Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Скачать

 Әлеуметтік қамсыздандыру туралы қазақша реферат

Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған және төтенше оқиғаға байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру (сақтандыру)сияқты екіоқшауланған нысанада іс-әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен — халықты әлеуметтік қоргаужүйесімен тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Рес-публикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерлеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді. [18, 6 –б.]

Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес қүрылымдардың (жекешені қоса), қоғамдық бірлестіктердің көп жақты жауаптылығының негізінде құрылады.

Алайда халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына «әлеуметтік қамсыздандыру» мен «әлеуметтік сақтандыру» терминдері сипатты болғанымен бүлар бара-бар ұғымдар емес. Әлеуметтік қамсыздандырудыхалықты әлеуметтік қорғау процесі деп, ал әлеуметтік сақтандыруды — осы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі деп түсінген жөн. [18, 32 –б.]

Халықты әлеуметтік қорғауғажұмсалатын шығыстармемлекет шығыстарының жүйесінде үлкен орын алады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында халықты әлеуметтік қорғау басым бола бастайды және тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуіне байланысты, сондай-ақ инфляцияның және ақшаның құнсыздануының нәтижесінде өседі.

Әлеуметтік қорғаудеп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Бұл деңгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің мөлшерлеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады.

Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғалауы арнаулы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қайта бөлгіштік қатынастарда көрініп, білінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар жасалынады. Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен жан басына шаққандагы түтыну бюджетініңмөлшері болып табылады. Бүл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын бойынша, отбасына қажет қызметтер жиынының ең төмен түтыну қоржыныныңқүны мен қүрамы есеп-теп шығарылады. Ең төмен түтыну бюджетінің мөлшері бағалар деңгейінің өзгеруімен байланысты мезгіл-мезгіл қайта қаралып тұрады және уәкілетті орган қайта бекітеді.

Әлеуметгік шығыстар зейнетақы төлеудің Мемлекеттік орталығы, қазіргі кезде мемлекеттік бюджетке қамтылған Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік қорлар немесе шаруашьшық субъектілерінің тұтыну қорлары арқылы жүзеге асырылады. Телемақыларды халықты әлеуметтік қорғау органдары, шаруашылық субъектілері, ендірістік емес сфера ұйымдары жасап жүргізеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік сақтаңдыруды кәсіподақ комитеттері қадағалап отырады.

Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстарретінде қамтып көрсетіледі. Халықты әлеуметтік қорғау санатына қосылатын ұғымдардың айырмашылықтары бар.

Әлеуметтік қамсыздандыруқоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектрін қамтиды. Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне «әлеуметтік көмек» деп аталатындар бола алады.

Әлеуметтік сақтандыруөзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек қызметімен және бүл қызметтің нөтижесіне байланысты болып келетін тиісті телемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады. Яғни әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзін-өзі қаржыландыру қағидасы бойынша, пайдаланушының (сақтанушының) оларды алуына қарай көп немесе аз уақыт аралығымен жасалынады.

Тұрмысы төмендегілерге әлеуметтік көмекнегізінен кедейлік шегінен арғы халықтың көптеген санаттарына таралады және мемлекет немесе қайырымдылық-қоғамдық, мақсатты, жеке меншіктегі қорлардың есебінен болатын «қайыр көрсету» сипаты болады және мақсаты — «кедейлерге қамқор болу». Сөйтіп, әлеуметтік мұқтаждарды қаржыландыруға арналған қаражаттарды қалыптастырудың үш әдісін бөліп көрсетуге болады: сақтық, бюджеттік, қайырымдылық жарналары (қайыр көрсету) әдістері.

Сақтық әдісәлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын қаражаттарды қажет етеді.

Бюджеттік әдіскезінде қаражаттар ақша ресурстарының жалпымемлекеттік қорынан мемлекеттің мүмкіндігімен және әлеуметтік және бюджет саясатының мақсаттарымен анықталатын деңгейде бөлінеді.

Қайырымдылық жарналары (қайыр көрсету)әдісі кезінде қаражаттардың тіркелген мөлшерлері болмайды және арналар бойынша олардың түсуіне қарай қайырымдылық жарналарын іске асыратын ұйымдар анықтайтын мақсаттарға жұмсалады.

Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айырылган кезде әлеуметтік қолдауарқылы іске асырылады.

Зейнетақы— бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал өскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы. Жұртқа мәлім, 1998 жылға дейін зейнетақы кәсіпорындардың өз қызметкерлері үшін аударған жарнасы есебінен төленіп келді. Бірақ жарнадан жиналатын қаражат күндердің күнінде мемлекеттік зейнетақы телеу үшін қажет болатын қаражат мөлшеріне жетпей қалуы мүмкін еді. Оның үстіне экономика дағдарысқа ұрынып, жұмыссыздық етек алған түста бүл проблема өткір сипат ала түскен. Осы жайт жаңа зейнетақы жүйесіненгізуге итермелеген ең негізгі себептердің бірі болды. Ескі, «ынтымақтастык,» зейнетақы жуйесімүндай жағдайда зейнетақының іркіліссіз теленуін қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы маусымның 27-сіндегі заңның қабылдануымен байланысты зейнетақы реформасы басталды. Оның мәні — 1997 жылғы дейін өмір сүрген зейнетақымен қамтамасыз етудің зейнетақы қорларын қалыптастыру кезіндегі ұрпақтардың ынтымақтастық қағидатынан жеке қорланымдардың қағидатына көшуде болды. Ол үшін зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық пен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық заңды түлғалар мен жеке тұлғалардың әлеуметтік салық төлеу жолымен қалыптасатын Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры қарастырылды. [13]

Жинақтаушы зейнетақы жүйесікезінде әркім өз табысынан (жалақысынан) міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Осы көздің есебінен жиинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорланымдарды қалыптасады. Ұстау және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мына мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады: жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын заңи түлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар ай сайынғы ақша немесе натуралдық нысандағы табысынан (жұмыс берушінің материалдық, өлеуметтік игіліктер немесе басқадай материалдық пайда түріндегі табыстарын қоса) он пайыз мөлшерінде жарна аударады. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс ең төменгі айлық жала-қының жетпіс бес еселік мөлшерінен аспауы тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары Салық кодексінің 144 бабының 1), 3), 8), 10), 11), 15), 16), 17), 23), 25), 26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларында және 316 бабының 1 тармағының 4), 5) тармақшаларында белгіленген төлемдерден ұсталынбайды. Кейін зейнетақы телемдері мемлекеттік жөне мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындагыәркімнің жеке зейнетақы шотынан төленеді. Сондықтан зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай-күйі, қанша адамның жүмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргені әсер етпейді. [2, 16 –б.]

Салымшылар немесе жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарына қосымша ретінде ерікті зейнетақы жарналарынтөлей алады, олардың мөлшері шектелінбейді, жарналар бірақ рет немесе дүркін-дүркін, үдайы немесе түрақсыз, қолма-қол ақшамен немесе аудару жолымен (қолма-қолсыз ақшамен) төленеді.

Зейнетақы төлемдері салымшының таңдауы бойынша Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына немесе Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына бағьпталады, салымшыға зейнетақы келісім шартының негізінде жеке зейнетақы шоты және жекеше нөмір — әлеуметтік жеке код (ӘЖК)ашылады. Қазақстанда 16 жинақтаушы зейнетақы қоры бар. Егер 30 жылдан бері жүмыс істеп келе жатқан Чилидегі зейнетақы жүйесі экономикалық белсенді саналатын азаматтарының тек 30 пайызын ғана қамти алса, Қазақстанда 5-6 жылдың ішінде 9 миллионға жуық адам әлеуметтік жеке код туралы куәлік алып отыр. 15 миллион түрғындары бар ел үшін бүл үлкен жетістік. Солардың 6,3 миллионға жуығы салымшылар қатарына тартылған, яғни бүл еңбекке жарамды республика түрғындарының 80 пайызының өз шоттары барын дәлелдейді. [16]

Салымшылардың қордаланған жарналарын зейнетақы қорлары уәкілетті банк (кастодиан) арқылы Зейнетақы активтерін басқару жәніндегі ұйымга (ЗАБҮ)береді, ол қаражаттарды бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне жене басқа қаржы тетіктеріне орналастырады. Орналастыру кезінде алынған табыс инвестициялық кірісдеп аталады, ол салымшылардың жеке шоттары бойынша қордаланған қаражаттардың сомасына сәйкес бөлінеді; инвестициялық кірісқорланудың ұлғаюын және оның инфляциядан қорғалуын қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес Орталықтан зейнетақы телемдері еркектер 63 жасқа толғанда, өйелдер 58 жасқа толғанда және еркектерге кемінде 25 жыл еңбек өтілі болғанда, әйелдерге — 20 жыл еңбек өтілі болғанда тағайындалады.

Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері азаматтарға олардың нақты еңбек өтілінің болуына қарай Орталықтан толық көлемінде зейнетақы төлемдерін алу қүқығы болмаған жағдайда тағайындалады.

Төтенше жөне барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың садцарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сөйкес еркектер — жалпы еңбек өтілі 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер жалпы өтілі — 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы. 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәр-биелеген өйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, зейнетақы орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі және жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы қаңтардың бірінен бастап жүзеге асырылып келеді. 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін қажетті еңбек өтілінен тыс жұмыс істеген өрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспауы тиіс.

Зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін Үкімет белгілейтін өзге де табыстар енгізіледі. Зейнетақы телемдерін есептеу үшін 3 жылғы жүмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жүмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқ-ылы анықталады жөне орташа айлық жалақышығарылады. Алайда зейнетақыны есептеуге қажет табыс тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 15 еселенген айлық есептік көрсеткіштен * аспауы тиіс. 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет тура-лы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 пайызынан аспауы тиіс. Бұған өндірістердің, жүмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Үкімет бекіткен № 1 Тізімдегі 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін зейнетақы тағайындалған адамдар жатпайды. [18, 22-б]

2002-2003 жылдары Зейнетақы телеу жөніңцегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақьшар мелшері көтерідді, енді оның ең төменгі мөлшері 5800 теңгені қүрайды.

Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету негізінен «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңымен (1998 жылғы 20 тамыз, №136-1) жүзеге асырылады. Алайда, зейнетақы заңцылығы 2002 жылдың желтоқсан айынан қазіргі кезге дейін айтарлықтай өзгерістерге үшырады. Сондықтан Үкімет 2003 жылдың 4 шілдедегі қаулысымен «Міндетті зейнетақы салымдарынан құрылған жинақтаушы зейнетақы қор-лары мен ерікті кәсіби зейнетақы салымдарынан зейнетақы төлеудің ережесін» бекітті. Сонымен қатар, Үкімет мамандықтары бойынша анықтап белгілегендерге жүмыс берушілер тарапынан еркін кәсіби салымдар салу еңгізіліп отыр. Осындай зейнетақы салымда-рынан жинақталған қордан жасы 50-ге келгенде жиған қаржысын алуға мүмкіндік туады. Сол сияқты, егер азамат 55 жасқа дейін міндетті жинақтаушы зейнетақы қорына өмірінің сонына дейін жететін ең төменгі төлем деңгейін жинап үлгерсе, зейнет демалысына шығуына мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда зейнетақы төлемдері аталмыш азаматтардың зеинетақы салымдарын сақтық ұйымдарына езімен келісім негізінде аударылатын болады.

Осылайша отандық зейнетақы жүйесі біртіндеп дамып келеді. Зейнетақы активтері өсіп отыр. Бірақ, осы жиналған қаржыларды сақтаудың өзі үлкен мәселе тудырып отыр. Ұлттық банк пен Үкімет жинақтарды валюталық тәуекелдіктен қорғаудың жолын қарастыруда. Жалпы, 2003 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша зейнеткер саны 1,7 миллионға жуық адамға жеті. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнеткерлік жасы белгіленген соң, зейнетақы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан төленетін болып шешілген. Оның басты міндеті зейнетақы активтерін толықтырып отырған әр түрлі үйымдардың еңбеккерлеріне төленетін жалақының 10 пайызын тіркеуге алу болып табылады.

Орталықтың барлық облыстар мен қалаларда, аудандарда бөлімшелері жүмыс істейді. Енді аталмыш жүйемен Қазақстан банктерінің байланыс жасауға мүмкіндігі бар. Өйткені, қазіргі таңда 90 мындай адам карточкалы жүйеге өтіп үлгерді. Осыған қарағанда, өрбір банк тиімді келісімшартқа отыруға мүдделі. Осындай екінші дережелі банктердің 13-імен шарт жасасылған. Бірақ, зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің негізгі бөлігі, яғни 63 пайызы осы күнге дейін Қазақстан халық банкінің қолында. Ал 30 пайызын «Казпошта» жүзеге асырса, қалғандары екінші дәрежелі банктер үлесінде. Банктер зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін тегін жүргізбесі белгілі. Мұндай қызметтері үшін орталық комиссиялық өтемдерді өз мойнына алған. Орташа комиссиялық төлем көлемі жалпы соманың 0,6 пайызын құрайды. [15]

Әлеуметгік сақтандыру жүйесінде әр түрлі жәрдемақылар маңызды орын алады.

Жәрдемақы— бүл жүмыстағы уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда пайда болатын көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған кепілдендірілген ақшалай өтемақы.

Әлеуметтік сақтандыру шеңберінде төленетін жәрдемақыларға сырқаттық бетшелер бойынша телемақылар, жүктілік және босану бойынша жәрдемақы, санаторийларға жолдамалар сатып алу жөніндегі шығыстар (шаруашылық жүргізуші субъектілердің — жұмыс берушілердің — қаражаттары есебінен жүзеге асырылады), жаңа туған сәби үшін төленетін біржолғы жәрдемақы, балаға қарау жөніндегі жәрдемақы, жерлеуге берілетін жәрдемақы (жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылады) кіріктіріледі.

Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыларжалпы ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктілікті жасанды жолмен бұзуға, карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсіби ауру себебінен уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында жөне зандарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.

Қызметкер жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болған кезінде жүмысқа уақытша жарамсыздығы жағдайында жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы еңбек демалысына дәл келген күндер үшін есептелмейді. Егер қызметкерлердің жұмысқа уақытша жарамсыздығы демалыс аяқталғаннан кейін де жалғасса, онда жәрдемақы қызметкер жұмысқа кірісуге тиісті күннен бастап есептеледі. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық еңбекте мертігуге немесе кәсіби ауруға байланысты болса, әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық орын алған бірінші күннен бастап, жұмысқа шыққанға дейін немесе мүгедектігі анықталғанға дейін заңнамаға сәйкес есептелген орташа жалақысының жүз пайызы мөлшерінде төлейді.

Маусымдық жұмыс істейтін қызметкерлерге, үй шаруасымен айналысатындар мен үйге жүмыс алып істейтін қызметкерлерге жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жөр-демақы, егер жеке еңбек шартында өзгеше айтылмаса, «Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тағайындаудың және телеудің тәртібі туралы» нүсқаулыққа сәйкес тағайындалады және төленеді.

Ядролық сынақтардың әсеріне үшыраған аумақтарда түратын әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қалыпты босанғанда 170 күнтізбелік күн үшін, ал босануы ауыр болғанда немесе екі және одан да көп бала туғанда 184 күнтізбелік күн үшін төленеді. 2003 жылдан бастап бала тууға байланысты 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы мемлекеттік жәрдемақытөленеді. [11, 250 –б.]

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылармемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және мүгедектік жөніндегі, асыраушысынан айырылғандығы және жас мөлшері бойынша оларды алуға мұқтаж және толық мемлекет есебінен қамтылмаған азаматтарға ақша қаражатын мемлекеттің мезгіл-мезгіл төлеп тұруы болып табылады.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақылармүгедектікке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына, қашан болғанына (жұмыс немесе қызмет кезінде, жұмысқа кіріскенге дейін немесе жүмысты тоқтатқаннан кейін) қарамастан тағайындалады. Бұл жәрдемақылардың мөлшері жәрдемақының түріне байланысты болады және олар айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты қайта қаралып отырады. 2002 жылы бірінші топтағы мүгедектерге, бала жасынан бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектік алған 16 жасқа дейінгі балаларға бір айлық есептік көрсеткішке, ал екінші топтағы мүгедектерге 0,5 айлық есептік көрсеткішке үлғайтылды.

Мүгедек адамдарга зейнетақы төлеутағайындалған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы тоқтатылады немесе зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық пен Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.

Асыраушысынан айырылу жағдайыбойынша жәрдемақы алуға асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы бар. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыға қүқығы бар отбасының барлық мүшелеріне ортақ бір жәрдемақы тағайындалады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

Жасына байланысты жәрдемақыазаматтарға зейнетақы төлемдеріне қүқығы болмаған жағдайда Занда белгіленген жасқа жеткен кезде, не зейнетақы төлемін зейнетақының ең төмен мөлшерінен аз мөлшерлерде алған жағдайда Орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан тағайындалады. Жәрдемақы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы» заңында және оған сәйкес қабылданған өзге де заң актілерінде көзделген негіздерде және тәртіппен азаматтардың арнаулы мемлекеттік жәрдемақы — әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарға және жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай өтемақы алуға қүқығы бар. Арнаулы бұл жәрдемақы 1999 жылдың 1 сеуірінен бастап жәрдемақы алуға қүқығы бар азаматтардың 14 санатына заңда көрсетілген мөлшерде төленеді. Мәселен, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы 5,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін қүрайды. Бұл жәрдемақы тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қыз-меттер көрсетуге, отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрілік заттармен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жүрт пайдаланатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзіщі баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға төленеді. Ал Ұлы Отан соғысының мүгедегіне бүл жеңілдіктермен бірге кресло-қоларба бөлуге, темір жолда, әуе, су және қалааралық автомобиль көлігінде жылына бір рет жүру үшін, сондай-ақ 1-топтағы мүгедекті алып жүретін адамның жол шығындарына 7,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. [6, 10 –б.]

Бір мезгілде әр түрлі арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалатынын атап айту қажет.

Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен керсеткіштердің Үкімет бекіткен № 1 Тізіміне орай 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты жөне ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға да мемлекеттік арнаулы жөрдемақы қарастырылған. Мұндай жәрдемақы еркектер — 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде; әйелдер — 48 жасқа толғанда жөне жұмыс стажы 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде жәрдемақы тағайындалуға құқы бар.

2001 жылдың шілдесінде қабылданған «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік кемек туралы» Заңға сәйкес жан басына шаққанда аймақтарда белгіленген кедейлік деңгейінен темен орташа табыс алатын халықтың бәрі атаулы көмекпен қамтылады. Негізінен олар кәмелетке толмаған балалары, жұмыссыздары, мүгедектері бар отбасылар. Кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейі аймақтар бойынша сараланатындықтан, заң әрбір отбасының табысын нақтылауға мүмкіндік береді. Азаматтар қайда түратыны-на қарамастан, өздерін отбасында жан басына шаққавда кедейлік шегі деңгейінде орташа табыспен қамтамасыз ететіндей әлеуметтік көмек алады. Заңға сәйкес, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдарда тіркелмеген еңбек жасындағы жүмыссыздардың әлеуметтік кемек алуға қүқылары жоқ. Мүгедектер, айдан астам уақыт стационарлық емдеуде жатқан адамдар, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жасы 80-нен асқан кісілерге, 7 жасқа дейінгі балаларға күтім жасаумен айналысатын азаматтар, оқушылар мен студенттер бұл санатқа жатпайды. Сонымен бірге, жұмыспен қамту органдарына өтініш берген жағдайда, еңбекке жарамды адамдарға лайықты жұмыс немесе қоғамдық жұмыстарға қатысу үсынылады. Бұл жұмыстардан бас тартқан жағдайда олар алты ай мерзімге дейін атаулы әлеуметтік көмек алу құқынан айрылады. Занда атаулы кемек тағайындату үшін өтініш білдірудегі рөсімдер жеңілдетілген.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мыналар бөліп көрсетіледі:

1.  Әлеуметтік көмек, ол бойынша төлемақылар мыналарды кіріктіреді:

а)  балалары бар отбасына жәрдемақы, ол отбасының жиынтық табысын ескере отырып тағайындалады (18 жасқа дейінгі балаларға);

ө) балалары бар мерзімдік қызметтің ескери қызметшілерінің отбасыларына жәрдемақы;

б)  мүгедек балалары бар отбасыларына жәрдемақы;

в)  ВИЧ- инфекциясын жүқтырған балаларға немесе ересектерге жәрдемақы;

г) өкелері алименттер төлеуден жалтарынған балаларға уақытша жердемақы;

д)  7 жасқа дейінгі 4 және одан кеп балалары бар жұмыссыз аналарға жөрдемақы.

2. Тұргын үй жәрдемақысы,отбасының жиынтық табыстарын ескере отырып тағайындалады.

3.Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, отынды, көлікті, соғыс және еңбек ардагерлеріне, табысы аз зейнеткерлерге және басқаларға медициналық қызмет көрсету жеңілдіктерінің жүйесі.

4.  Жұмыссыздарга материалдық көмек.

5.Этникалық отанына оралған қазақтарга жәрдемақыжәне басқа жәрдемақылар.

Табысы екі, айлық есептік көрсеткіштен артық емес жүмыссыздарга материалдық кәмекбелгіленген. Қазақстан Республикасының заңдамасымен жүмыспен қамту бағдарламалары жергілікті бюджеттерден қаржылындырылатыны анықталған.

Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау мына шараларды кіріктіреді:

1)  жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

2) біліктілікті жоғарылатуды кәсіптік даярлау, жұмыссыздарды қайта даярлау және олар үшін қоғамдық жүмыстар ұйымдастыру;

3)  қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;

4) табысы аз азаматтардан шыққан жұмыссыздарға мемлекеттік атаулы көмек көрсету.

Қоғамдық жұмыстарды орталық жөне атқарушы органдар ұйымдастырады, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан және олардың өтінімдері бойынша жұмыс берушілердің қаражаттарынан қаржыландырылады. Сонымен бірге еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылу жағдайлары кезінде пайда болған әлеуметтік қауіп-қатерлердің нәтижесінде шығындалған (жоғалған) табысының бір бөлігін өтеу жолымен әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасауға және әлеуметтік сақтандыру жүйесінен теленетін төлемақыларды алушылардың қүқықтарын қорғауға бағытталған заңның қажеттігі туып отыр. Бұл кезде әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік жәрдемақылардан, әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемақылардан және өндірістегі жазатайым уақиғадан және кәсіби аурулардан жұмыс берушілердің жауаптылығын сақтандыру бойынша телемдерден түратын үш деңгейлі жүйенің екінші деңгейі болады. Бүл орайда міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен қосарлас Әлеуметтік сақтандыру қоры туралы заңның да болғаны дүрыс. Жұртқа мәлім, бүгінде әлеуметтік қауіп-қатерлер болғанда азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға қүқығы бар, бұл жәрдемақылар республикалық бюджеттен теленеді.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (бала туғанда, жерлеуге, балалары бар отбасыларына, табысы аз отбасыларына азаматтарға) тұрғын үй көмегі, жүмыссыздарға материалдық көмек жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан төленеді.

Жергілікті бюджеттерден әлеуметтік көмек керсету түрінде төлемақылар мыналарға төленеді:

1) экологиялық апаттардан, нәубеттерден, ядролық сынақтардан зардап шекендерге;

2) жаппай саяси құғын-сүргін құрбандарына, көп балалы аналарға, жан басына шаққаңда табысы деңгейі темен аз қамтылған отбасыларына, халықтың бірқатар басқа санаттарына.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер, басқа жұмыс берушілер меншікті әлеуметтік қорларынан өздерінің жұмыс істеп жүрген қызметкерлеріне, бұрынғы қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне қосымша материалдық және ақшалай көмек көрсете алады.


Скачать


zharar.kz