Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі туралы қазақша реферат
Ақша қаражатын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі – Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
1010 – Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша
1020 – Кассадағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары шоттарында жүргізіледі.
Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).
Ануар ЖШС кассасында наурыздың бірі күні төмендегідей шаруашылық операциялар жүргізілді.
Сальдо (қалдық) 01.03.06. – 600 000тг.
№
Күні
Операция мазмұны
Дебет
Кредит
Сома
1
01.03.06
ККО-1.Дүкеннен түскен түсім жазылады.
ҚҚС.
1010
1010
6010
3130
51200
8192
2
ККО-2.Чек №378510 бойынша
Бухгалтерлік есеп шоттарынан іс-сапар шығындары үшін ақша алынды.
1010
1040
98200
3
ШКО-3.Алимжановқа есебі берілетін материалдық құндылықтар алуға ақша берілді.
1250 2150
1010
57250
4
ШКО-4 Ахметовқа демалыс ақшасы берілді.
3350
1010
14000
5
ШКО-5. №6 төлем ведомосі бойынша жалақы берілді.
3350
1010
40000
6
ККО-3.Пайдаланылмаған есепті соманы Алимжановқа кассаға өткізді.
1010
1250 2150
500
7
ШКО-6.Рахимбековқа іс-сапар шығындары үшін ақша берілді.
1250 2150
1010
16700
8
ШКО-7.Әкімшілік шығындарына ақша берілді.
7210
1010
110500
9
ШКО-8.Материалдың бағасы төленді.
1310
1010
7300
10
ККО-4.Акционерлер өз үлестерін ақшалай төледі.
1010
5020
100000
600000+249900-245750=604150тг.
Сальдо (қалдық) 02.03.06. – 604150тг.
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир Төлем таңбаларын анықтау тәртібін басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады. Толтырылған кассалық кіріс ордері қосымшада келтіріліп отыр.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені жазумен, тиынды сандармен көрсетеді. Толтырылған кассалық шығыс ордеріқосымшада көрсетілген.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іс-сапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі, егер ақша қаражаттарын нысаналы мақсаты туралы директерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырған күні, номері мен сомасы көрсетіледі.
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарында; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша
құжаттарға штамп басылады немесе жазу мен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып Алынды немесе Төленді деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир касса кітабында (ү.№КО-4) жүргізеді, ол нөмерленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады. Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызық пен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан ( Басталған күніне дейінгі қалдығы деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойған кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен көлбеу жазуды одан әру жалғастырылады.
Есеп бланкасы операциялар аяқталғанаға дейін бір күн бойы жыртылмайды. Соның ішінде жалақыға деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы (кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын жұмыс күнінің кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарды және күн аяғында қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланған шоттарға белгі жасайды, содан соң оның директоры 1010 – Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шотының кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай бухгалтерлік есеп шоттарының сомасы біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және бас кітаптағы 1010 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
Кассаға ақша кірістелген кезде 1010 – Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:
1040 — Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттары шоты – кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;
1250 — Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-таражға түскен сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;
6010 — Сатылған тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін табыс ;
Кассадан ақша берілген кезде 1010 – шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттары дебеттеледі:
3350 — Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар шоты – кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;
1250 — Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шоты – кәсіпорын қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;
1040 — Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттары шоты – кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа да түсімнің сомасына.
Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.
Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларды тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты күзетуге рұқсат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынадай функцияларды орындауы тиіс:
ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
қолма-қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығын есептеу;
кассада тек қажетті қалдықты сақтау;
кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу;
ақшалай қаражатты физикалық бақылау.
-Түсімді бақылау.
-Ақшалай шығындарды бақылау.
-Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау.
-Кассалық қалдықты салыстыру.
-Есептік (валюталық) шоттарды салыстыру.
-Кассадағы ақшалай қаражатты кассада деп, саналатын ақшалай қаражаттың бар-жоғын айқындау және қатаң есептегі бланктерді парақтап санап шығу жолымен түгендейді. Түгендеу қорытындыларын ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен жеке рәсімдейді.
Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындаған Ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер (авиа және теміржол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатын басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін (бірнеше касса болған жағдайда) олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу
қорытындысы бухгалтерлік есептің мәліметтерімен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытындысы бойынша бұдан былайғы шешімі туралы субъект басшысының қарары (резолюция) жазылады.
Кассадағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары есебі.
Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1020 – Кассадағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырған түрінде көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 1020 шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:
1050 — валюта шотынан валюта түскен кезде;
2110 — шоты кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;
6250 — шоты тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының сомасына;
1250 — шоты есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
Валюта кассасынан валюта берген кезде 1020 шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:
1250 — шоты есебіне берген шетел валютасының сомасына;
1050 — шоты валюта шотына өткізілген валюта сомасына;
7430 — шоты тиісті валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары сомасына.
Ануар ЖШС-нің наурыз айындағы шаруашылық қозғалысы.