Қаржылық тұрақтылығын бағалау мен талдау туралы қазақша реферат
Қаржылық тұрақтылығы бұл тәуекелдердің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.
Қаржылық тұрақтылықтың мәні бұл қорлар мен шығындардың қалыптастыру көздерінен қамтамасыз етілу.
Нарық жағдыйында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен және тағы басқалар мен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық- техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік жағдайды жақсартуға және басқаруға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. Қаржылық тұрақтылық- бұл табыстардың шығындардан асу тұрақтылығы, оларды жүзеге асыру тиімділігі жолымен кәсіпорынның ақша қаражаттарын еркін қолдану. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы қаржылық коэффициенттер жүйесімен сипатталады. Бұл коэффициенттердің талдауы оларды өткен жолмен салыстырғанда және олардың динамикасын оқуда қорытынды қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын көрсеткіштің ең бір маңыздысы мынадай коэффициенттік көрсеткіштер табылады:
1 Тәуекелдік коэффициенті (меншіктік коэф.)- ол кәсіпорынның қызметін жүзеге асыру үшін авансталған барлық қаржылардың жалпы сомасы меншіктік қаржыларға үлесін көрсетеді. Ол кредиторларды қызықтырады. Бұл коэффициенттердің өсуі кәсіпорынның тәуелсіздігінің ұлғаюы туралы куәландырады және барлық.
2. Міндеттемелер меншікті қаражаттармен жабылу мүмкін. Бұл коэффициентің теориялық мәні (0,5-0,6)-тең.
3. Тәуелділік коэффициенті- бұл тартылған қаражаттардың барлық авансталған капиталға үлесін сипаттайды. Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болса, оларды бақылайтын менеджерлердің де емес, меншікті компаниялардың да емес сыртқы қысымына ұруының потенциялды тәуекелділігі жоғары болады. Мынаны есте сақтаған жөн: тартылған капитал бойынша төленетін үрді бұл компаниялардың пайда зиянының жоғары болса, шығындарды соғұрлым жоғары болады.
4. Тартылған немес меншікті қаражаттардың сәйкестілік коэффициенті- бұл меншік қаражаттардың активіне салынған бір теңге кәсіпорынның қанша тартылған қаражат келетінен көрсетіледі.1:2
Бұл коэффициент тәжірибеде өте тұрақсыз. Себебі, берілген коэффициент есептеуде ағымдағы активтердің, тауарлық материалдық қорлар, дебиторлық қарыздар айналым жылдамдығын толығырақ анықтаған жөн. Ағымдағы активтер мен дебиторлық қарыздардың жоғарлауы айналымдағы кезінде бұл коэффициенттер бірден асуы мүмкін.
5.Қаржыландыру коэффициенті- бұл меншікті және тартылған капиталдың қатынасын сипаттайды, активтердің қай бөлігі меншік қаражаттарының есебінен қаржыланатыны көрсетіледі.
6. Инвестициялау коэффициенті –бұл қандай деңгейде меншік қаражаты негізгі капиталды жабатынын көрсетеді (Қ>1).
7. Маневрлеу коэффициенті – бұл осы қаражаттардың еркін қолдануды үлкен немесе кіші рұқсат ететін мобильдік активтерге меншік қаражаттарының қай бөлігі салынғанын көрсетеді. Бұл коэффициенттің төменгі мәні қйын өтетін иммобильденген есептердің құндылығында меншік қаражаттардың белгілі бір бөлігі бекітілгенін көрсетеді. (>1=0,5).
8.Қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті =ұзақ мерзімді міндеттемелер (меншік капитал+ ұзақ мерзімді міндеттемелер).
Кесте -12
Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-нің қаржылық тұрақтылығы.
Көрсеткіштер
Формула
Теориялық мәні
2005
2006
Тәуелсіздік коэффициент
Меншік капитал
жиынтық капитал
0,5-0,6
0,2
0,7
Тәуелді коэффициент
Тартылған капитал жиынтық капитал
0,4-0,5
0,7
0,3
Қарыз қаражаты мен меншік капиталдың қатынас коэффициент
Қарыз қаражат меншік капитал
1:2
3,2
0,3
Қаржыландыру коэффициент
Меншік капитал тартылған капитал
2:1
0,3
3,1
Инвестициялау коэффициент
Меншік капитал негізгі капитал
>1
1,0
0,97
-нверлеу коэффициент
ТАК меншік капитал
0,5
0,02
-0,02
Қаржылық тұрақтылық коэффициент
(Меншік капитал ұзақ мерзімді міндет)
~1
—
—
Қарыз қаражаттарын мерзімге тарту коэффициент
Ұзақ мерзімді міндет (меншік капитал+ұзақ мерзімді міндет)
—
—
—
Активтердің толық құнды ТАК капиталдағы үлес салмағы
ТАК жиынтық капитал
0,3
0,007
-0,02
Қаржыландыру мен мен- өздерінің қорлар мен –ды қамтамасыыз ету коэффициент
ТАК ағымдағы активтер
>0,6-0,8
0,009
-0,05
Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-нің қаржылық тұрақтылығын талдау кезінде тәуекелсіздік коэффициенті 0,2 және 0,7 көрсетті. Бұл өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуекелділігі жоғары екендігін көрсете, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Ал тәуелділік коэффициенті авансталған капиталдың жалпы соммасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарлайды. Біздің құрылыс басқармамызда оның деңгейі жолдың басында 0,7 ал жыл соңында 0,3 болды. Бұл көрсеткіш бойынша қаржылық тәуекелділігін жоғалтты деп айтуға болмайды. Жылдың басында және аяғында тәуекелділік коэффициенті оның қалыпты мәніне айтарлықтай жоғары.
Келесі, басқарманың қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Бұл көрсеткіш жыл басында 0,3 ал, жыл соңында 3,1 болды. Басқарма мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан , төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қарастырылған капиталдың меншікті капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті. Біздің талдау бойынша бұл көрсеткіш жыл басында 3,2 жыл соңында 0,3. Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 3 теңге тартқанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншік салымдарының әрбір теңгесіне 3 тиынға дейін азайған. Егер оының мәні 1-ден асып кетсе, онда басқарманың қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар коэффициенті салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да басқарманың қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Басқрманың ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінң мәніменшектелуі қажет.
Басқарманың тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы капиталдағы үлесін сипаттайды. Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеу қауіпті. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады.
Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлақ негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Басқарманың капиталын пайдалану туралы тағы бір қызық ой-меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары ¼- ұзақ мерзімді қарыздар есебінен ¾- қысқа мерзімді қарыздар есебінен қалыптасуы керек.
Талдау бойынша қаржылық тұрақтылықтың коэффициенттері теориялық мәндерінен ауытқуы болашақта қаржылық тұрақтылықты сақтауға назар аудару керек екендігін көріп отырмыз. Осымен Серіктестік өзінің қызметін жақсарту үшін жаңа жаңалық жетістіктерді алмастыру қажет болады. Қаржылық тұрақтылықты ондай нашар деуге болмайды. Барлық қаржылық коэффициенттерді Халықаралық стандарттар бойынша төртке бөледі:
1.Өтімділік және төлем қабілеттілік коэффициенті.
2.Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.
3.Іскерлік активтілік коэффициенттер.
4.Рентабельділік (тиімділік) көрсеткіштер.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі ретінде қабылданады, ол деген сөз ұзақ мерзімді айналымдағы қаржы көздерінің қамтамасыз етілгендігін сездіреді.
Кез-келген кәсіпорын төлем қабілеті 0-1 арасында болады. Егер х<1 болса, ол дегеніміз кәсіпорын қаржылық қиындықты көріп отырғандығы. Кез келген кәсіпорынның қаржы қиындықтарының себептеріне өндіріс және өнімді өткізу бойынша бизнес жоспардың орындалмауы, өзіндік құнының өсуі, өндірістік құралдардың жетіспеуі, салық салудың жоғары пайызды айналым капиталының дұрыс емес құралдарын жатқызуға болады. Төлем қабілеті коэффициентін есептеген кезде барлық активтер келесі топтарға бөлінеді:
-ақша қаражаттары;
-қысқа мерзімді қаржылық салымдар;
-тауарлар және жайын өні;