Банктің активі 100 мың долл

Скачать


Қазіргі таңдағы ақша массасын реттеудің ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Айналымдағы ақша массасын  реттеудің тиімді құралына қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады.Орталық банк бұл саясат арқылы коммерциялық банктерге несие береді.

Әлемдік тәжірибеде коммерциялық  банктердің тұрғысынан алғанда есептік мөлшерлеме дегеніміз-артық резервтің шығыны болып табылады. Сол себепті оны Ұлттық банк кемітеді, бұл өз кезегінде коммерциялық банктердің қарыз алуына жағдай жасайды. Осы қарыздың есебінен коммерциялық банктерге берілетін несие ақшаның ұсталуын арттырады.

Ұлттық банк есептік мөлшерлемені көтеру арқылы банктердің қарыз алуын тежейді, бұл несие ресурстарының және банктерге берілетін несиенің мөлшерін азайтады, ал өз кезегінде айналымдағы ақша массасын кемітеді.

Соңғы жылдары (2001-2005 ж.ж)Қ.Р Ұлттық банкі белсенді түрде пайдаланып жүрген ақша массасын реттеудің бір әдісіне ақша нарығындағы валюталық интервенция жатады.

Мұнай мен  металдың әлемдік бағасының көп өсуіне байланысты Қазақстанға шетелдік валюталардың мол ағыны құйылды. Бұл ақша массасы мен оның құрылымына үлкен әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк соңғы жылдары валюта бағамын ақша нарығындағы интервенция арқылы реттеуге жие күш жұмсап жүр. Ол шетелдік валютаны сатып алу арқылы өзінің валюталық алтын резервін ұлғайтты. Ол 2005 жылдың басында 11,0 млрд. долларынан асты.

Ұлттық банк пен Қазақстан  үкіметі елдегі ақшаның айналысын басқару мен реттеуде ақша-несие саясатының аталмыш құралдарын ептілікпен пайдаланып жүр.Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляция деңгейінің төмен қарқының ұстауға бағытталған.бұл жұмыстарды жасау үшін ақша базасының деңгейін реттейді.  Орталық Банк  “қалқып жүретін айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.

Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.

Ақша массасының өсуі орталық банктің эмиссиялау (жаңа ақша шығару) қызметіне ғана байланысты емес, сонымен бірге ақша массасы коммерциялық банктердің несие берудегі әрекетіне байланысты да өсіп отырады. Коммерциялық банктер несие берген кезде ақша массасы ұлғаяды, ал несиені қайтып алған кезде ақша массасы азаяды. Коммерциялық банктердің жаңа ақша жасау процесін мына мысалмен түсіндіруге болады. Банктің активі 100 мың долл. Орталық банктің нормативі бойынша міндетті резерв нормасы 10 %. Яғни банктің 10 мың долл. резерв қорында сақталады, 90 мың долл. несие ретінде оны тұтынушыларға беріледі. 90 мың долл. айналымдағы ақша массасына қосылады. Жаңа ақша жасау процесі осымен аяқталмайды. Товарлар мен қызметтерге жұмсалған бұл ақшаны екіншілері қайтадан басқа банктерге салуы мүмкін. Осы банк салынымның 10% резерв қорына жұмсайды, қалған 81 мың долл. несие ретінде ұсынылады.. Ақша массасы 90 + 81 = 171 мың долл. өсті. Келесі сатыда осылай несие беру жалғасады. 100+81+72= 1млн. долл. Осылай міндетті резерв нормасы 10% болған жағдайда алғашқы 100 мың долл. еселеніп көбейіп, банк депозитін 1 млн долл. дейін өсіреді. Ақша массасының ұлғаюын банк мультипликаторы (m) сипатайды


Скачать


zharar.kz