Бұқтырма өзені туралы қазақша реферат

Скачать


Бұқтырма өзені туралы қазақша реферат

Бұқтырма  өзені ─  Ертістің  оң  жақ  саласы. Ол  Оңтүстік  Алтайдағы  Ақайрық  пен Қанас тауындағы  мұздақтан  басталады.  Бұқтырма  өзеніне Ақберел  құяды.  Бұқтырманың  ұзындығы  398 километр,  алабының  су  жиналатын аймағы 15 620 шаршы  километр.  Өзеннің  ағысының  ені  тауда  50-70  метрге  жетсе,  жазықтықта 100-150  метрге  дейін  барады.  өзеннің  орта  шеніндегі  су шығыны  секундына  251  текше метрге жетеді.   Мамыр айында  су шығыны  секундына  999 текше  метрге  дейін  барады  да , су  деңгейі  4 метр   биіктікке  дейін көтеріледі.  Ақпан – наурыз айларында су шығыны секундына 10 текше метр ғана болады.  Бұқтырма  өзенінің  Ертіске  құятын  жеріне  бөгет  салынып, су  электр  станциясы  орнатылған.  Қазіргі  уақытта  Бұқтырма  су  қоймасы  көлемі  жағынан  теңізбен  пара – пар. Жағалауында пионер лагерлері, демалыс үйлері, туристтік қонақ үйлер  бар.


Скачать


zharar.kz