Германия мемлекеттерінің бірігуінен экономикалық потенциалының өсуі

Скачать


Оқушылардың әлеуметтік және туристік таңдауы туралы қазақша реферат 

Тақырыпқа  байланысты ой тарқатпастан бұрын туризм дегеніміз не? деген  сұраққа жауап берейік.

Туризм термині С.И.Ожеговтың: Словарь русского языка еңбегінде: Вид путешествии, совершаемых для отдыха и с образовательными целями, вид спорта деп көрсетілген. 10-шы сыныпқа арналған  Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы оқулығы бойынша туризмнің негізгі атқаратын 4 мақсаты аталады, олар:

1.Сауықтыру (рекреациялық);

2.Танымдық  (экскурсиялық, топтық серуен);

3.Іскерлік;

4.Ғылыми (зерттеу жұмыстары).

Топтық серуендер: а) мәдени-тарихи объекті б)табиғи объекті.

Табиғи объектілерге:

-таулы аудандар (Ақсу-Жабағылы, Марқакөл).

-өзен-көл маңы (Алакөл , Қорғалжың).

-орман (Наурызым).

-құмды дала (Үстірт, Мойынқұм).

-жартастар (Таңбалытас,Қаратау).

Ал көлік түрі бойынша автомобиль,темір жол,теңіздік,ауа арқылы,өзен бойымен саяхат жасау бар.Сонымен қатар туризмнің дамуы соңғы кезде кез-келген елдің экономикасының табыс табу көзіне айналуына байланысты оның дамуына әр мемлекеттің өз бағдарлама-мақсаттарына үлкен маңыз береді. Дүние жүзі бойынша туризм жылына 500 млрд. доллар табыс береді. Бірінші орынды АҚШ алады, одан соң Батыс Еуропа елдері кіреді (Испания, Франция, Италия). Ал 2000 жылы дүние жүзілік туристік ұйым (ДТҰ)698 млн. туристердің халықаралық саяхат жасауын тіркеді. Туризмнің маңызы тек экономикаға тікелей әсер етуімен шектелмейді. Әр мемлекет өз елінде туризм индустриясын дамытуға ұмтылатын себебі:біріншіден,халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолының бірден-бірі осы туризм саласы; екіншіден, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда, яғни бейбітшілікті нығайтады. Қазіргі кезде туризм ғаламдық сипат алды. Туристік лектер материалдық байлықпен бірге, еңбек ресурстарының, ақпараттың өзара қарым-қатынасын жақсарта түседі. Қысқа мерзімде туризм саласы әлемдік кеңестікті жаулап алды, ал ДТҰ болжамы бойынша 21 ғасыр туризм ғасыры болмақ.. Ал саясатта соңғы жылдары өте үлкен өзгерістер болғаны мәлім:

-Кеңес Одағының ыдырауы, орнына егеменді 15 мемлекет құрылуы;

-постсоциалистік мемлекеттерде өмірлерінің барлық жағынан өзгерістерге ұшырауы;

-Варшава келісімі ұйымының қызметінің тоқтауы;

- суық соғыс кезеңінің аяқталып, ғаламдық Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік жүйелерінің өзара қарым-қатынас орнатуы;

-Германия мемлекеттерінің бірігуінен экономикалық потенциалының өсуі;

-Югославия федерацияның ыдырауы, тәуелсіз 5 мемлекеттің құрылуы;

Аталған саяси оқиғалар туризм саласының жаңа деңгейде, жаңа бағытта дамуына үлкен әсер еткендігін аталған саяси оқиғалар нәтижесінде тоталитарлы режимді бұрынғы социалистік елдерде демократиялық өзгерістер мен елдің дамуы бағыты рыноктық экономикамен байланысты болғандықтан, аталған елдердің азаматтары халықаралық туризм саласының күрт өсуіне ықпал етті. Постсоциалистік елдердің азаматтары батыс  әлемі мәдениетімен, тарихи-архитектуралық ескерткіштермен, әсем табиғат өлкелерімен танысып, серуендеп, демалып, саясат жасау мүмкіндіктеріне ие болды.Қазіргі уақытта аталған елдер әлі де өзгерері сөзсіз- әр мемлекет қазір азаматтарының әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөліп, арнайы әлеуметтік саясат ұстанды. Сондықтан жақын 5-6 жылда постсоциалистік елдер туризм лидері Франция, Испания, Италия; АҚШ-пен қатар дамитындығы соңғы уақыттағы осы елдерде жүргізілген мониторингтерден көрінуде. Әсіресе Польшаға саясат жасаушылар саны күннен-күнге өсуде. Бұл да Польша мемлекетінің экономиканы дамытудағы ұстанған саясатын және әлемдік қауымдастықтар арасындағы саяси келісім-шарттар мұрындық  болып отыр.

Дем  алу-адамдардың  өздерінің  қызметі (туризм, саяхаттар, санаториялық –курорттық  ем  алу)  мен  бұған  көмектесетін  мекемелердің қызметінен (баспана  беру, тамақтану  мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады. Мұның бәрі жалпы  түсінікке-рекреацияға бірігеді. Оның негізгі мақсаты-еңбек ету процесінде жұмсалған күшті қалпына келтіру .[1,116]

Рекреация рухани дүниені байытып,адамның көзқарасын кеңейтеді.

Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет:1) өркениетті дем алыс қымбатқа түсетіндіктен,адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек;2)рекреациялық қор және;3)рекреациялық шаруашылық болуы шарт.Халықтың кіріс деңгейі өсіп келеді.Бұның өзі елімізде туризм дүрбелеңін тудырады .[2,121]

Ал біздің елімізде рекреациялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік кіреді. Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді.

1990 жылдардың басында иесіз қалған демалыс базаларының көбі қалпына келтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонақ үй мен тау шаңғысы базалары салынып, жаңа ұлттық парктер ( Бурабай , Шарын каньоны , Қатонқарағай ) ұйымдастырылды .[4,3]

Рекреациялық  қорлардың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени-тарихи  қорлар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем жерлер: сарқырамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар (яғни, табиғат ескерткіштері) жатады. Бұл қорлардың құрамдас бөлігі қолайлы климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді. Мәдени-тарихи қорлар адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен храмдар, тасқа қашалған суреттер, сәулет құрлыстары, мұражайлар-бұлардың бәрі Отанымыздың мәдени мұрасын құрайды.

Ал Жамбыл облысының рекреациялық қорлардың құрамына минералдық бұлақтарда емдік курорттар құрылған (Меркі шипажайы, Т.Рысқұлов, Бөбек).Су тоғандары (Талас,Аса, Шу, Теріс-Ащыбұлақ) шомылу жағажайлық демалыс зоналарына айналуда. Таулы аймақтарда саяхат пен туризм кең таралған (Қырғыз Алатауы, Қаратау жотасы). Тараз қаласы танымдық туризм орталықтарына айналуда.

Біздің ұлан-байтақ еліміздің әсем табиғаты мен көп ғасырлық тарихымен бірге қалыптасқан рекреациялық қорлары өте мол, әлі толық зерттеліп біткен жоқ.

Біздің кең-байтақ Отанымызды ойша шолсақ, оның әр түкпірінен рекреация үшін пайдалануға болатын табиғат пен мәдениет ғажайыптарын табуға болады.

Рекреациялық байлықтардың шоғырланған жері-елдің Оң түстігі. Оның туристік рәміздері-атақты Хантәңірі шыңы, табиғаты ғажап Шарын каньоны, Әнші шағылдар . Елді таңдандыратын Солтүстік Тянь-Шань тауларының қар басқан шыңдарының табиғаты әсем. Мұнда Медеу мұз айдыны ( Әлемдік рекордтар ұстаханасы )  мен дүниежүзілік дәрежедегі Шымбұлақ тау шаңғысы курорты орналасқан. Оңтүстікте әлемге әйгілі Алтын адам мен ЮНЕСКО тізіміне енгізілген жартастағы Таңбалы тас  суреттері бар. Іле Алатауының етегінде еліміздегі ең ірі рекреациялық орталық- Алматы созылып жатыр. Көптеген туристер Көне Тараз ескерткіштері мен Отырар мұражай-қорықтарына, кіші түрік Меккесі -Түркістанға келеді. Оның нысандарының бірін алғаш рет ЮНЕСКО әлемдік мәдениеттің жетістігі деп бағалады.

Қазақстанның Орталығындағы ертегідегідей әсем өлке – Қарқаралы  таулы-орман сілемдері ұлттық парк болып жарияланған.Оның солтүстігінде емдік балшықтың еліміздегі ең үлкен қоры бар Қарасор көлі орналасқан. Ал, Алматы облысымен шекаралас оңтүстігінде балық аулауды, суға шомылуды сүйетіндерге етене таныс Балқаш көлі орналасқан.

Осыған байланысты менің тақырыбым Оқушылардың туристік таңдауы болғандықтан өз сыныптастарымның туристік сапарын және саяхатын айта кетейін. 2006 жылы біз өз сыныптастарымызбен бірге алғаш рет Түркістан шаһарына сапар шектік. Әр жердің тарихын танып білу үшін біз гид-жолсеріктерімен бірге бардық. Гид-жолсеріктері бізге жердің және тарихын түсіндірді. Ең алдымен біз киелі Тараз қаласындағы Айша-бибі , Қараһан баба кесенелеріне бас идік. Содан соң біз Түркістан қаласына барып саяхат жасадық.Ол жақта біз Қожа Ахмет Иасауй , Есім хан кесенелерімен таныстық.Біздің саяхатымыз өте сәтті аяқталды

Осы орайда мен туризмнің Қазақстан Республикасының ең қарқынды дамып келе жатқан экономика саласы туралы баяндама дайындап және өз қатар құрбыларының Туристік таңдауы атты сауалнамаға жауап беруін өтіндім. Сауалнама нәтижесі:
Сіздің отбасыңыз  жазғы демалысты қалай өткізгенді қалайды?
а) 10оқушы ешқайда бармайды (үйде болады); ә) жақын маңдағы елді мекенде (саяжайда,бақшада) жауабына 31 оқушы жауап беріп басым түсті.

2. Демалыстың қай түрін ұнатасыз?

а) жауабына 34 оқушы белсенді туризм,саяхатын таңдады; ә) жауабына 4 оқушы белсенді емес-демалыс үйі (базасы), санаторий жауабын таңдады.

3. Егер сіз немесе сіздің отбасыңыз саяхат жасаумен әуестенетін болса,оның қай түрін таңдар едіңіздер?

а)жауабын 2 оқушы жаяу жүруді таңдады; ә)жауабын 18 оқушы автомобильмен жүруді таңдады; б)жауабын 13 оқушы су көлігімен саяхат жасауды таңдады; в)  темір жолмен жауабын ешкім таңдамады; г) жауабына 6 оқушы ұшақпен саяхат кешуді таңдады.

4. Қандай табиғат кешенінде демалғанды ұнатасыз?

а) шөлді жерде жауабын бір оқушы таңдады; ә) шөлейтті жерде дем алғанды жауабын ешкім таңдамады; б) далалық жерде жауабын ешкім таңдамады; в) орманды дала жауабын 4 оқушы таңдады; г) таулы өлке жауабын 11 оқушы таңдады; д) теңіз жағалауында жауабын 23 оқушы таңдады.

5. Өз саяхатыңызды қалай ұйымдастырасыз?

а) өз бетімше жауабын 15 оқушы таңдады; ә) туристік ұйымдар жауабын 9 оқушы таңдады; б) жауабына 14 оқушы басқа жауап нұсқасын таңдады.

Қорытынды: көріп отырғанымыздай жас жеткіншектер танымдық туризм  түрін таңдап,  туған өлкесін, мәдениетін, салт-дәстүрін білуге-көруге ынтық оларды зерттеуге үлкен қызығушылық танытады. Туризм танымдық мақсатта ғана емес тәрбиелік мәні зор екенін көз жеткіздік. Сондықтан болашақ ұрпақты тәрбиелеуде экономиканың туризм саласының рөлі зор.

Айта кетерлік бір жай,облыстың аудан басшылары туризм саласының дамуына аса зейін қоя да бермейді.Мысалы 2004 жылы жоспарланған Жуалы ауданындағы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы сырттық туристік базасының құрлыстары аудандар тарапынан қаражат бөлінбеуі салдарынан жүзеге асырылмай отырғаны соның дәлелінде .[3,5]

Кәсіби мамандар мен туристік кәсіпкерлікті жүргізу машығының жетіспеушілігі, олардың туристік-рекреационды қорларды сақтау тәртібін, маркетингті жеткілікті түрде меңгере қоймаған да саланы артқа тартуда облыста  альпинистік лагерлер де жоқ. Мұның өзі өндірістік альпинизм (қазірдің өзінде төтенше жағдайлар мекемесі көп қабатты үйлердің құрлыстарының әрлеу-сырлау жұмыстарына мамандарды көбінесе сырттан әкелуге мәжбүр), жас саяхатшылар  станциялары және балалардың басқа да туристік ұйымдары үшін болашақ гид-жолсеріктер, экскурсоводтар мен туризм жөніндегі нұсқаушылар даярлаудың бастапқы қанат ұштар мекені де болар еді .[5,1]

Жоғарыдағы жоспарлар келер жылы нәтиже бере бастайды деп сенейік. Ендігі сөз-кәсіпкерлер мен қалталы азаматтарда.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.Ердәулетов С.Р. Қазақстанның  экономикалық және әлеуметтік географиясы . Оқу құралы. –Алматы, 1998ж.

2.Ердәулетов С.Р. Туристік Қазақстан   -Алматы Қайнар , 1989ж.

3. Ақ  жол газеті 23 ақпан. 2006ж.

4. Егемен Қазақстан 26 қыркүйек. 2006ж.

5. Егемен Қазақстан . 1қаңтар. 2007ж


Скачать


zharar.kz