Шикізаттар мен материалдар шығындарынан пайдаланылған қалдықтардың құны шығарылады.
Қалдықтар дегеніміз- өнімдерді өндіру процесінде пайда болатын , өзінің талап етілетін қасиетін толық немесе бөлшектеп жоғалтатын, соған байланысты шығынды көбейте отырып, пайдаланылатын немесе тікелей бағыт бойынша пайдаланылмайтын шикізаттардың, материалдардың, шалафабрикаттардың, жылу өткізгіштердің және басқа да материалдардың ресурстар түрлерінің қалдықтары.
Жинақтау және пайдалану мүмкіндігі бойынша қалдықтарды –қайтарылатын, кәсіпорынның өзінде қолданылатын немесе басқа жаққа сататын және қайтарылмайтын болып бөлінеді.
Бухгалтерлік есепте оларды пайдалану немесе сату мүмкін болатын бағамен бағаланған қайтарылатын қалдықтар ғана көрсетіледі.
Қайтарылмайтын қалдықтар бағаланбайды. Қайтарылатын қалдықтардың саны оларды қоймаға өткізетін накладнойлардың негізінде анықталады. Қайтарылатын қалдықтар өнім түрлері бойынша тікелей есепке алынуы мүмкін немесе қалдықтардың шығу нормасы бойынша шығарылған бұйым түрлерінің арасында пропорциональды түрде бөлінеді.
Қайтарылатын қалдықтарды шығу нормасы бойынша пропорциональды бөліп-тарату есебі.
Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы бабы бойынша өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбекқылары есептеледі.
Жұмысшылардың негізгі еңбекақысы өнімдерді дайындауымен тікелей байланысты болады.
Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы кесімді баға бойынша есептелінеді, бастапқы құжаттардың негізінде белгілі бір өнім түрлерінің өзіндік құнына енгізіледі. Бұл жағдайда, егер шығынды тікелей апару мүмкін болмаған жағдайда, өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы өнім түрлерінің арасында өнімнің бір данасы белгіленген нормативтік ставка бойынша пропорциональды түрде бөлінеді. Ол үшін нақты шығарылған әрбір өнім түрлерінің көлемі үшін нормативтік еңбекақы сомасы –шығарылған өнімнің бірлігіне белгіленген еңбеккақының нормативтік мөлшерін шығарылған өнімнің нақты көлеміне көбейту арқылы есептелінеді. Сонан соң нақты есептелген жұмысшылардың негізгі еңбекақысы өнім түрлерінің арасында нақты шығарылған өнім үшін нормативтік еңбекақыға пропорциональды түрде бөліп тартылады.
Көмекші операциялар бойынша және цехтардың қосымша жұмыстарына жұмыс істейтін , нақты өнімнің бір түрін дайындауға қатыспайтын , күнбе-күн төленетін өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы, сыйақы және басқа да төлемдер, шығарылған өнім түрлерінің арасында жұмысшылардың тікелей еңбекақы сомасына пропорциональды түрде бөліп таратылады.
Өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбекақысына өндірісте жұмыс істемеген уақытқа төленетін төлем жатады:
-жұмысшылардың кезекті және қосымша демалысына төленетін ақы, кезекті демалысты пайдаланбағаны үшін төленетін өтемақы, баланы күтіп-бағу демалысына төленетін ақы, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындаумен байланысты уақытқа төленетін ақы, көп жылғы сіңірген еңбегі үшін төленетін төлем және т.б.
Өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбекақысы негізінен бұйымдар мен тапсырыстар арасында өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақыы сомасына сәйкес бұйымға апара отырып, пропорциональды түрде бөліп отырады.
Бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі және қосымша еңбекақының есептелген сомаларының көрсетілуі, цехтар мен бөлімшелердің коды, өндіріс шығындарының коды, негізгі және қосымша еңбекақы сомасы және басқа да қажетті көрсеткіштер көрсетілген кестелер, ведомостар негізінде жүзеге асырылады.
Еңбекақыдан аударылатын сома бабы бойынша өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбекақысынан белгіленген пайыз бойынша әлеуметтік қажеттілікке бөлінген сома көрсетіледі. Әлеуметтік қажеттілікке аударылған сома өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбекақы сомасынан белгіленген заңды пайыздық кестеге сәйкес нақты бір өлшем түрінің өзіндік құнына енгізілді.