлау қалыптаспай тұрып үйретіп отырған білімді қабылдау да жүзеге аса алмайды, өйткені білімді меңгеру оны талдау, жинақтаусыз мүмкін емес — деп жазған С.Л.Рутинштейн О мышлениях и путиях его исследования . [26]
Орыстың педагогика ғылымдарының аса көрнекті қайраткері К.Д.Ушинский оқу жетістігі жаңа материалдың ескімен байланысында деп білді. Жаңа мәліметтерді ескінің легіне қосып тіндестіру жаңа міндетті түрде ескінің негізінде құрылып, ескі үздіксіз қайталанған сайын жаңа үстемеленіп қосылып отыру керек . Ол жаңа ұғымды меңгеру кепілдігі: кепілдік мықты болған сайын жаңа ұғым берік әрі жеңіл меңгеріледі , — деп түсіндірді.
12 жылдық білім беруде бастауыш сынып оқушыларының жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындау жұмыстарын сараптауда аса көңіл бөлген мәселелер мыналар:
— Жаңа материалды оқып-үйренуге дайындауға бағытталған тапсырмалардың саны.
— Оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты дайындық тапсырмалардың мазмұны.
Математика мен информатика пәнінің күрделі тақырыптары өтуге ыңғайлы кезеңдерге бөлінген. Бұл бөлімдер оқу жылы ішінде біртіндеп енгізіліп отырылады. Мұғалім қиын тақырыпты үш кезеңге бөледі:
1-кезең: Перспективалық дайындық. Басқаша айтқанда, біртіндеп ұғындырылатын тақырып. Бұл кезде тірек ұғымдары, іскерлік жаттығулар, оқушылардың жауаптары арқылы оқытуды бастау жүзеге асырылады.
2-кезең: Оқулықпен жұмыс кезеңі. Бұл кезде түсініктер нақтыланып, тақырып бойынша материалдар жинақталады. Оқушылар жинақтау схемалары арқылы саналы түсінуге бағытталады. Олар мектепте және үйде өз беттерімен тапсырмалар орындап, өз ойларын схемалар арқылы дәлелдеуге жұмыстанады. Сонымен қатар осы кезеңде бірқатар ұғымдар алдын-ала түсіндіріліп отырылатындықтан, оза оқыту шарттары да орындалып, оқушылардың материалдарды қабылдау мүмкіндіктері артады.
3-кезең: Үнемделген уақыттарды пайдаланып, жұмыс істеу арқылы іскерлік дағдысы қалыптасады. Бұл қатені үнемі түзетіп отырудан гөрі, одан алдын-ала сақтандыруға үйретеді. Сонымен әрбір оқылған тақырып жаңа тақырыпты оқуға негіз бола алады. Мұғалімдердің осы саладағы біліктілігімен, оқушылардың жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындылығының алатын орнын анықтау мақсатымен қала мен ауданның бірнеше мектебіне сауалнамалар жүргізілді.
Дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді, мұғалімдердің сұрақтарға берген жауаптарын, осы мәселе туралы пікірлерді жан-жақты талдай келіп, жаңа материалдарды оқып үйренуге оқушыларды дайындау мәселесі педагогикалық істе өзінің нақты қолданысын әлі де толық таппай отырғаны оқушылардың білім сапасын арттыруда үйрету, жетілдіру, жаттықтыру бағыттарына аса назар аударудың тиімді екенін көрсетеді.
4 жылдық бастауыш, 6 жылдық негізгі және 2 жылдық жалпы орта білімді қамтитын құрылым тулғаның психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.