Инновациялық кәсіпкерлік – шындық пен мүмкін жағдайдың аралығындағы үлеспеушіліктерді (мәселелерді) шешуімен байланысты, өнім мен қызмет түрінде жаңа ойды нарыққа дейін жеткізуге арналған, экономикалық пайда алуға бағытталған мақсатталған қызмет. Осы процесс Қазақстанның жағдайында екі жорамалмен түсіндіріледі. Бірінші жорамал бойынша, осы процестің негізінде технологиялық қозғау салу жатыр, ал екінші бойынша — нарық сұранысын қысымы жатыр.
Кәсіпкерлікте, соның ішінде инновациялық та, ерекше экономикалық субъекттің – нарық экономикасымен байланысты кәсіпкердің, өзгеше қызметін білдіретін, оқиғамен байланысты қиын экономикалық мазмұн бар. Осымен байланысты кәсіпкершіліктің өзі қайта өндіру, тауар мен капитал айналу, өндірістік қорларын беру процестеріне келтіретін нарық экономика элементі ретінде алға шығады. Нарық құрылымының элементі бола тұра, кәсіпкершілік нарықтық жүйе жағынан ықпалын көреді, нарық экономикасының заңдарына бағынады. Ол ұлттық экономикасына өсімділік пен тұрақтылық келтіріп, оның жағдайы мен жұмыс істеуіне әсер етеді.
Демек, кәсіпкерлік – экономикалық жүйесін қайта өндіру процесін ұйымдастыратын, оған жағдай жасайтын фактор.
Инновациялық кәсіпкерлік қызметі – ертеде пайдаланбаған коммерциялы нәтижелі қорларды өндіріске еліктіру арқасында ұлттық байлықтың көбеюін мойындайтын нарық экономикасы мен мемлекеттердің экономикалық дамуының маңызды факторы.
Инновациялық қызмет кәсіпкерлік құрылымдардың әрекетінде өндіріс нәтижесін көтерудің негізгі факторы болып табылады.
Аграрлық-шикізат экономикасымен және ерте индустрияландыру сатысында жатқан елдердің экономикалық дамуы үшін қолданалатын және жеңіл қолайлы қорларды, басқармалы мамандықты, техникалық білімді, шеттен алған технологияны пайдалануында негізделген иммитациялық инновациялық кәсіпкерлігі ерекше маңызды.
Инновациялық кәсіпкерлікке көзқарастардың өрістеулерін қарайық.
Инновациялық кәсіпкерлікке көзқарастардың өрістеулері:
1) 1969 – Й.Шумпетер АҚШ: Инновациялық кәсіпкерлік – бұл келесі жағдайларда жаңа қиыстыруды жаңа субъектілермен жүзеге асыру: жаңа тауар, өндірістің жаңа тәсілін енгізу, жаңа нарық ашу, шикізаттың жаңа қайнарын басып алу, жаңа ұйым өткізу, немесе нарыққа инновацияны жылжыту бойынша сирек кездесетін қабілет ретінде;
2) 1985 – П. Друкер АҚШ: кәсіпкершілікті инновацияны тапқырлықтың ерекше аспабы , қорларға байлықты жасауына жаңа мүмкіндік беретін әрекет ретінде енгізу көзқарасы бойынша қарайды;
3) 1967 – Ф. Фон Хайек Англия – Кәсіпкерлік жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздеумен және зерттеумен байланысты;
4) 1967 – Ж.Б.Сэй АҚШ: Кәсіпкерлік – бұл қорларды беруінің өзгеруі немесе қазіргі нарық ұғымдарында – тұтынушымен пайдаланатын қорлардан алатын құндылық пен қанағаттанушылықтағы өзгерістер;
5) 1964 – Р.Кантильон АҚШ: Инновациялық кәсіпкерлік – қаржы, өз ойын, дағдыны білуін жұмылдыру бойынша жоғары пайда алу үшін оларды тәуекелді кәсіпорындарға салу мақсатымен барлық экономикалық субъектілердің қызметі;
6) 1998 – В.Э.Эмрахов Ресей: Инновациялық кәсіпкерлік – техникалық-технологиялық жаңалықтарды жасау және саудалық пайдалануының процесі.
Кәсіпкерлік қызмет — ертеде пайдаланбаған саудалы нәтижелі қорларды өндіріске қатыстыру арқасында ұлттық байлықты көбейтетін нарық экономикасымен мемлекеттердің экономикалық дамуының маңызды факторы.
Кәсіпкерліктің экономикалық қызметтерін, яғни бәсекелік күрес жағдайында кәсіпкерлермен шаруашылық ісін жүзеге асырғанда оның сапаларының көріну түрлерін айқындауын Й.Шумпетер жүзеге асырды және оларға келесі қызметтерін жатқызды:
1) жаңа, тұтынушыларға белгісіз игіліктерді жасау немесе игіліктің жаңа сапасын шығару;
2) жаңа ғылыми жаңалық ашу негізінде жатуы міндетті емес тиісті тауарды сауда пайдаланудың жаңа тәсілінде құруға мүмкінді, өнеркәсіптің осы саласына өндірістің әлі белгіссіз жаңа тәсілін еңгізу;
3) жаңа сату нарығын, яғни осы күнге дейін бұл елде өнеркәсіптің осы саласы әлі көрсетілмеген нарығын меңгеру;
4) осы көз бұрын болғандығына, оған назар аударылмағандығына не оны әлі шығару керектігіне қарамастан шикізат немесе жартылай фабрикаттардың жаңа көзін алу;
5) тиісті қайта ұйымдастыруын өткізу, мысалы монопольді жағдайын қамтамасыз ету немесе басқа кәсіпорынның монопольді жағдайын жою.
Ішкі тәртіптің қызметтеріне келесі жатады:
1. Келесі операциялардан тұратын өндірістің ұйымдастыруы:
— экономикалық жағдайын бағалау;
— қызмет жоспарын жасау;
— әкімшілік басқаруын ұйымдастыру;
— жоспардың орындалуын бақылау.
2. Тәуекелділікті өзіне алу. Кәсіпкер – қауіп төндіретін адам: ол сұранысын болжап шешетін нарық үшін жасап шығарады. Онда өз өнімнің сатылуы туралы ешқандай сенімі жоқ; оның олжасы таза пайдасымен білінеді; оның қателіктері, жеткіліксіз белсенділігі немесе қабілетсіздігі шығындармен немесе күйреумен жазаланады. Бірақ тәуекел кәсіпорынның концепциясымен және өндірістік жоспарды жасауы мен оны орындауымен тоқталуы мүмкін.
3. Өктем қызметтерін орындау. Кәсіпкер — өндірістік бірліктің басшысы, яғни оның қол астында жұмыс істейтіндерді мәжбүр ете алады және кәсіпкердің оларға ықпал жасауы қайтымсыз. Ұйымдастырудың қай түрінде де басшының бірінші және ажыратылмайтын міндеттемесі, ол басқалар сияқты жұмыскер болғандығында.
Кәсіпкерліктің қызметтерін зерттегенде, біз оларды 1-ші суретте көрсетіп, келесі түрде белгілеуге талаптанып көреміз.
Кәсіпкерлік қызметтің түрлерін топтастыруы түрліше жүзеге асырылуы мүмкін. Қайта өндіру кезеңдермен байланысты кәсіпкерлік түрлері болып табылатын келесілер:
-өндірістік кәсіпкерлік қызметі;
-қаржылық кәсіпкерлік;
-сауда кәсіпкерлік (сауда – сатып алу қызметі, сауда, жабдықтау – сату қызметі);
— тұрмыстық кәсіпкерлік;
-әлеуметтік-мәдениет, медициналық және саудалық қызметтер салаларындағы кәсіпкерлік.