Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты

Скачать


Біздің елімізде мемлекеттік жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші ретінде тіркелген адамдар ғана жұмыссыз деп танылады.  Мұнда тіркелгеннен басқа, жұмыссыздар жұмыспен қамту қызметі ұсынатын лайықты жұмысқа кірісуге дайын болуы керек.

Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып тіркеліңіз. Ол жерге:

1) жеке куәлік;

2) ӘЖК;

3) СТН;

4) еңбек қызметіңізді растайтын құжаттарды, (еңбек кітапшасы,  бұрынғы жұмыс орныңыздан жеке еңбек шарты (шарттар) немесе жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың көшірмесі болуы мүмкін) ұсыныңыз.

Бұл маңызды! Сізден тапқан табыстарыңыз жөнінде мәліметтер талап етуі мүмкін.

Сіз жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде белгіленіп кетуіңіз керек.  Егер сіз ауылдық жерде тұратын болсаңыз, онда айына бір рет ауыл әкіміне барып, белгіленіп отыруыңыз керек.

Егер Сіз қолданыстағы Заңнамаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз және жұмыс беруші сізге әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айрылған жағдайға берілетін әлеуметтік төлемді тағайындауға және алуға құқығыңыз бар.

Бұл ретте, жұмысынан айрылған жағдайға Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш берген күнге дейінгі он екі айдан аспайтын мерзімнен бастап тағайындалады.

Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындау үшiн өтiнiшке:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жерi бойынша мәлiметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

3) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасы қоса тiркеледi;

4) ӘЖК;

5) СТН;

6) банктік шот нөмірі (тұлғалық немесе карт. шот).

Жұмыспен қамту қызметі жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналасу бойынша көмек көрсетеді, кәсіптік оқуларға жолдама береді, қоғамдық жұмыстарға жібереді, халықтың нысаналы топтарының өкілдері үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылады.

Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілердің жергілікті атқарушы органдармен шарт жасауы негізінде құрылады, олар халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған.

Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндік береді, жұмыссыздар үшін арналған және кәсіби даярлауды талап етпейді.

Қаперіңізде жүрсін! Қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарға жіберілген жұмыссыздардың еңбекақы мөлшерін тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Егер қажетті кәсіби біліктілігі жоқ болғандықтан, ыңғайлы жұмысты таңдап алу мүмкін болмаса, жұмыссыз азамат кәсіптік оқуға жолдануы мүмкін.

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың қосымша шарасы ретінде кәсіптік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде (басқармаларында) тіркелген білім беретін ұйымдардың түлектеріне жастар практикасынан өту ұсынылуы мүмкін.

Жастар практикасы алынған кәсіп (мамандық) бойынша бастапқыжұмыс тәжірибесін алу үшін жағдай жасау, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады.

Ескерту: 2011 жылғы ең төменгі жалақы мөлшері  15 999 теңгені құрады.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақтан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңы;

2) Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 Заңы;

3) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы          28 желтоқсандағы N 1307 қаулысы;

Пайдалы сілтемелер:

1)  www.pavlodar – заңнама базасы бар интернет-ресурс;

2) www.ozsp.gov – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google, www.rambler, www.yandex сияқты жүйелерде жұмыссыздық мәртебесі , жұмыссыздық мәртебесін алу және т.б. кілт сөздерді теру керек.


Скачать


zharar.kz