Еврей халқы

Скачать


Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы туралы қазақша реферат

1920 жылы Лондонда өткен сионистік конференцияда Керен-ха-Иесод ұйымы құрылады, оған еврейлердің Палестинаға иммиграциясын қаржыландыру жүктелді. Еврейлердің Палестинаға иммиграциясы әрқашан бірінші орында тұратын мәселе болды. Егер 1918 жылы еврейлер бүкіл Палестина халқының текқана 8%-ын құраса, 1947 жылдың аяғы 1948 жылдың басында бұл сан 33,8%-ға дейін өсті. Жалпы олардың қоныс аударуын төмендегі мәліметтер жақсы көрсетеді:
Жылдар Еврей халқы Араб халқы (Палестинадағы) 1918 56000 644000 1922 87800 660000 1931 147900 848000 1944 528700 1196800 1947 608000 1237000
Бұл кестеден жылдан-жылға өсіп келе жатқан еврей халқының үлесі айқын көрініп тұр. Бірақ, ол сионистік лидерлер үшін аз сан болып көрінді. “Еврей агенттігі” ретінде танылған Бүкіләлемдік Сионистік Ұйым лидерлерінің бірі М.Нордау “Палестинаға Европаның 100 000 еврейін көшіруді тездету керек” деген ұсынысымен шығады, яғни олар “еврейлердің ұлттық ошағын” құруды бастайды. Бірақ, ол жерде мандаттық Палестинаның осыншама көп халықты қабылдауға дайын емес екендігі туралы ешкім ойлаған емес. Еврейлер өздерінің көшуін тарихқа және иудейлік дінге сүйеніп негіздеді. Яғни, Библия бойынша, Палестина жерінде бұрын еврейлердің ата-бабалары қоныстанған, сөйтіп олар енді бұрын өздері өмір сүрген Иерусалимдегі Сион тауларына оралуы тиіс. Сионистік лидерлердің айтуынша, олардың қозғалысы мемлекетсіз халыққа халықсыз мемлекет беруге бағытталған. Бұл жерде көңіл аударатын жайт-еврейлер саны тек тек қоныс аударғандар есебінен өспеді, сонымен қатар Палестина арабтарын өз жерлерінен ығыстыру нәтижесінде де өсті. Бұл арабтарды ойландыра бастады. Жерорта теңізі бойындағы жерлерден айырылу оларға да ұнамады. Соғыс кезінде Таяу Шығыстағы жағдай өзгерді: Ливан мен Сирия тәуелсіздікке қол жеткізді, ағылшындардың Ирак пен Сирияда позициялары төмендеді, Палестинаны мандаттығында ұстау да қиынға соға бастады.

Осыған байланысты әр түрлі шешімдер ұсынылды. Палестина арабтарының көбісі екі ұлтты Палестина мемлекетін құруды ұсынды. Ондағы екі ұлттың да құқықтарына кепілдік беретін мемлекеттің құрылуын Палестина Коммунистік партиясы мен Араб-еврей лигасы жақтады. Сионистік ұйымдар өз алдына бүкіл Палестинаны еврей мемлекетіне айналдырғысы келді. Оңшыл араб ұлтшылдары Палестина тек арабтық мемлекет болу керек деген ойда болды.

Бұның барлығы еврей және араб халықтарының арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкелді, оған негізінен ағылшын әкімшілігінің саясаты себеп болды. Ағылшындар “екі орындықта отыру” саясатын ұстанғысы келді, яғни еврейлерді қолдау және арабтармен де ұрсыспау. Нәтижесінде Британ әкімшілігіне олардың екеуі де наразылық білдірді.

Жоғарыда айтып кеткен Нордаудың осындай ұсыныстарынан бірінші жылдары Ұлыбритания үкіметінің еврей иммиграциясының күшейген темптеріне аса назар аудармағанын көре аламыз. Тек 1922 жылдың мамырында колониялар министрі У.Черчилльдің “Ақ кітабы” жарық көреді. Онда “Бальфур декларациясы Палестинаны еврейлердің ұлттық ошағына айналдыруды көздемегені және еврейлердің Палестинаға иммиграциясы мемлекеттің экономикалық сыйымдылығын ескере отырып жүргізілуі керек”,- деп жазылды.

Ағылшындардың мұндай реакциясы оның еврейлердің Палестинаға бақылаусыз иммиграциясының маңызды экономикалық және демографиялық нәтижелеріне байланысты ойлануымен түсіндіріледі. Лондонда егер еврей иммиграциясына белгілі бір шек қоймаса, арабтар мен еврейлердің қатынастары міндетті түрде шиеленіседі, ал бұл өз алдына мандаттық биліктің барлық жүйесіне негативті әсерін тигізетінін білді.

Палестина арабтарының ағылшын үкіметінен Палестинаның 90% халқының мүдделерін ескеруін сұрауы нәтиже бермеді. 1920 жылы желтоқсанда Хайфада жиналған Араб конгресі өз шешімдерін ағылшын үкіметіне жеткізе алмады, себебі олардың өкілдерін Даунинг-стритке жібермеді. Ағылшындар палестиналықтардың мемлекеті немесе біріккен араб-еврей мемлекеті туралы ештеңе естігілері келмеді. Сонымен, палестиналықтар оларға ең көп дегенде автономия ғана беретінін түсінді.

Осыған байланысты, арабтардың антиағылшындық қозғалыстары пайда болды. 1920 жылы мамырда Яффада болған араб-еврей қатынасын зерттеген Хэйкрофтың арнайы комиссиясы Палестинаның екі негізгі этникалық топтары арасындағы шиеленісті реттеу тек оларды тыныштандыру нәтижесінде ғана мүмкін екендігін айтты. Яғни, арабтар ағылшындардың “еврейлердің ұлттық ошағы” идеясына келісу керек, ал еврейлер бұл идеяны жүзеге асыру барысында шектен тыс шығып кететін ешқандай талаптарды қоймау керек болды.

1921 жылы мамырда Иерусалимде өткен төртінші араб конгресі ағылшын мандаттық билігінен Палестинада арабтардың және еврейлердің Заң шығарушы кеңесін құруды сұрады. 22 ақпанда Кеңестің жобасы жарияланды, ол бойынша, оған Палестина бойынша Жоғарғы комиссар, тағайындалатын 10 ресми мүше (тек ағылшындар), Палестина халқы сайлайтын 12 ресми емес мүше, 18 мұсылман, 2 христиан және 2 еврей кіруі тиіс еді. Жоба бойынша Жоғарғы комиссардың кез-келген заңға байланысты вето жариялау құқығы болды.

Бірақ, палестиналықтар бұл жобамен келіспеді, себебі келешек қабылданатын заңдардың барлығы мандаттық режимді және арабтардың еврейлерге қарағанда тең емес құқықтарын сақтауға бағытталатынын түсінікті болды. Черчилль оны теріске шығаруға тырысқанымен, арабтар одан бас тартты. Ағылшындар оны қанағаттанбаған интеллигенттер әрекеті деп қате есептеді. Ал, сионистер болса, арабтардың мұндай әрекеті араб феодалдарының позицияларын әлсіретіп отыр деп түсінді. Олар Палестина арабтарыныңсаналарының өскенін, осындай терең процесті түсіне алмады. Бұдан ағылшын комиссиясы даулы, бірақ бір жағынан дұрыс қорытынды шығарды: “Араб шаруалары мен Палестинаның ауыл тұрғындары мүмкін тіпті кейбір Европалық халықтардан да саяси жағына келгенде жоғарырақ болып табылады”.

1920-1930 жылдары Палестина арабтарының ағылшындарға қарсы шығуларында ағылшын мандатын тоқтату, Палестинаға еврей иммиграциясын қысқарту сияқты ашық саяси талаптары да оған дәлел бола алады. Бірақ, 1920-1930 жылдары кең етек алған палестиналықтардың ұлттық бас көтерулеріне не мандаттық билеушілер, не мандаттық басшылар үлкен мән бермеді, себебі олар еврей иммиграциясының өсуі мен еврей колониалистерінің сәттіліктері нәтижесінде Палестина арабтары ерте ме, кеш пе “еврейлердің ұлттық ошағы” идеясымен келісуге мәжбүр болатынына сенімді еді. Алайда, мұндай ойлары теріс болып шықты. 1936 жылы Палестина арабтарының өз құқықтары үшін көтерілістері үлкен көтеріліске ұласты. Бұл сионистердің жоспарын жүзеге асыруды қиындатты.

Оған қарамастан, сионистер де, ағылшындар да арабтардың антисионистік бас көтерулері тек реакциялық сипаттағы араб феодалдарының әрекеттері деп түсінді. Еврейлер өз Отандастарын басқа мемлекеттерден көшіруді тоқтатпады. Олар тіпті фашистік Германиямен еврейлерді Палестинаға көшіру туралы “Хаарава” атты саяси келісім жасасты.

Сонымен, палестинадағы “еврей ұлттыық ошағы” біртіндеп “мемлекет ішіндегі мемлекетке” айнала бастады. Еврей қауымдастығы-ишувтердің барлық ішкі мәселелерін Ұлттық Кеңес шешетін, ал мандаттық билеушелер мен Бүкіләлемдік сионистік ұйым арасындағы қатынастармен “Палестинаның сионистік атқарушы комитеті” (кейін “Еврей агенттігі”) айналысып отырды.

Еврей агенттігі Бүкіләлемдік Сиоинистік ұйымның қаржылары мен мүмкіндіктерін барынша пайдаланды: ол Палестинаның еврей секторындағы экономиканың дамуын бақылады, жаңа мектептер, аураханалар салып, табиғи ресурстарды эксплуатацияға ұшыратты. Олар “еңбекті жаулап алу”, “жерді жаулап алу” және “тілді жаулап алу” сияқты ұрандарын жариялады. Ол дегеніміз-кәсіпорындарды монополизациялау, оларда негізінен еврейлердің жұмысшы күштерін пайдалану және иврит тілін өркендетіп, Палестинада жалғыз сөйлеу тіліне айналдыру.

Палестинада 1936 жылы қарашаның аяғы мен 1937 жылдың басында болған лорд Пиллдің корольдік миссиясы палестинадағы мандаттық режим ескірді және қазір ол жерде арабтар мен еврейлер арасындағы шешілмейтін, өте күрделі конфликт туындады деген қорытындыға келеді. Комиссия Палестинадағы арабтар мен еврейлердің басшылығын шақырып, территорияның бөліну мүмкіндігін қарастыратын конференцияны шақыруды ұсынды. Осы мәселеге байланысты 1939 жылы ақпанда Лондонда Сент-Джеймс конференциясы өз жұмысын бастайды. Сионистердің айтуы бойынша, онда Британ үкіметінің арабтарға бұрылғаны көрініп тұрды. Арабтардың сұрауымен Британ үкіметі арабтар жағымен және еврейлер жағымен жеке-жеке кездесулер өткізді. Ағылшындардың Иордан өзенінің батысына қарай Палестина мемлекетін құру жоспары қарсылыққа кезікті, себебі Палестина территриясында арабтар да, еврейлер де өзінің тәуелсіз мемлекетін құру туралы ойлап жүрді.  Алайда, бұл жерде Пилл комиссиясының ұсынысы реалистік сипатта болғанын атап өту керек, себебі Палестинада екі біріккен араб-еврей мемлекетін құру мүмкін емес еді және оған не арабтар жағы, не еврейлер жағы келісімін бермейтін еді.

1939 жылы мамырда Ұлыбританияның колониялар мәселелері бойынша министрі Р.Макдональдтың “Ақ кітабы” шығады. Ол бойынша, 10 жылдан кейін араб көпшілігі бар тәуелсіз мемлекет құрылуы керек болатын, еврейлердің жерді сатып алуын шектеу немесе оған мүлдем тыйым салыну керек болатын. Еврейлер қауымдастығы “Ақ кітаптан” бірден бас тартты. Ол кезде еврейлер арасында бен Гурионның: “Гитлермен Ақ кітап жоқтай күресу және Ақ кітаппен Гитлер жоқтай күресу” деген сөзі өте әйгілі болды.

Палестина көтерілістері 1939 жылдың ортасына таман аяқталды, араб халқы көптген шығындарға ұшырады. Ағылшындардың мәліметтері бойынша, 3074 араб өлтірілді және тек 1939 жылдың өзінде 6000 араб концлагерьлерге жабылды. Жалпы осы көтерілістерде еврей жағынын “Хагана” атты шовинистік ұйым, “Иргун Цвай Леуми” атты экстремистік ұйым, “Штерн” атты террористік топ және т.б. белсенділік танытты.

Егер 1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетпегенде, Палестинаны бөлу мәселесі бұрынырақ басталар еді. Оны пайдаланған сионистер енді АҚШ-ты өз жағына тартып, онымен одақтаса бастады.

Сонымен қатар, сионистер жергілікті арабтардың жерлерін, Палестинаның ірі компанияларын, банктерін сатып ала бастады. Жер-жерде шашырап, Палестина халқының азшылығын құрап отырған еврейлер бұның бәрін қалай сатып алды деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Олардың барлығы шетелден келген капитал есебінен қолға түсіріліп отырылды. Капиталды Ротшильд сияқты бай сионистер беріп отырды. Әрине ақшаның барлығы ишувтерді (Палестинадағы еврейлер) дамытып, көтеру мақсатында аударылды. Мысалы, 1917 жылдан 1946 жылдың қыркүйегіне дейін тек сый ретінде берілген ақша $44,1 млн.-ды құрады. Оған қоса, Мемелекеттің капиталистік дамуы үшін Германия өз мамандарын жіберді. Сонымен, 1943 жылы елдегі бүкіл өнеркәсіп кәсіпорындарының 55%-ы және өнеркәсіпке салынған инвестицияның 80-90%-ы ишувтердің үлесінде еді4. Әрине, еврейлер арабтарға қарағанда барлық жағынан өте ұйымдасқан болатын. Оны арабтардың атақты жазушыларының бірі С.Хадавидің өзі де мойындады.

Наразылығы күшейген және ұлт-азаттық көтерілістерді жүргізіп отырған арабтар 1935-1937 жылдардың өзінде көптеген партияларды құрады, ал 1945 жылы 23 қарашада олардың барлығы Жоғарғы араб комитетіне біріктіріледі. Ол әрине араб халқының қамын ойлап, солардың сөзін сөйлейтін ұйым болды, бірақ араб басшыларының арасында кикілжіңдер мен кектесу нәтижесінде әлсіреп, ыдырайды. Ал, сионистер ұйымдасқан ауызбіршілікпен біртіндеп Палестина жерін жаулай береді.

Ірі державалар тарапынан қолдау тапқан сионистер тіпті басқа шыға бастады. 1942 жылдың 11 мамырында АҚШ-тың Билтмор қонақ үйінде Америка, Европа және Палестина сионистері бас қосқан конференция өтеді. Онда сионистердің жаңа бағдарламасы жарияланады. Ондағы негізгі талаптар:

1) Бүкіл Палестина территориясын қамтитын жылдам түрде еврей мемлекетін құру;

2) Палестинаға еврейлердің шексіз қоныс аударуы;

3) Ишув әскерін құру.

Билтмор бағдарламасы 1942 жылдың қарашасында сионистердің Жоғарғы Кеңесі-Ішкі бас кеңеспен Иерусалимде мақұлданып, халықаралық сионизмнің ресми саясатына айналды.

Бірақ, Ұлыбритания еврейлердің қарулы күштерін құруға қарсы болады, себебі ол сол кезде ишувтерді мойындау болып табылатын және араб елдеріндегі жағдайды мүлдем шиеленістіріп жіберетін еді. Алайда, екінші дүниежүзілік соғыс яқталар алдында Англия АҚШ қысымының нәтижесінде ғана келісіп, бірақ олардың өз жалауларының болуына тыйым салды.

1945 жылы 31 тамызда АҚШ президенті Трумэн ағылшын премьер-министрі Эттлиге хат жібереді, онда ол Европадан Палестинаға 100 мың еврейлерді кіргізуді талап етеді. Бұл-АҚШ-тың Палестина мәселесіне тікелей араласа бастағанын білдіреді. Кейбір әдебиетерде Американың Палестинаға белсенді араласа бастауын келе жатқан президенттік сайлаулармен байланыстырады. Себебі оның қалай болатынына 5 млн. сайлаушы еврейлер мен еврейлердің ірі қаржы магнаттары да әсер ете алды, сионистердің бағдарламалары республикалық және демократиялық партия бағдарламаларына қосылды. Сонымен қатар, АҚШ-тың Палестинаға қатысты саясаты ірі империалистік бәсекелес-Англия мен АҚШ-тың арасалмағына да әсерін тигізетін еді.

Англия “Палестинадағы жағдайды” сылтауратып, одан бас тартты, бірақ Палестина мәселесімен айналысатын Біріккен ағылшын-американ комиссиясын құруды ұсынды. Өйткені ол кезде араб әлемінде жағдай шиеленісіп тұрған болатын: ұлт-азаттық қозғалыстар күннен-күнге кең етек алды, оған қоса 1945 жылы наурызда Араб Елдерінің Лигасы құрылды.

Ағылшын-американ комиссиясының бағыты біржақты еврейлік болған жоқ, себебі олар араб елдерінің КСРО-дан көмек сұрауынан қорықты.

1946 жылдың шілдесінде жаңа ағылшын-американ комиссиясы құрылады. Олардың жұмысының нәтижесі-“Моррисон жоспары” болып табылады. Ол бойынша, Палестинада 4 бөліктен тұратын федерация құрылу керек болды: 1) араб автономиясы, 2) еврей автономиясы, 3) ағылшын билігіндегі Негев провинциясы және 4) ағылшын билігіндегі Иерусалим провинциясы. Бірақ, АҚШ оны дұрыс деп таппады. Мұнда оның екі жақты саясаты көрінді, яғни біріншіден, Таяу Шығыстағы мұнай үшін арабтармен қатынасты нашарлатпау, ал екіншіден, ағылшын бәсекелесін ығыстыру үшін күннен-күнге ұлғайып келе жатқан арабтардың қозғалыстарын басу үшін еврейлерді қолдау.

1947 жылы қаңтарда Лондонда арабтар және еврейлер қатысуымен “Моррисон жоспарын” талқылау үшін конференция өткізіледі. Бірақ, ол ешқандай нәтиже бермеді. Ақпанда Англия “Бевин жоспарын” ұсынды. Ол бойынша, Палестина жартылай автономиялы араб және жартылай автономиялы еврей мемлекеттеріне бөліну керек болатын, ал олардың еекуі де 5 жыл ағылшын әкімшілігімен басқарылуы тиіс еді. Әрине, арабтар да, еврейлер де “Бевин жоспарынан” бас тартты.

Палестина мәселесіне Америка да белсенді араласты. 1947 жылы 19 қаңтарда АҚШ президентімен Палестинаға барып қайтқан Болдуин миссиясы өз ұсыныстарымен бөліседі. Онда негізінен еврейлердің құқықтары басым болады және арабтар ешқашан Палестинаны билемеген деген тұжырымға келеді. Болдуин ұсыныстары мынадай болады:

1) Палестинада белгілі бір шекара аумағында еврей мемлекетін құру;

2) Бұл мемлекетті БҰҰ-да тану;

3) Палестина мемлекетінде еврей сайлаушыларын қосып, сайлау өткізу;

4) Сайлау өте салысымен, Палестинаға ағылшын мандатын жою,

5) 5-жылға БҰҰ-ның комисиясын құру, ол территорияның Британ үкіметінен тазартылуын және еврейлер мен арабтар арасындағы жерді сату-сатып алуды қадағалауы тиіс болды;

6) АҚШ Трансиорданияны мойындайды және оның БҰҰ-на кіруіне көмектесу керек;

7) АҚШ Палестинаға 3млн. көлемінде заем береді және Иордан өзенінің суын гидоэнегргетикалық және ирригациялық мақсаттарда пайдаланатыны туралы келісім жасайды;

8) Палестина өз әскерін құрғанға дейін онда халықаралық қарулы күштер қызмет атқаруы керек.

Билтмор жоспарын еврейлер жақсы қарсы алғанмен, арабтар оған наразы болады. Сонда да, бұл жоспар алдыңғылары сияқты еш нәтиже бермей, жүзеге аспай қалады. Империалистер қалай болса да Палестинаны өз қолдарында сақтап қалғысы келеді. 1946 жылы ағылшын үкіметі өз позициясының төмендегенін түсінді және оны АҚШ-қа беруге тырысты. Бірақ, АҚШ оған әлі дайын емес екендігін айтты.

Ұлыбритания мандатарий держава ретінде өз тарапынан бұл мәселені реттеуге тырысты. Алайда, оның барлығы тығырыққа тірелді. Сөйтіп ол бұл мәселені 1947 жылы 17 ақпанда БҰҰ-ның қарауына ұсынады. Ал, қаңтар-сәуірінен бастап Палестина мәселесін Бас Ассамблеяның келесі сессияларына қосуды ресми сұрады. Бірақ, БҰҰ-ның шешімі Англия үшін аса маңызды болған жоқ, ол бұл ұйымның шешімін тек кеңес ретінде қарастырды.

Палестина мәселесін БҰҰ-ның талқылауына беруге АҚШ та қарсы емес еді. Оның ойынша, бұны талқылау және түрлі келісімдер жасау барысында олар Палестинаны өз қолдарына түсре алады. Басында ол жерге ағылшын-американ бақылауын орнатып, кейін оны түгелдей өз қолдарына түсіруге болады деп ойлады. .

Арабтар БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында бұл территорияда ағылшын мандатын тоқтату туралы және Палестинаның тәуелсіздігін жариялау туралы ұсыныстарын айтты. Еврейлер агенттігінің өкілдері болса Палестина территориясында тек еврейлер мемлекетінің құрылуын талап етті. Ал, Совет Одағы Палестинаның тәуелсіздігін жариялауды талап етті, сонымен қатар ол біріккен арабтық-еврейлік федеративтік мемлекет құруды ұсынды.

Сөйтіп, бұл мәселені шешу тығырыққа тіреліп, көптеген ұсыныстардың пайда болуына байланысты, БҰҰ 1947 жылдың 15 мамырында Палестина мәселесін зерттеп, шешуді арнайы құрылған комиссияға жүктеді. 11 мемлекеттен тұрған оған ұлы державалар кірмеді. Бұл комиссия өз жұмысын 26 мамыода бастап, 31 тамызда өз баяндамасын ұсынды. Олардың жұмыстарында барлығы бірдей келіскен және ажырап кеткен жерлері де болды. Комиссияның барлық мүшелері бір ауыздан Англия мандатын тоқтату керектігін және Палестинаның тәуелсіздігін жариялау қажеттігін айты. Ал, өтпелі кезең тұсында мемлекеттегі жағдайды БҰҰ-ның бақылауындағы мандатарий реттеп отыру керек (мемлекеттің экономикалық біртұтастығын, діни қасиетті жерлерді қорғау т.б.).

1947 жылы 29 қарашада БҰҰ-ның Бас Асамблеясы арнайы комиссияның “көпшілік жоспарын” басшылыққы алып, 2 3 дауыспен 181 ІІ қарарын қабылдайды. Ол бойынша, Палестинаға Англияның мандаты жойылды, Палестина жері арабтардың және еврейлердің территорияларына бөлініп кетті, Иерусалим және оның маңы ерекше халықаралық режимі бар әкімшілік бірлікке айналды және ол БҰҰ-ның Қамқорлық жөніндегі Кеңесіне берілді.Қарар үшін 33 мемлекет дауыс берді (АҚШ және КСРО-мен қатар), 13 мемлекет қарсы болды, ал 10 мемлекет ешқайсысына да дауысын бермеді (Ұлыбртианиямен қатар). Қарарда: “Палестинаға Англияның мандаты қысқа мерзімде, 1948 жылдың 1 тамызына дейін аяқталуы керек”,- деп жазылған5.

Палестинаны бөлуге қарсы дауыс берген мемлекетер ішінде 6 араб мемлекеттері (Египет, Ирак, Сирия, Ливан, Сауд Аравиясы, Йемен), 5 Азия мемлекеттері (Түркия, Иран, Үндістан, Пакистан, Ауғанстан) және Греция мен Куба болды. Яғни, бұрынғы бүкіл отарлық Азия мен Таяу Шығыс дерлік бұл қарарға қарсы болды. Бұл мемлекеттердің қарсы болуының 3 себебі бар:

1) Олардың саясаты айқын антиколониалдық сипатта болды;

2) Олардың барлығы еврей мемлекетін құруға қарсы болды;

3) Араб және азиялық елдердің қарсы ұсыныстары олардың өскенігін және ондағы халық үшін жаңа дәуірдің басталғанын көрсетеді.

Араб және Азия мемлекеттері біртұтас араб халқының автономиясын құруды ұсынды. Түркия және Иран сияқты мұмылмен мемлекеттері үшін діни фактор да маңызды роль атқарды.

Франция болса, Палестина мәселесіне аса араласпады, себебі оның өзінің Үндіқытай, Сирия, Ливан және Мағриб елдерінде проблемалары жеткілікті болды, ал Чанкайшистік Қытай өз дауысын Америкаға берген болатын

Қарар бойынша, араб мемлекетіне 11,1 мың шаршы шақырым территория, яғни Палестина территориясының 43-ы берілді (мемлекеттің орталық және шығыс бөлігі, батыс Галилея, Ашдодтан Газаға дейінгі жағалау, яғни Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторы және анклав ретінде Яффа қаласы), ал еврей мемлекетіне 14,1 мың шаршы шақырым территория немесе бүкіл палестинаның 56-ы берілді (Шығыс Галилея, Эздрелон даласы, Негев шөлінің көп бөлігі, Хайфадан кеінгі жағалау). Араб мемлекетінде 549 мың араб және 95 мың еврей, еврей мемлекетінде 499 мың еврей мен 510 мың араб тұруы керек болды. Иерусалим қаласы бейтарап аймақ болып жарияланды, себебі онда 3 діннің де-ислам, христиан және иудаизмнің қасиетті орындары бар (Иисус Христос туған үңгірдің үстіндегі храм, Стена плача, Гефсиман бағы, Мұхаммед Пайғамбар дүниеге келген жерде салынған Омар мешіті және т.б. ). Бұл жерде 59690 еврей және 105540 араб тұруы тиіс еді


Скачать


zharar.kz