Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің бірегей ақпараттық базасы

Скачать


Инновациялық инфрақұрылым дамуының негізгі мақсаты отандық, шетелдік потенциал мен технологияны қолдану негізінде өнімнің бәсеке қабілеттігін қамтамасыз ететін ашық инновациялық жүйені құру. Ұлттық инновациялық жүйенің дамуы 2 негізгі бағытты қарастырады – Инновациялық инфрақұрылымның жасалуы мен дамуы және инновациялық қызмет субъектілерінің арасында қатынастардың тиімді жүйесін құру.

Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық процестің объектісі мен субъектісінің жүйесі, инновациялық тиімділікті бағалау, реттеу, іске асыру, өндіру, енгізу, жасау, құруды қамтамасыз ететін қатысушылар жиынтығы.

Инновациялық инфрақұрылымға: инновациялық орталықтар, инкубаторлар, технопарктер, кеңес берушілік және үйретушілік фирмалар, инновациялық кәсіпорындарды конструкторлы-технологиялық қолдау ұйымдары, жоғары оқу орындары, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар, қаржылық ұйымдар жатады.

Инновациялық инфрақұрылым субъектілерінің функциялары: инновациялық даму субъектілерінің ұйымдық-құқықтық құрылу процесі бойынша қызмет көрсету, бизнестік қызмет көрсету кешені, ақпараттық-коммуникациялық қамсыздандыру, білім беру қызметінің кешені, технологиялар трансфері.

Инновациялық инфрақұрылым элементтеріне инновациялық қызметтің барлық субъектілері жатады:

— инновацияларды жасайтын және іске асыратын жеке және заңды тұлғалар;

— инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілері, парктер, бизнес инкубаторлар, инновациялық қорлар, орталықтар және басқа ұйымдар;

— инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекеттік басқару органдары;

— инновацияны өндіруші мен тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғамдық бірлестіктер.

Қазіргі кезде Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын мемлекеттік бюджет құралдарының қатысуымен жасалған жұмыс істеуші субъектілер және мемлекетпен құрылған сервистік даму институттары құрайды. 2015 жылға дейін Ұлттық инновациялық жүйені құру шегінде келесі қаржылық инфрақұрылымның элементтері жүзеге асырылады:

— гранттарды ұсыну жүйесін кеңейту;

— ұлттық және шетел капиталына қатысуымен венчурлық қаржыландыру жүйесі;

— венчурлық қорлар мен жаңа технологиялық компаниялардың бағалы қағаздар нарығы.

Сонымен қатар мемлекеттің инновациялық инфрақұрылым элементтері жүзеге асырылады. Олар: технологиялық парктер мен зоналар; ақпараттық технологиялар паркі; ядролық технологиялар паркі; биотехнологиялар паркі; 7 аймақтық технопарктер; Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің бірегей ақпараттық базасы.


Скачать


zharar.kz