Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді бюджеттен қаражаттандыру және оларды пайдалануын бақылау туралы қазақша реферат
Республикалық бюджеттiң қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен мемлекеттiк қызметшiнiң шетелде бiлiктiлiгiн арттыру.
Уәкiлеттi орган шетелде бiлiктiлiктi арттыру туралы ақпаратты мемлекеттік органдар олардың қызмет ерекшелiгiне сәйкес жолдайды. Мемлекеттiк органдар үмiткерлердi алғашқы iрiктеудi қабылдаушы тараптың өлшемдерiн нақты айқындай отырып ашық конкурстық негізде жүргiзедi.
Үмiткер конкурсқа қатысу үшiн уәкiлеттi органға:
1) арызын;
2) үміткерді қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы бар лауазымды тұлғаның (мемлекеттік орган басшысының, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның, ал орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе көрсетілген лауазымды тұлға болмаған жағдайда — орталық атқарушы орган басшысының) ұсынысын;
3) атқарған қызметтерi тiзiмiн;
4) шетелдiк серiктестердiң талаптары бойынша басқа да құжаттар жiбередi.
Үмiткерлердi iрiктеудi уәкiлетті орган дербес құрамын белгiлейтiн конкурстық комиссия жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнің, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің, академиясының
Жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн шетелде арттыру бағдарламаларының тiзбесiн облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi бекітiлген республикалық тiзбеге сәйкес бекiтедi.
Жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен шетелге бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiлетiн мемлекеттік қызметшiлердi конкурстық iрiктеудi дербес құрамын облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкiмдерi бекiтетiн конкурстық комиссия жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның құрамына уәкiлетті органның аумақтық бөлiмшелерiнің, сондай-ақ жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын өзге де органдардың өкiлдерi кiредi.
Мемлекеттік қызметшiлердің шетелде өзге де қаражаттар есебiнен бiлiктiлiгiн арттыру
Мемлекеттік қызметшiлердiң шетелдегi оқуын төлеу үшiн халықаралық ұйымдар немесе шетелдік мемлекеттер үкiметтерi гранттар немесе техникалық көмек не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы тыйым салмайтын өзге де қаражаттар бөлген жағдайда, мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган бекiткен Ережеге сәйкес ашық конкурстық негiзде үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асырады.
Егер мемлекеттiк қызметшi өз қаражаты есебiнен немесе жекеше тәртiппен ұсынылған стипендия есебiнен шетелге оқуға кететiн жағдайда (соның iшiнде тiл үйрену үшiн), оған ақысыз еңбек демалысы берiлуi мүмкiн.
Мемлекеттік қызметтің сандық есебі
Кесте1.
2011 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша республика бойынша мемлекеттік лауазымдардың саны
90 923
Нақты саны
87 358
Саяси мемлекеттік қызметшілер
3 125
2011 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша республика бойынша мемлекеттік лауазымдардың штаттық саны 90 923 бірлікті, нақты саны 87 358 бірлікті құрайды, оның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілер 3 125 адамды (штат бойынша – 3179) құрайды.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту нәтижелері
2011 жылы 1 шілдеге қарай Академияда: біліктілікті арттыру мәселесі бойынша 21 семинарлар, қайта даярлау мәселесі бойынша 8 семинарлар өткізілді. Барлығы 942 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды, оның ішінде: 286 мемлекеттік қызметші орталық мемлекеттік органдардан,402 – жергілікті атқарушы органдардан.Академияда 254 мемлекеттік қызметші қайта даярлаудан өтті, оның ішінде: басшы лауазымға тағайындалғандар – 105 адам, алғаш қабылданғандар –149 адам.
Академияда 688 мемлекеттік қызметші қайта даярлаудан өтті, оның ішінде: 286 – орталық мемлекеттік органдардан, 402 – жергілікті атқарушы органдардан.
2010 жылы Өңірлік оқыту орталықтарда 362 оқыту семинарлары болды, оның ішінде: 86 – қайта даярлау курстарында, 276 – біліктілікті арттыру курстарында, онда – 2 051 және 6 454 адам оқытылды. Есепті кезеңдеАгенттікке 46 білім ұйымдардан 269 білім бағдарлама келісуге түсті, оның ішінде 160 бағдарлама келісілді, 109 бағдарлама қайта жасауғақайтарылды.
Осылайша, 2011 жылдың 1 шілдесіне қарай 9 841 мемлекеттік қызметші оқытылды.
Кесте2.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары
Санаты
мин
макс
Санаты
мин
макс
С4
118 517
160 158
C-O-4
84 563
114 032
С5
106 345
143 501
C-O-5
64 063
86 485
С6
64 063
108 267
C-O-6
51 251
78 157
С-0-1
140 298
189 627
C-R-5
44 844
67 907
C-4 санаты үшін: білімі — жоғары кәсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда (бакалавриат) бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда төрт жылдан кем емес, оның ішінде екі жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (магистратура) аяқтауы.
C-5 санаты үшін: білімі — жоғары кәсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (бакалавриат) аяқтауы.
C-6 санаты үшін: білімі — жоғары кәсіптік;
C-O-1 санаты үшін: білімі — жоғары кәсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда (магистратура, бакалавриат) бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда бес жылдан кем емес, оның ішінде екі жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы.
C-O-4 санаты үшін: білімі — жоғары кәсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (бакалавриат) аяқтауы.
C-O-5 санаты үшін: білімі — жоғары кәсіптік. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Кесте 3.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2009-2013жж. арналған бюжеттік жоспары
Өлшем бірлігі.
Есепті жыл
2009 ж
Ағымдағы жылдың жоспары
2010 ж
Жоспарлы кезен
Шығын бойынша ескерту
2011
жыл
2012
жыл
2013
жыл
1
2
3
4
5
6
7
9
Барлық бюджеттік шығыстар;
мың.тг.
2 215 317
1 728 911
1 983 826
2 135 018
2 158 595
Ағымдағы бюджеттік шығыстар;
мың.тг
2 215 317
1 728 911
1 983 826
2 135 018
2 158 595
001. Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
мың
тенге.
466 583
542459
617728
685391
694746
002. Республиканың мемлекеттік қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі қызметтер
мың тенге
87455
87455
94014
94014
94014
004. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
мың тенге
992463
1096492
1088975
1170648
1170648
003. Шетелдік оқытушыларды тарта отырып, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсету
мың
енге
94261
102460
111682
009. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің курделі шығыстары .
мың тенге
0,0
2505
13848
2505
2505
090. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін анықтау саласындағы әлеуметтанушылық зерттеулер
мың тенге
0
0
15000
15000
15000
011. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін анықтау саласындағы әлеуметтік зерттеулер жүргізу.
мың тенге
13040
0
0
0
0
050. Тәуелсіз сарапшылардың және үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) орталық мемлекеттік және атқарушы органдардың қызметі тиімділігін бағалауды жүргізу жөніндегі қызметтері
мың тенге
0
0
60000
65000
70000
Қазақстан Республикасында Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметке арналған жоспарлар құрылған, яғни жоспар барысында 2009-2013 жылдар аралығындар шығындарды есептеп, олардың дұрыс жоспарланып мақсатты түрде жұмсалынуын қадағалап отырады. 2011 жылды алып қарастырсақ барлық бюджеттік шығындар 1 983 826 құрап отыр, ал ағымдағы бюджеттік шығыстар 1 983 826 асады, сонымен қатар Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оларды іске асыру барысында 617728 мың теңге кетіп отыр, тағы сол сияқты Республиканың мемлекеттік қызмет кадрлерін тесттілеу жөніндегі қызметтерге жұмсалаған шығындар 94014ке жетті.Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жолдарында жұмсалаған қаражаттар көздері 1 0880 975 млн тг құрады, ал Шетелдік оқытушыларды тарта отырып қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша шығындар 102460 құрады.
Кесте 4
Мемлекеттік қызметтің білімге кеткен шығындары. 2011жылғы қортындылары.
1 183 236,0
1 183 236,0
895 000,0
1 183 236,0
895 000,0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi
1 183 236,0
1 183 236,0
895 000,0
1 183 236,0
895 000,0
Аѓымды баѓдарламалар
1 183 236,0
1 183 236,0
895 000,0
1 183 236,0
895 000,0
Шетелдік оқытушыларды тарта отырып, мемлекеттік қызметшілердіњ біліктілігін арттыру бойынша қызметтер кµрсету
94 261,0
94 261,0
45 000,0
94 261,0
45 000,0
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау жғне олардыњ біліктілігін арттыру
1 088 975,0
1 088 975,0
850 000,0
1 088 975,0
850 000,0
Басқалар
15 000,0
15 000,0
9 750,0
15 000,0
4 500,0
Шетелдік оқытушыларды тарта отырып мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсету кеткен шығындар 94 261 мың теңгені құрады. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру 1 088 975,0 млн тг құрады.
Ресми трансферттер 5,9 пайызды алып тұр, қорғаныс 11,1, әлеуметтік қамсыздандыру 12,3, көлік және коммуникация 5,5, ЖКХ 6,3, білім беру 22,4 мәдениет спорт туризм 6,8, басқалар 7, мелекеттік қызмет 9,2, денсауылық сақтау 13,3 пайызды құрап тұр.
Республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының лимиті бюджеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті органдармен ағымдағы және даму бюджеттік бағдарламалар үшін қалыптастырылады. Бюджеттің болжамдық көрсеткіштері , бюджет құралдарын пайдалануының басымдылық бағыттар көрсеткіштері, операциялық қалдық мөлшері, орташа мерзімді фискалдық саясатпен белгіленген көрсеткіштер және республика мен аймақтар дамуының орташа мерзімді жоспарларымен анықталған көрсеткіштер бюджет шығыстарының тимитін анықтау негіздері болады. Бұл лимиттерді, бюджеттік коммисияда қаралып бекітілгеннен кейін, бюджет жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар әрбір бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне жеткізеді.
Осыған сәйкес, бірақ тиісті әкімшілік аумақтарға арналған шығыстар бағыттары төмен тұрған бюджет деңгейлері бойынша да қалыптасады.Жергілікті бюджеттер шығыстарының қалыптастыру бюджет кодексімен, нормативті құқықтық актілермен және тиісті мәслихаттар шешімдерімен реттеледі. Биліктің жергілікті органдарына аумақтардың экономикалық және қаржылық базаларын пайдалану жөнінде өкілеттілік берілген.Әрбір бөлек әкімшілік аумақтарының экономикалық базасы ретінде жергілікті тұрғындардың әлеуметті экономикалық мұқтаждарын қамтамассыз ету үшін қажетті кірістер көздері болатын меншікті мүлік пен оларға берілген обьектілер саналады. Ал қаржылық база болып меншікті бюджеттік құралдармен жоғары тұрған бюджеттерден берілетін ресми трансферттерден қалыптасатын қаржылық ресурстар болып табылады.
Бюджет жүйесінің әрбір деңгейінің шығыстары құрамы мен қалыптасу әрекеттегі заңнамалық актілермен, тиісті аумақ бойынша қаржыландыруы қажет нақты обьектілер және олардың іс ірекетін қамтамассыз ету үшін қажетті шығындармен анықталады.