Қазақ ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды.
Солай бола тұрса да осындай біртуар тарланбоз жайлы енбектер бізде жоқтық қасы. Оның өмірі жайлы деректер де аз, ғалым шығармашылығына мемлекеттік тұрғыдан мән беріп зерттеп-бідіп жаткан ғылыми мекемелер де көрінбейді. Оның басты еңбегі әлемге әйгілі Тарих-и-Рашиди де қазақ тіліне аударылған жоқ. Бәлкім, бұл Хайдар Дулати шығармасының парсы тілінде жазылып дүние жүзіне шашырап кеткендігінен де болар. Сондықтан да біз осы бір, қайталанбас дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқтап өтуді жөн көрдік.
Тарихтан біз Шыңғысхан жаулап алған жерлерін көзі тірісінде ұлдарына бөліп бергенде, Алтайдан Атырауға дейінгі өлкенің Шағатайға тигенін білеміз. Ал ол қайтыс болған соң, Мәуренахр мен Казакстан жерлерін одан тараған ұрпақтары үзлістермен болса да, кезегімен билеп келгенімен, XIV ғасырдын ортасына таман Шағатай мемлекеті екіге бөлініп, Орта Азияны Әмір Темір (1336—1405) иемденді де, Моғолстан (Жетісу мен Шығыс Түркістан) жағы, қазіргі Қырғызстан мен Қазақстан жерлерін қоса, Шағатай ұрпақтарының қолында қала берді. Өзі тұрақтап қалған мемлекеттін шекарасы жайлы Мұхаммед Хайдар Дулати былай дейді: Моғолстанның шығыс шеті қалмақ жерімен шектесіп Барыскөл, Еміл, Ертісті қамтиды. Терістікте оған Кекше теңіз (Балқаш), Бұм, Каратал қарайды. Батыста —Түркістанмен, Ташкентпен, оқтүстігінде Ферғана уалайатынымен, Турфанмен шектеледі .
Хайдар Дулатидін бабалары кезінде осы елдін тарихында үлкен рөл атқарып, биік мансапқа ие болған Жетісу мен Қашғарды мекендеген дулат тайпасының белгілі бектері еді. Олардық Моғолстан тағына өз адамдарын отырғызған сәттері де болған. Қалық қол басқарып, ерлік көрсеткеніне риза болган хан әулеті Шағатай тұсында-ақ ғалым бабаларына Маңлай Сүбе деп аталған осы күнгі Қашғар жерін сыйга тартқан. Олар онда жеке патшалық құрды. Бірақ тақ, үшін таласта Дулат тайпасы да өзгелер секілді өзара тартыскатүскен. Соның салдарынан Қашғарияны ғалымның Мұхаммед Хайдар ныспылы аттас бабасынан Әбу Бәкір Дулати деген тағы бір атасы 1480 жылы тартып алып, Ақсақ Темір ұрпақтары билеп тұрган Орта Азияға кетуге мәжбүр еткен.
Бірақ жаңа мекенінде де ғалым бабасының тыныш өмірі ұзаққа созыла қоймаған. Жошы ханнын батыс Сібірді мекен еткен кіші ұлы Шайбанидің әулеті Ақсақ Темір ұрпақтары арасындағы алаусыздықты пайдаланып, олардың жерлерін тартып алуға әрекеттене бастаған. Бүл іс Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан (1412—1468) тұсында басталғанымен, оны ханның немересі Мұхаммед Шайбани ғана жүзеге асыра алды . XV ғасырдың соңына таман Дешті Қыпшақ елінің басын кұрап, үлкен күшке айналдырған ол, енді ат басын Мәуеранахрға қарай бұрды. Бұл ретте Ашанас, Сығынақ,Өзкент, Аққорған, Қыпшақ, Сауран секілді Сырбойы қалалары мен қоныстарын өздеріне бағындырған көшпелі өзбектерге тақ үшін таласып қырық-пышақ болған Темір әулеті жөнді тойтарыс бере алмады. Орта Азияға бірнеше бағытпен сыналап енген шайбандықтар бірте-бірте Ташкентке жақындай түсті.
ТАШКЕНТ —БҰХАРА. 1499—1508 ЖЫЛДАР.
Мухаммед Хайдар 1499 жылдың осындай қиын-қыстау күндерінің бірінде Ташкент қаласында Мұхаммед Хусайын Дулатидің (?-1508) отбасыңда дүниеге келді. Мұхаммед Хұсайын ұлына жоғарыда айтылғандай өз әкесі Мұхаммед Хайдар Дулатидің атын берген. Өйткені Әбу Бәкір Дулати Қашғариядан қуып жіберген Мухаммед Хайдар Дудати ол кезде тірілер санатында жоқ еді.
Хайдар мырзаның әкесі Мухаммед Хұсайын да жастайынан билікке араласқан. Оның үстіне есейіп, оңы мен солын таныған кезде Моғолстанның билеушісі Шағатай ханның ұрпағы Жүніс ханның (1415—1487) кіші қызы Хуб Нигар ханымға үйленеді.
Жүніс ханның үлкен әйелі Исан Даулат бикеден екі ұл (Султан Махмұт хан (1443—1508); Сұлтан Ахмет хан (1465-1503), үш қызы (Миһр Нигар ханым, Құтлык Нигар ханым, Хуб Нигар ханым) бар еді. Миһр-Нигар ханым Әмір Темірдің Жалал ад-Дин Миран шаһ (?—1408) атты үшінші ұлының шөбересі Сұлтан Ахмет мырзаға (?—1494) ұзатылған-ды. Ал Құтлық Нигар ханьімға оньің інісі Омар шейх (1455—1494) үйленіп, одан атақтыойшыл, акын, қолбасшы Мухаммед Захир ад-Дин Бабыр (1483—1530) туған, яғни ол Мүхаммед Хайдар Дулатиға бөле еді.
Хайдар мырза шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ тағдыр тауқыметін көп тартқан, 1501 жылы ол екі жасқа толғанда анасы қайтыс болады. Ол жайлы Бабыр өзінің атақты, Бабырнамасында : Менің шешемнің сіңлісі Хуб Нигар ханым жарық дүниемен қоштасыпты, оны анамыз екеумізге Ұратөбеде естіртті -дейді.
Бабырдың әкесі Омар Шейх Ферғана уалайатының билеушісі болатын. Сырдарияның жағасына орналаскан астанасы Ахсикентте 39 жасында жардан үшып жан тәсілім еткен соң , оның иелігіндегі жерлерді Шайбани хан басып ала бастайды. Бұл- байтал түгілі, бас қайғы болған заман еді.
Ташкентті 1482—1485 жылдары Жүніс хан басып алғанымен, соңынан оны (1490) Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Хусайын Дулати кайнағасы Махмұт ханның атынан билеп тұрды. Мұны ағылшын шығыстанушысы Ч. А. Стори де (1888—1967) Мұхаммед Хусайынды Ташкенттің билеушісі етіп қашғарлық Махмұтхан қойып еді деп растайды.
Мухаммед Хусайын Омар шейхпен көңілі жарасқан достар екен. Сондықтан да ол Ахсикентте баз бір кездері онымен екі жыл бірге тұрыпты. Артында калың елі дулаттар тұрғандықтан да, ол өз иелігін мығым ұстаған. Айтқаны орындалып, дегені жүрген, халқының қадірлі адамы болған. Сөйткен МұхаммедХұсайын ұлына Маула Мухаммед атты білімді де білікті кісіні тәрбиеші етеді. Ол бала құран кәрім сүрелерін жаттатып қана қоймай, әліппе де оқытып, сауатын ашқан, жазу, сызуға үйреткен. Ч.А. Стори Хайдар мырзаның дәріскерлері ішінен Мұхаммед Кади ныспылы Мухаммед бин Бурһан ад-Дин Самарқанди (?—1516) атты белгілі оқымыстының да атын атап кеткен.
Хайдар мырза бірақ Мұхаммед Шайбани зобалаңына байланысты оқуын жалғастыра алмаған. Өйткені оның балалық шағы, жоғарыда айтылғандай, Мұхаммед Шайбанидің Орта Азияның қалалары мен қоныстарын, елді мекендерін басып алып,ӘмірТемір ұрпактарын куа бастаған кезге тұс келді.Шынында да Мухаммед Шайбани аз ғана уақыт ішінде, яғни 1500 жылы Бұхара, 1501 жылы Самарқан, 1503 жылы Ахсикентпен Ташкентті, 1504 жылы Әндіжан, 1505 жылы Хорезм, 1507 жылы Герат, Астрабад, Гурганға да ту тігіп үлгерді.Басқыншының тегеурініне шыдай алмаған Бабыр соғыса-соғыса Кабулға қетуге мәжбүр болды.
1508 жылы осындай аласыпыран кездері Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Шайбани кісілерінің қолынан қаза табады. Жетім қалған Хайдар мен әпкесін туыстары әуелде Бұхараға паналатқызады. Соңынан тәрбиешісі екеуін Бадахшанға аттандырады.
ҚАЛА-И ЗАФАР. 1508—1509 ЖЫЛДАР.
Шайбандардың құрығы жете қоймаған жерлердің бірі таулы Бадахшан мен оның астанасы Қала-и зафар болатын. Әмір Темір ұрпақтарының асуы киын таулар ортасындағы иелігі болған осы шаһар — Қала-и зафар , яғни Жеңіс қаласы деп тектен-текке аталмаған-ды. Соңғы жылдары ол Сұлтан Махмұт мырзаның Хан мырза, кейде бірак Мырза хан деп те аталып кеткен. 9жасар Хайдар мырза, сөйтіп жауға оңай алдыра қоймайтын.
Қала-и зафар қамалына 1508 жылдың соңғы айларында келген. Содан мұнда ол 1509 жылдың қарашасына дейін болған. Хайдар мырзаның мұнда өткізген кезеңі жайлы әлі-әзір қолымызда деректер жоқ. Оның мұнда бір жылға жетпей-ак тағы да өзге мекен іздей бастауының да себебін білмейміз. Жау кай жақта’ деп елеңдеумен күндері өтті ме, кім білсін?! Ақыры ол Кабулдағы бөлесі Бабырға кетеді.
КАБУЛ.. 1509—1512 ЖЫЛДАР.
Арып, ашып жол азабын көріп барған Хайдар мырзаны Бабыр жақсы қарсы алған.Бауырына басып жас мырзаның басынан сипап, бетінен сүйіп өз баласындай көрген еді. Әйтпесе Бабырдың өзі де қиын жағдайды бастан кешіп жатқан-ды. Қабулға келіп коныстанғанымен іштен шыққан дұшпандары мен ізіне түскен жауларының оны жан-жақтан аңталап тұрған кезі болатын. Соған қарамай, Бабыр жас бөлесіне қолынан келген жақсылығын аямаған. Кейінірек Бабыр ол жайлы: Жүніс ханның үшінші қызы — Хуб Нигар ханым. Оны Мұхаммед Хұсайын… Дулатқа атастырған. Одан ол бір қыз, бір ұл көтерді. Қызын Убайд хан (Убайдаллаһ хан,,Мұхаммед Шайбанидың немере інісі, 1539 ж. қ. б.— Ә. Д.) алды..Мен Бұхара мен Самарқанды басып алғанымда, ол орнын ауыстырмай сонда қалды. Оның немере ағасы Сейіт Мухаммед мырза маған Саид ханнан елші болып, Самарқанға келгенде, ол соған еріп кетті. Кейін оған сұлтан Сайд хан үйленді.
. Осы ретте айта кететін жайт— Бабырдың ол жайлы: байсалды азамат болып жақсы жолға түсіпті деп естідім деген жолдарында бір сыр бар сияқты. Хайдар мырза туралы оның бұлай жазуына не себеп болды? Оған жауап беру үшін сәл шегініс жасау керек сияқты.
Балалық шағының өзінде-ақ өліспей беріспес айқас, тақ үшін таластың талайын көрген Хайдарды ешқандай да соғыс, еш қандай да майдан шошыта алмаған еді. Кабулға келген соң ол Бабырмен бірге талай жорықтарға қатысып, жас та болса етікпенен саз кешіп, ауыздықпен су ішкен күндер мен түндерді өткізді. Сөйтіп жүргенде ол сарай адамдарының бірінен әкесі Мухаммед Хұсайын Дулати мен Бабыр арасында тап осы Кабулда 1506—1507 жылдар арасында болған жайсыз оқиға туралы естіген сияқты. Оқиға былай болып еді. Ташкентті Шайбани басып алған соң Мұхаммед Хұсайын Қаратегіндегі Хұсрау шаһқа (?-1504) қашады. Одан әрі ол 1506—1507 жылдар шамасында Қабулға келеді. Бірақ шайтан түртті ме, кім білсін, Бабыр хазарлықтарды шабуға кетқенде, біреулердің азғыруынамақ астанасы Сринагарға кештеу жететін. Халқы егін жэне мал шаруашылығымен-айналысқан. Бұл жағынан да ол Орта Азия, халқының тіршілік тынысына ұксап кететін.
Һұмаюн мемлекет тізгінінен ажырап, үкімет басына Шерхан келгелі Кашмир уалайаты басшырыз қалып,жергілікті әкімдер халықты тонап, езе бастап еді. Елде тәртіпсіздік орнады.Сол себепті де Кашмир халқы өздері бұрыннан білетін Хайдар мырзаға қарсылық көрсетпеді. Тарихшылардың көпшілігі Хайдар мырза Кашмирді өзінің туа бітті мәмлегерлік қасиет, парасаттылығы мен алғырлығының арқасында бір оқ та шығармай өзіне қаратқанын айтады. Әрине, Хайдар мырзаның Кашмирді
алуына һұмаюн берген әскер косындарының да әсері болмай қойған жоқ. Сөйткен бабамыз 1540 жылдың қараша айында Сринагар қаласына келіп туын тікті. Соңыра ол өзінен Кашмир өлкесін тартып алу үшін Шерхан жіберген Қажы шаһ әскерін талқандап, жағдайын одан әрі нығайтып, жақсарта түсті.
Хайдар мырза Кашмирді 10-11жыл билеген. Ол өзіне қараған қалалар мен қоныстардың әл-ауқатын көтеріп, жолдарын жақсартты. Әдебиет пен мәдениеттің өркендеуіне жағдай жасады. Кашмир өлкесін гүлдендіріп абат баққа айналдыру ойымен талай жерлерге өкілдерін аттандырып, қолынан іс келетіндерді өзіне шақырды. Бірте-бірте ол Тибетті де өз иелігіне қосы алды.
1556 жылдан бастап Үндістанның тізгіні һұмаюнның ұлы Акбарға (1537-—1605) тигенде оның кеңесшісі, әрі досы болған Әбу-л-Фазл Әллами (1551-1602) атты тарихшы өзінің Акбар нама атты еңбегінде Кашмирді билеген Хайдар мырзаға да бірнеше бет арнаған.
Үнді тарихшысы Хайдар мырза үлкен бір қателік жасады. Өзі патша болып тұрса да, ол Нәзік шаһ атынан хұтпа оқып, оның аты жазылған теңгелер соқтыра берді ,-дейді. Яғни Әбу-л-Фазл Әллами өзі патша болған -соң Хайдар мырзаның өз атынан хұтпа оқып, өз атынан ғана теңгелер соқтыруы керек еді. Бірақ олай етпей, уақытша отырған, уақытша билік құрған кісінің тіршілігін істеді дегісі келетін сияқты.
Әллами Хайдар мырзаның өмірінің соңғы кездері жайлы да біршама деректер қалдырған. Оның айтуынша сарай төңірегіндегі арамзалар ақкөңіл де кеңпейіл, жомарт та мәрт Хайдар мырзаны алдап соғып, сатқындық жасаған.
Әллами сондай-ақ Хайдар мырзаны бейқам өмір сүрді, кісіге сенгіш еді деп жазғырады. Жаулары Хайдар мырзаны алдап, серігі Қара Баһадурды әскерінің бір бөлігімен Тибет пен Ауғанстанға жіберткізеді. Әміршінің іс басқарушысы Қожа кажы мен сарай күзетіндегі әскер басыларын пәрелеп, Хайдар мырзаға айдап салады. Сөйткен олар бірде Сринагар мен Хирапур аралығындағы Ханпур маңыңда Хайдар мырзаға кенет шабуыл жасайды. Хайдар мырза көтерілісшілердің көсемі Қожа қажыдан олар тұтқындаған Қара баһадурды босатуды талап етіп тұрғанда Камал Дуби деген сатқынның қолынан қаза табады. Қейбір деректерге қарағанда Хайдар мырзаны күтушілерінің бірі уланған жебемен атқан. Ол содан қаза тапқан. Хайдар Мырза Дулати сөйтіп 1551 жылы 52-ге қараған шағында қапыда қазаға ұшырайды. І
Мухаммед Қасым һиндушаһ Астрабади (XVI f.), Мухаммед Ағзам (XVIII ғ.), Мухаммед Уәли (XVII ғ.), Сайф Челеби (XVI ғ.) және т. б. үнді, парсы, түрік тарихшылары Хайдар мырзаның жақсы дипломат, шешен, ойшыл, не істесе де ақылмен шешетін, өмірге, өнерге үлкен ой, терең парасатпен қараған мәдениетті де білімді адам болғанын жазады. Әбд ар-Рашидтен көп жәбір көрсе де, ол жауықпай, оған қолынан келгенінше жақсылық істеуге тырысқан. Тіпті өзінің атақты шығармасы Тарихи Рашидиді де соған арнаған. Саид ханнан көп нәрсе үйрендім, ал өзім тәрбиелеген Әбд ар-Рашидтен көп жәбір көрдім деп жазады ол өз еңбегінде. Сөйтсе де Хайдар мырза ,оған ешқандай жаманшылық тілемепті. Туған-әкесіндей мәпеле-ген Саид ханның рухы үшін ол өз шығармасын оның баласына арнаған. Бұдан асқан адамгершілік, бұдан асқан кешірімділік, будан өткен кішіпейілділік жоқ-ақ шығар. Осы бір жәйттің өзі-ақ Хайдар мырзаның бүкіл болмысын ашып, оның үлкен жүректі азамат екендігін анық керсетіп тұр.
Хайдар мырза белгілі бектің отбасында дүниеге келіп, Бабыр, Саид хан секілді өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу адамдарының сарайында тұрғандыктан да өз кезі, өз заманы үшін жақсы білім алған. Оның түркі тілінен баска араб, парсы, тілдерін де білгендігінде дау жоқ. Ол өзіне дейін ғұмыр кешкен мұсылман ғалымдары мен шежірешілері,ақындары мен сөз зергерлері шығармаларын зердесіне жете тоқыған.Сондай- ақ оның тарих ғылымы һәм әдебиетпен де айналысуына белгілі бір шамада бөлесі Захир ад-Дин Мухаммед Бабыр еңбектері де әсер еткен.
Жоғарыда біз Мухаммед Хайдар Дулатидің 1540 жылы Кашмирге туын тігіп, көңіл жайлағаннан кейін сарайына өнердің талай саңлақтарын жинағанын айттық. Сөйткен дарын иесі көптен бері өзіне маза бермей, тынышын алып жүрген өз басынан өткен жайттар мен Моғол мемлекетінің шежіресін жазуға кіріседі. Ол ойын іске асыруға, жоғарыда айтылғандай, терең білімі көмектескен. Хайдар мырза көбінесе өз құлағымен естіген немесе өзі білетін, көзімен көрген оқиғаларды ғана хатқа түсірген. Оны ол Орта Азиядағы, сол кездегі сарай тілімен парсыша жазған. Еңбегін жазу үстінде ол сондай-ақ Қаршылық жерлесі Жамалдың Мулхақат ас-сурах ( ас-Сурах сөздігіне Қосымшалар ), Әла ад-Дин Ата Малик Жуайни (1226—1283) мен Рашид ад-Дин немесе Әмір Темірдің жорықтарын хаттаған шараф ад-Дин Әли Йаздидің Зафар намесіне ( Жеңіс нама ) сүйенген. Оның үстіне олардың көпшілігі Хайдар мырзадан бар болғаны екі жүз жылдардың ар жақ-бер жағында ғана өмір сүрген дарындар еді. Тарих- и-Рашидиді Хайдар мырза 1544—1546 жылдар шамасында Кашмирде жазған. Ол екі дәптерден, яғни екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде Мәуераннаһрдегі Шағатай әулеті құрған мемлекеттің XIV ғасыр ортасына таман бір жола ыдырап, екіге бөлінуі, Моғолстан деген атпен белгілі болған шығыс бөлігіне Жетісу, Тараз-Талас маңын мекендеген беделді де белгілі тайпа — дулаттардың күшімен дербес мемлекеттің негізі қаланғаны жайлы баяндайды.. 1348 жылы осы мемлекетке дулаттардың қолдауымен Тоғылық Темір (1330—1362) хан болады.
Дулаттар… Жетісудағы ең ірі түркі тайпаларының бірі болатын және едәуір жерді алып жататын. Дулаттардың шонжар үстем тобы XIV ғасырда Шығыс Түркістандағы отырықшы егіншілік жерлерге де иелік етті. Мырза Мухаммед Хайдар дулат руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз иелігін (иқта) XIII ғасырда-ақ алған деп жазады. Шағатай хан өз мемлекетін (ұлыстарға) бөлгенде, ол Өртебеге (Өрте Бараққа), әмір Полатшының атасына Маңлай Сүбені берді… Оның шығыс шекарасы Құсан — (Құша) мен Тарбүкір, батыс шекарасы — Шаш (Ташкент), Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уалайатына орналасқан; солтүстік шекарасы -Ыстық көл, ал оңтүсті-гінде Жарқан мен Сарыұйғыр. Әмір Полатшы билеген осы аталмыш жер Маңлай Сүбе деп аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше калалар болды. Олардың ішіндегі ең үлкендері Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Әндіжан, Аксу, Атбасы,Құсан.Осы қалалардың ішінен Әмір Полатшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды
Тарих и Рашидидің бірінші дәптерінде сөйтіп сол Тоғылық Темір ханнан бастап өзін Жаркенттен кетуге мәжбүр еткен Әбд ар-Рашид ханға дейінгі Моғолстанда екі ғасырға жуық уақыт арасында болған тарихи оқиғалар әңгімеленеді. Мысалы, Шағатай текті Шер Мухаммед хан (1415 қ .б.) мен Уәйіс ханның (?—1429) Моғолстанның тағы үшін болған қанды айқастары, Уәйіс ханның тілегіне жеткені, оның қалмақтармен болған сансыз соғыстары да баян етіледі.
Хайдар мырза жазбаларының ішіндегі ең қызықтысы — әрине, халқымыздың тарихына қатысты мағлұматтары. Ғалым нағашы атасы Жүніс хан мен Уәйіс ханның кенже ұлы Есейбураның (1418—1462) билікке таласар тұстарын сөз еткен. Дешті Қыпшақ әміршісі Әбілхайырдан көп қысым көрген Жәнібек хан мен Керей ханның одан бөлініп,Моғолстандағы Шу мен Қозыбасыға келуі, Есенбұғаның оларды жылы қарсы алуы, соңынан Әбілхайыр қайтыс болған соң оның ұлысынан үдере көшкен елдің, Жәнібек хан мен Керей ханға келіп қосылуы жайлы айтуды да автор ұмытпаған. Олардын, ұзын саны екі жүз мыңға жетті. Олар өзбек-қазақ деген атқа ие болды. Қазақ сұлтандарының билік құра бастауы 870 (1465) жылдан басталады. (Бірақ оны) Алла (бізден) артық біледі — деп жазады Хайдар мырза..
Сөйтіп, қазақ халқының тарих сахнасына көтерілген кезі 1465 жыл екенін Хайдар мырза шегелей көрсеткен. Одан әрі ол: содан қазақтар 940 (1533—34) жылға дейін Өзбекстанның (көшпелі өзбектер жөнінде айтып отыр — Ә. Д.) көпшілік бөлігін тұтастай биледі. Керей ханнан кейін Мұрыңдық хан болды. Сонан соң Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Ол өз билігін Дешті Қыпшаққа да жүргізді. Оның әскері миллионнан да көп еді. Жошы ханнан кейін бұл үйден одан қүшті хан шыққан емес. Қасымнан соң оның баласы Мамаш хан болды. Одан кейін Тақыр хан болды. Осы Тақыр хан тұсында қазақтар көп қиыншылықтарға ұшырады. Одан кейін оның бауыры Бұйдаш хан болды. Қысқаша айтқанда, Есенбұға ханнан бастап Рашид ханға дейінгі аралықта моғолдар мен қазақтар тату-тәтті, тыныштықта өмір сүрді, бірақ оны Рашид сұлтан бұзды деп жазады ол. Ол рас та еді. Өйткені Рашид сұлтан қазақтардан гөрі шайбандарға көп мойын бұрған, солардан одақ іздеген.
Сөйтіп, қазақ хандығының пайда болуы мен тыныс-тіршілігі, өмір сүрген ортасы һәм көршілерімен болған қарым-қатынасы жайлы Хайдар мырза секілді дәл ссылай жүйелі де нақтылы жазған қаламгерлер кемде-кем-ақ.Ғалым бабамыз сондай-ақ өз жазбаларында көп ретте әдеби тәсіл — шегініс жасауды да шебер пайдадана білген. Мысалы, ол Жүніс ханның тақ үшін таласта жеңіліске ұшырағаннан кейін Иран (жаққа кетуі, соңынан Моғолстанға оралған соң Мір Қажы кеншінің қызы Исан Дәулат бегімге үйленуі, Сырбойында Әбілхайырдың,ұлы Бұрыж оғланмен шайқасып, кейін Ташкентке келуі, шейх Жамалдың тұтқынына түсіп қалуы, бірақ арада бір жыл өткен соң дулаттардын шейх Жамалды өлтіріп, Жүніс ханды құтқаруы, оның Моғолстанға қайтып оралуы кино жолағындай рет-ретімен көз алдыңнан өте береді. Оның ара-арасында Хайдар мырза Жүніс ханнық үш қызының тұрмысқа шығуы, Әмір Темір ұрпақтарының өзара қақтырыстары жайлы да айтып өтеді. Одан кейінгі тарауларда Жүніс ханның ұлы Ахмет ханның өмірі, қалмақтардың шабуы, өзбек-қазақ мәселесі, мырза Әбу Бәкір Дулатимен болған соғысты сипаттауда да шеберлік таныта алған.
Хайдар мырза Сайд ханның өмірі мен жорықтарына да тарау арнаған. Ол не айтса да, қайсы тақырыпты сөз етсе де міндетті түрде баяндап отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіріп кетеді.
Сөйтіп, ол Моғолстанның хандары, дулаттан шыққан әмірлері мен бектері, онда өмір сүрген түркі тайпаларының, тыныс-тіршілігі, Әбілхайыр хан негізін салған Дешті Қыпшақ мемлекеті, ханның өзі және ұрпактарының Мәуераннаһрде, сондай-ақ казак хандары һәм сұлтандарымен жүргізген соғыстары жайлы тәптіштей баяндаған. Хайдар мырзаның бір ерекшелігі ол тек шындықты ғана жазады. Тарихшы ғалымдардың барлығы да Хайдар мырзаның осы бір қасиетіне ерекше мән береді.
Ал екінші дәптердің тарихи-мемуарлық сипаты бар. Мұңда ол өз өрмірбаянын тілге тиек еткен, әрі оны бірінші дәптерден бұрын туындатқан. Мұнда автор өзі көріп куәсі болған, басынан өткен немесе естіген жәйттар мен оқиғаларды қаз-калпында баяндаған.
Тарихи Рашиди ұзақ жылдар бойы колжазба күйінде калып келгендігіне қарамастан, тарихи деректердің нақтылығы, дәйектілігі, айқындылығы мен шынайылығына орай Үнді, Пәкістан, Ауғанстан, Иран һәм Орта Азияның ғана емес, сондай-ақ Ресей, Еуропа елдері ғалымдарының назарында аударумен келеді.
Шоқан Уалиханов (1835—1865) Хайдар мырза еңбегін зерделей оқып, құрметпен қараса, В. В. Вельяминов-Зернов (1830— 1904) Хайдар мырзанын қазақтар туралы деректеріне қатты мән бере келе: Мұхммед Хайдардың жазғандарының барлығы дерлік — жаңалық және мейлінше қызғылықты. Әңгімелері қай жағынан қарағанда да үйлесімді және жауапкершілігімен ерекшеленеді ,—дейді. Әрі ол бабамыздың жазбаларын өз зерттеулеріне молынан пайдаланған. Орта Азия мен Қазақстан тарихын кенінен зерттеген В. В. Бартольд те Хайдар мырзаның еңбегіне зор мән берген. Кеңес дәуірінде Тарихи Рашиди жайлы әр жылдары Ә. X. Марғұлаң, Н.Н. Мингулов, Т. И. Сұлтанов, Б.Қожабеков, өзбек оқымыстыларынан Р.Г.Мукминов,С. Ә. Әзімжанова, X. Хасанова және тағы басқаялардың үлкенді-кішілі зерттеулері жарияланды. Әлкей Марғұлан Хайдар мырзаны казақтың тұңғыш тарихшысы деп атаған. Тарихи Рашидидің кейбір үзінділері ағылшын, орыс қазақ тілдеріне аударылып жарияланғанымең, күні бүгінге дейін ол толық бас-па бетін көрген жоқ.
Мухаммед Хайдар Дулатиді бiз негізінен тарихшы ретінде танып, бағалап келдік. Солай бола тұрса да, оның ақын, болғанығы жайлы айтылғанымен, поэзиясы жайлы ешқандай нақтылы деректер жоқ. Сол себепті енді әңгіме арнасын осы мәселегебұрайық.
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі жылдардың бірінде башқұрт ғалымы Ахмет Заки Уәлиди бірде Берлин кітапханасының қолжазба қорынан Хайдар мырзаның жоғалдыға саналған Жнһан наме атты дастанын кездестірген. Оқи, зерделей келе ол дүниенің шынында да Хайдар мырзайык қаламынан туғанына көзі жетеді,
Молла Умар ибн Молла-Қажы деген кісі 1814 жылы көшірген Жиһан наме дастаны 125 беттен тұрады. Поэмада Illahcayap патшамен Жиһанбану ханымның Фирузшаһ атты жалғыз ұлы бірде түсінде елі мен жері түгілі тегі де белгісіз бір сұлуға ғашық болады. Жас шаһзада ол жайлы әкесінің уәзірі Сәлімніңбаласы Фируз-рейге айтады. Ғашықтық оты жүрегіне мұң байлаған Фирузшаһ аң аулап көңіл көтеріп жүреді, бірақ ғашығышн ұмыта алмай құса болады.
Сөйтіп жүргенде бірде жаһан түзде жайылып жүрген жалғыз киікті ұшыратады. Бірақ киік оны адастырып кетеді. Киікті қуып жүріп ол Гүлстани — Ирам бекінісінде тұратын Перизат атты ханшаға тап болады. Ол перілер елінің патшасы Тадж бахыт пен Маһру ханымның қызы екен. Арудық әкесі ұйықтап жатқан сұлуды қызықты аңыз, әңгімелер айтып уш рет оята алсан, саған берем ,— дейді. Фирузшаһқа қыз әкесінің талабын орындауға ұйықтап жатқан қыздың қасындағы патшаның тағы, шарап құйылған шөлмек, шамның пілтесі көмектеседі. Тақ әуелде Ніл алқабының талы болғанын, өткелектен өте келе таққа айналғанын әңгімелесе, Шәһзада оған керісінше бір кеспек ағаш қабығы жонылып, өзегінен ісмер ғалым, зергер және тігін-ші үшеуі сиқырлықпен керемет сұлу қыз бейнесін жасағанын айта келе, қыз сонда әлгі үшеуінін қайсысының үлесіне тиеді? —деп қарсы сұрақ қояды.
Кезек енді шарап құйылған шөлмекке келеді. О баста ол Дари мен Александр секілді басқыншы қолбасшылардың жолында жатқан Эльбрус тауының бір жартасы екен. Сонда ол өзінің қопарылып, тұрған жерінен әкетілгенін, қашалып, ақыры шарап құятын шөлмекке айналғанын, өзіне сұлу қыздық еріні тигенін баяндайды.
Сонда шаһзада оған жауап ретінде ғажайып сұлу қызды перінің ұрлап әкеткенін, оны төре, сарбаз және тастан түйін түйетін шебердін, құтқарғанын айта келе, қыз сонда солардық қайсысына тиесілі? —деп тағы бір сауалды ортаға тастайды.
Үшінші боп сөйлеген шам пілтесі де өз тарихын баян етеді.Әуелде ол жайылып жүрген қой екен. Сонан оны сойып, жүнінен ханшаның бөлмесін жарық ететін пілте жасапты.
Шәһзада оған да бір-біріне ғашық екі жастың хикаясын әңгімелей жөнеледі де, бір қатыгез қарақшы екеуінің басын шауыпиөлтіргенін,соңынан оларды тірілтемін деп әлек боп жүріп бір жолаушы олардың бастарын шатастырып алғанын айтады. Сонда сұлу қыз осы екі жігіттің қайсысына тиісті? —деп тағы да сауал қояды.
Шәһзада қойған уш сұраққа жауап беру үшін қыз үш рет оянуға мәжбүр болады. Сөйтіп ол патша қойған шартты толығынан орындап, ғашығына үйленген соң, қыз еліне досы Фирузрей де шақырылады. Той өткен соң ол қызды алып досымен бір-еліне кайтады. Әкесі өлген ссң таққа отырып патша болады. . Арада біраз жыл өткен соң әлгі сұлу қайтыс болады. Денесін перілер еліне әкетіп, ешкім білмейтін жерге апарып жерлейді.Аһ.ұрыпқайғыға бөленген Фирузшаһ мемлекет ісін тастап, торығуға түседі. Соңынан .баласы Фарух Сауарды нағашысына жіберіп, шешесінін, қай жерге жер-ленгенін.біліп келуді тапсырады. Бірақ одан ешнәрсе шықпайды: Фирузрей патшаға тақтан бас тартып, оны баласы Фарух Сауарға беруді ұсынады. Ол келіседі. Қайғыдан қан жұтқан патшаның сүлдесі қалады. Бірдекөңіл сергіту үшін ол аңға шығады. Киік оны ханым жерленген жерге әкеледі. Сол жерде Фирузшаһ такайтыс болады.
Дастанның қысқаша мазмұны осындай.
Ахмет Заки Уәлидің айтуйнша дастанның еш жерінде автордың аты аталмаған. Бірақ ол Жиһан. намедегі Алғысөз (2— 11-бетітер) мен Соңғы сөзге (121—125-беттер) қарап дастанды жазған Хайдар мырза ,екенін оп-оңай-ақ білуге болады дейді. Өйткені онда дастанның жазылған жылы мен дүниеге келуі жайлы айтылған екен. Соған қарағанда,— дейді Ахмет Заки Уәлиди,—дастанды жазған Хайдар мырзадан баска ешкім де емес. Дастанға Жиһан наме деп ат берген де Хайдар мырзаның нак өзі, әрі оны ол 1533 жылы аяқтаған.
Алғы сөз бен Соңғы сөзде Хайдар мырзаның өмірі жайлы да нақтылы деректер бар. Мысалы ол онда хан екеуінің Әндіжанға, сонан соң қалың қолмен Қашғарға жасаған жорығы,Әбу Бәкір мырзаны биліктен айырып, тақты тартып алуы, яғни қысқаша айтқанда, Тарихи Рашидидегі өз өмірі жайлы деректерді мұнда тағы да қайталаған. Сондай-ақ ол Жаркентке Бадахшанның арнаулы өкілдері келіп, елдің аласапыран күйге _ұшырағанын, егер хан бір әрекет жасамаса, өздері өзбектердің тепкісіне түсетіні туралы айтқанын еске алады.
Хан олардың. өтінішін құп алып, көп әскермен Бадахшанға аттанады. Алдыңғы шептегілерге Хайдар мырзаны басшы етеді. Автор «Бадахшанға қелген соң мұнда өзінің 19 жыл бұрын болғанын, бірақ қазір ескі достарынан ешкімді кездестірмегенін айтады. Сөйткен олар Бадахшанның бас қаласы Қали-и-Зафар-ды ( Жеңіс қаласын ) үш ай бойы қоршағанымен, ала алмайды. Осында өткен ұйқысыз түндері ол Жиһан наме дастанын туындатыпты.
Соңғы сөздегі 124-бетте ол дастанына өз басынан өткізген жайттарды да кіргізгені жайлы айтқан, яғни ондағы патшаның мемлекет ісін тастап, торығуға түсуі, ақыры тақтан бастартып, оны баласына беруге мәжбур болуы, соңынан жапан түзге кеткені туралы баяндаған тұстары шын мәнінде өмірден алынған. Осы ретте айта кетер жайт—Сайд хан Тибетке жорықты өз бетімен жасамаған. Оған оны баласы Әбд ар-Рашид мәжбүр еткен. Өйткені хан өмірінің соңғы жылдары ішкілікке салынып,мемлекет ісін босаңсытып, беделден айрыла бастайды. Хан сарайындағылардың өкімет билігі күндердің күнінде Әбд ар-Рашидке тиеді деген болжамына байланысты бірте-бірте жас ханзада сый-құрметке бөлене бастайды. Ақыры ол әкесін Тибетті шабуға жібереді. Сонан ол Жаркентке қайтып келе жатқан, жолда, жоғарыда айтылғандай, кенеттен қайтыс болады. .
Ахмет Зәки Уалиди Махмуд Газнауи патшаның (970—1030) кеңесшісі Аяз секілді (8-бет) Хайдар мырза да өзіне Аяз деген бүркеншік есім алғанын (124-бет) айтқан.
Дастанның құрылысы мен оқиғасы, авторлық баяндауларына қарап, Хайдар мырзаның мұсылман шығысы мен үнді әдебиетін де жақсы білгенін, одан үйреніп, тіпті кей тұстарда еліктегіндігін де байқау қиын емес. Ахмет Зәки Уәлиди Хайдар баба-мыздың поэзиясына жоғары баға бере келіп, шығарманың тілі қарапайым, баяндауы анық та айкын, қызық та шебер екендігіненазар аударады. Ақынның әсіресе Фирузшаһтың аңға шыққан кезін суреттейтін тұстарының ерекше әсерлі екенін айтады.
Хайдар мырзаның Жиһан намесін Берлин кітапханасынан алдырып, жарияласақ, бір ғанибет іс болар еді.
Міне қазақтың орта ғасырда өмір сүрген үлкен ойшылы, шебер мәмлегер, белгілі тарихшысы, ғалым-ақыны Мұхаммад Хайдар Дулати жайлы қолда бар деректерге сүйеніп айтылған ойлар осы. Хайдар мырза секілді ірі де күрделі тұлғаның өмір жолын толық аштық деп біз әсте де айта алмаймыз. Алдымызға, ондай мақсат та қойған жоқпыз. Тарихңи Рашиди мен Жиһан наме жарияланбай тұрып оның өмірі мен шығармашылығы жайлы егжей-тегжейлі айту мүмкін де емес.
Иә, сөйтіп Хайдар мырзаның тарихи тамаша мұрасына мұқият үңіліп, зерделей карап ол айтқан деректерді молынан пайдаланбайынша ұлы даланың сыры ашылмай, тарихымыз толымсыз күйде қала бермек.
1999 жылы Хайдар мырза Дулатидің туғанына 500 жыл толады. Сол себепті алыста қалған асыл бабаның шығармашылығын зерттеп, Тарихи Рашиди мен Жиһан намесін жинап, толық бастырып, бүгінгі ұрпақпен қауыштыру—кезек күттірмес келелі мәселе.
Мұхаммед Хайдардың өмірі мен шығармашылығын орта мектеп пен жоғары оқу орындарының тарих пен әдебиетке қатысты пәндеріне жеке тарау ретінде болса да кіргізе беру керек-ақ. Алматыдағы үлкен көшелердің біріне ғалымның атын беріп, оған ескерткіш қойылса да артық емес. Тарих пен филология, шығыстану факультеті студенттеріне арнап Мухаммед Хайдар Дулати атындағы стипендиялар тағайындау да қажет. Хайдар мырзаның мүшел тойы қарсақында деректі фильм түсіріп, халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізуді де жоспарлау керек.