Асан Қайғы Сәбитұлы 1361-1470 жылдар аралығында туып ғұмыр кешкен, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған «дала философы», осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін «қайғы» сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, кұстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ер жетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлык өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Осындай ерен зор талантын байқаған Алтын Орда ханы Ұлұғ Мұхамед оны өзіне ақылгөй бас би етіп, сарайында ұстайды. Ұлұғ Мұхамед (туған жылы белгісіз, 1445 ж.ө.) Бүкіл ноғайлы елін билеген, Алтын Орда ханы, кейін қазақ хандығын құрушы, Қырымға дейін билік жүргізуші, атақты Тоқтамыс ханның немересі еді. Асан жырау сол Ұлұғ Мұхамедпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға, шешуге араласады. Ұлұғ Мұхамед өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады. 1450 жылдан бастап Әбілхайыр хан қарауында билік құрады. Бұл кезде де Асан би көптеген хандық, билік тартыстардың қайнаған ортасында жүріп, өзінің шешендік, пәлсафалық жыр толғауларымен ел құрметіне баленеді. Сол тұстағы Жәнібек, Керей хандармен пікірлес, саясат ісіне араласып, олардың ақылгөйі болады. 1456-60 жылдары Шу бойында қазақ ордасы құрылғанда Асан жырау жаңа орданың ұраншы, абызы болады. Жәнібек, Керей хандарды оңтүстік жаққа емес, батысқа — Жайық, Жен бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. «Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының болашағын жете ойламайсың деп сөгеді».
Асан қайғы туралы қазақша слайд жүктеу