Ауыл шаруашылығына қолдау көрсету үшін мемлекет бөліп отырған ақша қаражаты мардымсыз

Скачать


Ауылшаруашылығында соңғы жылдары біраз оңды тенденциялар байқалуда. Біріншіден, экономиканың көп түрлілігі тұрақты сипат алды. Барлық аймақтарда шаруа (фермер) қожалықтары мен корпоративтік түрдегі    кәсіпорындар      өндірістік    кооперативтер,     шаруашылық серіктестіктер,    акционерлік    қоғамдар    арасында    оңтайлы    арақатынас қалыптасты.

Екіншіден, ауылды жерде біртіндеп аграрлық қызмет көрсету, өнімді өндеу және сату саласы қалыптасуда, ондағылар негізінен фермерлермен өзара тиімді экономикалық шартпен жұмыс атқаруда.

Үшіншіден, зандылық-құқықтық база ауылды жерде шаруашылық кәсіпті табысты атқаруға қолайлы жағдай жасауда. Адамдардың жер иелігіне, өнімді сататын базарларға еркін қолы жетуі жұмысқа ынталы фермерлер мен кәсіпорындар басшыларына ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырып табысты молайтуға мүмкіндік тудырды.

Қазіргі кездегі жағдайда азық-түлікпен қмтамасыз ету үшін қолайлы тенденция деп үй шаруашылығы секторында өндірістің өсуін және оның ұсақ товарлы шаруашылыққа айналуын айтуға болады. Мұның өзі еліміздің көпшілік аймағында халықтың өзін өзі қамтамасыз етуін жақсартты.

Кейбір аймақтарда базарлы инфрақұрылымның қажетті элементтері болып саналатын азық-түліктің көтерме сауда базарларының және маркетингтік қызметтердің қалыптасуы үлкен үміт тудыратын құбылыс болып саналады.

Мал басының тұрақты өсуі байқалды. Өткен жылмен салыстырғанда 2011 жылдың 1 қаңтарына ірі қараның саны 3 пайыз, қой мен ешкі — 4, шошқа — 8, жылқы — 0,8 түйе — 1, құс — 9 пайыз өсті. Соның нотижесінде өндірілетін ет көлемінің құлдырауын тоқтатуға, сүттің көлемін 6 пайыз, жұмыртқаны — 12 пайыз, жүнді — 3 пайыз көбейтудің мүмкіндігі пайда болды.

Алайда өтпелі кезеңнің қиындықтары азық-түліктің маңызды түрлерін өндірудің реформаға дейінгі деңгейіне жетуге мүмкіндік бермеді. Аграрлық сектордағы реформаның бірінші кезеңіндегі жете ойластырмай жасалған өзгерістер (бартер, келісімшарттық қанытастарды елемеу, жымысқы босеке әсерінің күшеюі, тауар мен қызмет көрсету базарындағы сұраным мен ұсыным арасындағы алшақтық) тиімсіз болып шығып дағдарыстың ұзаққа созылуына апарып соқтырды.

Экономиканың аграрлық секторында шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктері жетілмегендігі салдарынан бұл саланың қосымша өнімінің бір бөлігі баға, салық, несие, инвестиция жүйелері арқылы экономиканың басқа салаларына, әсіресе банк және коммерциялық капитал саласына бөлініп кетті. қатаң ақша-несие саясаты ауыл шаруашылық кәсіпорындарының төлем қабілетіне өз әсерін тигізді. Берешекті төлемеудің көбеюі есеп айырысуды кешеуілдетті, өндірілетін жоне сатылатын өнім көлемін азайтты, сөйтіп тауар өндірушілерді қажетті көлемде материалдық-техникалық ресурстарды (жанар-жағар май материалдарын, техниканы, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау қүралдарын жоне т.б.) сатып алу мүмкіндігінен айырды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасында материалдық-техникалық ресурстарды сатып алуда баламасыз айырбас байқалады.

Тауар өндірушілердің ақшалай қаражатының жетіспеушілігі (ауыл шаруашылық жұмыстарының толық көлемін орындап шығу үшін қажетті қысқа мерзімді несие қорларымен қамтамасыз етілу орта есеппен 40 пайыз болды) тұқым шаруашылығының, асыл тұқымды мал шаруашылығының түралауы ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің, мал санын көбейтудің технологиясының сақталмауына, ал мұның өзі, сайып келгенде, егістің түсімділігі мен мал өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқты. Ауыл шаруашылық косіпорындарының үнемі шығынмен жұмыс істеуі салдарынан олардың несиелік берешегі сатылған өнім көлемінің 65,5 пайызына жетті.

Осы уақытқа ауыл шаруашылығына несие беру жөніндегі үйлесімді заңдар жинағының жүйесі жоқ, ондай жүйе нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде бар. Ауыл шаруашылығына қолдау көрсету үшін мемлекет бөліп отырған ақша қаражаты мардымсыз. Борышты кешіру түріндегі мемлекеттік көмек берешектің қайтадан пайда болуының себептерін жоя алмайды.

Қазақстанда   өндірілген   азық-түліктің көлемі  ең  төменгі   бюджет  нормасы   (ЕБН)   бойынша  қамтамасыз   ету деңгейінен 14,2 пайыз төмен. ЕБН-ға байланысты өзін-өзі қамтамасыз ету индексі  азық-түліктің түрлері  бойынша  әртүрлі.   Ең  төменгі  көрсеткіш өсімдік   майы   бойынша   (0,14)    байқалады,   жеміс-жидек,    қант   және жұмыртқа бойынша — 0,60, картоп — 0,87, ет пен сүт — 0,92 және 0,97, дәнді дақылдар бойынша —  1,22. Соның салдарынан реформа жылдары халықтың жан басына азық-түлік тұтынуы тәулігіне 3050 килокалориядан 2199 килокалорияға дейін төмендеді және іс жүзінде осы деңгейге келіп тұрақтады,   ол   дегеніңіз   ФАО   анықтаған   тамақты   үнемі   жеткіліксіз тұтынатын   (2150  килокалория)  деңгейі  болып  саналады,   бұл  адамның еңбектегі белсенділігі мен ғұмырын кемітеді.  Республикада азық-түлікті тұтыну күнкөрістің ең төменгі деңгейінен 15 пайыз төмен, оның ішінде негізгі   өнімдер   бойынша:   нан   өнімдерін   тұтыну   3   пайыз,   сүт   —   8.

Жұмыртқа   —   44,   картоп   —   37,   көкөніс   —   12   пайыз   төмен.   Қала

тұрғындарының 49 пайызының бір айдағы жан басына келетін табысы 3000  теңгеге  дейін   ғана  ауыл  тұрғындарының   84   пайызының  табысы осындай, ал енді ресми белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі 3394 теңге.

Дайындаушы және ұқсатушы кәсіпорындарда ондаған жылдар бойы жасалған өндірістік қуаттар дағдарыс жағдайында жүмыс істеуде. Олардың ауыл шарашылық өнімдеріне үсынатын бағасы төмен, сондықтан оларды өндірудің     көлемін     арттыруды     ынталандырмайды,     соның     салдары элеватордың, ет комбинаттарының және сүт зауыттарының қуаттары мен сыйымдылықтары толық жұмыс істей алмауына, олардың тиімсіз болуына әкеліп соғуда.

Ауыл шаруашылық өндірісін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерінің өткірлігі шегіне жетті десе болады. Өндірушілер сатып ала алмайиындықтан машиналардың көбінің жетіспеуі салдарынан агротехникалық операциялар мезгілінде орындалмайды, қолмен атқарылатын жұмыс көлемі көбейеді және түсім көп ысырап болады.


Скачать


zharar.kz