Қазақстан мен Түркия арасындағы білім саласындағы байланыстарды нығайту жолында жеке, арнайы жоғары оқу орнын ашу мәселесі өте маңызды еді. Алғашқы кезде Түркістан мемлекеттік университет ретінде құрылған жоғары оқу орны түркі халықтары үшін Қасиетті орынға ерекше назар аударуға септігін тигізіп, түркі тілдес халықтардың мәдениеті мен рухани дүниесін жаңғыртуды көздейтін болса, сәті түскенде оны халықаралық деңгейге көтеру, оған осындай статус берудің реті келді. Ең алдымен бұл осы университеттің тұңғыш ректоры, көрнекті қазақ ғалымы академик М.Жұрыновтың ұйымдасты-рушылық қабілетінің жемісі еді. Себебі, 1990 жылдардың бас кезіндегі өтпелі дәуірдің экономикалық қиындықтары университеттің қаз тұрып, дамып кетуіне кедергі болғаны мәлім. Осындай жағдайда оған ең алдымен мықты экономикалық тірек қажет еді.
1992 жылы күзде Түркия Республикасының Президенті Т.Озалдың Қазақстанға кезекті сапарында халықаралық қазақ-түрік университетін ашу туралы мәселе бойынша келісімге келудің сәті түсті.
Қазақстан және Түркия Республикалары Үкіметтерінің 1992 жылғы 31 қазанда жасалған «Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін ашу туралы» келісімі бойынша бұл оұу орны жаңаша статусқа ие болды. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру жөніндегі ынтымақтастық келісім-шарты негізінде құрылған, түркі әлемінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнына айналу мақсатын ұстанып отырған және қазақ-түрік ынтымақтастығының жарқын жемісі бола білген бұл оқу орны сонан бері қыруар жұмыстарды атқарып келе жатқанын атап өткен жөн. Түркия Республикасының 9-шы Президенті Сүлеймен Демирелдің айтқанындай, «Халықаралық қазақ-түрік университеті — ғылым, мәдениет және
білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып табылады».
Жалпы Түркістан мемлекеттік университеті туралы айтар болсақ, ол өз тәуелсіздігін баянды етіп, егеменді ел ретінде даму жолына түскен жас Қазақстанның келешек ұрпағы — жастарды бүгінгі күн талабына сай білім
беріп, әртүрлі-мамандықтарға даярлау және патриоттық сезім негізінде
дұрыс тәрбиелеу мақсатында ҚР Президентінің 1991 жылғы 6 маусымдағы
N 329-ші қаулысы бойынша ашылды. Сөйтіп, 1592 жылы, 1 мамырда
ғылым, мәдениет, спорт және білім беру салалары бойынша қарым-
қатынасты дамыту туралы Түркия мен Қазақстан арасында жасалған келісім, ҚР Білім министрлігі мен ТР Ұлттық Білім министрлігі арасындағы 1992 жылғы 19 маусымдағы ынтымақтастық хаттамасы және Қазақстан мен Түрция Респуб-ликалары Үкіметтері арасында 1992 жылы 31 қазанда қабылданып, қол қойылған «Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру туралы» келісім шарт негізінде 1993 жылы Түркістан мемлекеттік университеті базасында Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық казақ-түрік университеті құрылды.
Жарты жылдан астам уақыт ішінде әзірленген жоба бойынша екі елдін Үкіметтері арасында 1993 жылы 30 маусымда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру жөніндегі ыитымақтастық келісіміне қол қойылып, университетке ерекше статус берілді. Сондай-ақ университеттің Жарғысы қабылданып, осыған сәйкес университетті ҚР мен ТР Үкіметтері тарапынан тағайындалатын 10 адамнан құрылған Өкілетті Қеңес басқарады деп ұйғарылды. Өкілетті Кенес құрамына ҚР мен ТР Премьер-министилерінің, ҚР мен ТР Сырткы Істер министрліктерінің. ҚР м н ТР Білім министрліктерінін, ҚР-ның Түркиядағы және ТР-ның Қазакстандағы Елшілік-терінің және ТР Жоғары білім жөніңдегі Кеңестің өкілдері мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Хажеттепе универси-
тетінің ректорлары кірді. Өкілетті Кенестің шешімі бойынша жыл сайын Қазақстанда немесе Түркияда университет жұмысы туралы жиналыс өткізіледі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы жағынан бұл Өкілетті Кеңеске А. Құрманғалиева, Н.Әжіметов және С.Пірәлиев мүше. Ал Түркия Республикасы жағынан -Н.Зейбек, О.Кабасакал, М.Исен, Р.Айхан және Ф.Будактар Өкілетті Кеңестің мүшесі болып табылады. Өкілетті Кеңес Басқармасы Анкара қаласында орналасқан және оның қызметін Түркияның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Намык Кемал Зейбек мырза атқарып келеді.
Түркістан университетінің жаңа халықаралық статус алуы, оған Түркия мемлекетінің тікелей экономикалык көмегі бұл оқу орынының материалдық-техникалық базасын күрт нығайтуға, жана оқу корпустарын салуға мүмкіндік берді. 1993-2000 жылдар аралығында Түркия тарапы университетке 90 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы аударды.
Университетгің Жарғысы бойынша оқу процесі 4 тілде — қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіліп, студенттер университеттің құрамындағы Тіл үйрету орталығында тілдік дайындық курстарынан өтеді. Университет түлектері міндетті түрде қазақ және түрік тілдерін меңгеріп шығады. Сондай-ақ, оқу процесіне Қазақстан тарихы, Түркия тарихы, Ясауитану және Дінтану секілді дәріс берілуі міндетті пәндер енгізілген.
Қазір университетте түркі әлемінің 29 мемлекеті мен автономиялық респуб-ликаларынан келген 23 мыңнан астам студент (қазақстандықтарды да қоса есептегенде) білім алуда. Сонымен қатар, университетте 8 елден келген 100-ден астам ғылым докторы, профессор, 300-дей ғылым кандидаты, доцент, жалпы саны 1000-нан аса оқытушы жұмыс істейді. Университеттегі 18 факультетте 105 мамандық бойынша студенттерге білім беріледі.
Талантты жастардың жоғары білім алуына мүмкіндік жасау мақсатында университет бюджетінен 2001-2002 оқу жылына 1000 студентті тегін оқытуға
қаржы белінсе, 2002-2003 оқу жылында 1328 студент тегін оқуға қабылданды. Университет талантты жастардың білім нәрімен сусындауы үшін тегін оқуға мүмкіндік берген бірден-бір жоғары оқу орны.
Дарынды жастарды дайындап университетке тарту мақсатымен «Түркістан» және «Түркібасы» лицейлері ашылды. Екі лицейде оқитындар ақысыз математика және ағылшын тілін тереңдетіп оқиды. Лицейді үздік бітірген оқушылар университетте әрі қарай білімін жалғастыра алады.
Университет түлектеріне Қазақстанда да, Түркияда, да жарамды болып танылатын дипломдар беріледі.
Университетте сапалы, мәнді білім берудің тұтқасы білікті де білімді оқытушы-профессорлар құрамы болғандықтан ғылыми зерттеулер мен ізденістерді жүйелі жүргізу мақсатында университет құрамында Ғылым
орталығы құрылды. Оның құрамындағы екі ғылыми-зерттеу институты: Түркология ғылыми-зерттеу институты, Экология ғылыми-зерттеу институты мен екі орталық археология ғылыми-зерттеу орталығы, ақпарат орталығы жүйелі түрде жұмыс жасап, алғашқы нәтижелерін халыққа ұсынуда. Түркология ғылыми-зерттеу институты 2002 ж. 9-12 қазан аралығында Түркістанда «Қазіргі заманғы түркология ғылымының өзекті мәселелері және алдағы міндеттері» атты I Халыкаралық Түркология конгресін ұйымдастыр-ды. Конгресс жұмысына Алтай, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қытай, Татарстан, Тува, Түркия, Ресей, Чуваш секілді әлемнің 12 мемлекетінен келген 130-ға жуық түркология саласының ғалымдары, оның ішінде 70 ғылым докторы қатысты. 2004 ж.күзінде Түркістанда II Түркология конгресі өтті. Түркология ғылымының жана заманға лайық мазмұны мен мақсаты, міндеттері анықталды. Нәтижесінде Түркістан қаласында дүниежүзілік Түркология орталығының құрылуы, электронды кітапхана қорының жасалуы, көне тарих, әдебиет, тіл тарихы бойынша білгір мамандардың Түркістанға
шақырылып, ғылыми-теориялык, практикалық семинар, кеңестер өткізу туралы шешім қабылданды. Экология ғылыми-зерттеу институты 2002 ж. 6-9 қараша аралығында «Түркістан аймағының экологиялық проблемалары» атты Халықаралық Экология конференциясын өткізді. Университетте 1996 жылдан бастап «Университет хабаршысы» атты ғылыми журнал шығарыла бастады.
Түркология ғылыми-зерттеу институты 2002 ж. қыркүйек айынан бастап
халықаралық «Түркология» журналын шығара бастады. Бұл журнал бүкіл
түркі дүниесі ғалымдарының ізденістерін, еңбектерін, мақалаларын, жаңалық-тарды жариялауда. Университетте студенттер мен оқытушыларға ақысыз интернет қызметін пайдалану мүмкіншілігі жасалған.
Осы орайда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бүгінгі нарық заманында оқу ғимараттары мен университеті қалашығының құрылысын жүргізіп жатқан санаулы оқу ордаларынын бірі екендігін айта кеткеніміз жөн. Бүгінде университетте республикада теңдесі жоқ, қазіргі заман талабына сай салынған мәдениет орталығы, студенттер асханасы мен жатақханалары бар. Сондай-ақ, кездесулер, ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізуге мүмкіншілік беретін сәулетті кең мәжіліс залдары, жер серігі байланысы арқылы жұмыс істейтін телекөпір де студенттер мен оқытушыларға тиісті қызмет көрсетеді. Мысалға 1999 жылдың көктемінде осы телекөпір арқылы Түркістан қаласында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен ТР Президенті С.Демирел арасында кездесу өткізілді.
Түркиядағы қазақстандық студенттер секілді түркиялық студенттер де университет қабырғасында өз мамандықтары бойынша білім ала жүріп, тіл үйренуге, тарихымызды, менталитетіміз бен тұрмыстық мәдениетімізді де меңгеруге мүмкіндік алады. Осылайша бауырлас халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықтын белгісі білім саласында нақты көрініс тауып, Түркістандағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің түлектері келешекте
білім шыңына көтеріліп, екі елдің даңқын арттырады деген үмітті ақтауы сөзсіз. Оған соңғы жылдары университетті үздік бітіріп, аспирайтурада окып жүрген жас ғалымдардың жемісті еңбегі куә. Соңғы жылдары бір қатар ХҚТУ түлектері математика, химия, экономика, тарих, тіл білімі және ғылымнын басқа салаларынан кандидаттық диссертация қорғады. Олардың көпшілігі қазақ ұлтының өкілдері.