Кассадағы қолма-қол ақшаның және ағымдағы банктік шоттардағы ақшаның есебі туралы қазақша реферат
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 1010 — «Кассадағы ақша қаражаттары» активті жинақтаушы шоттарында жүргізіледі.
Кассадан акша беру кассалық шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның кол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир, ақша алушының телқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені — жазумен, тиынды — сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты керсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (телем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлерінен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Жалақы, уақытша еңбекке кабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі (ведомосы) бойынша таратылады, оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер кол қояды.
Банктен акша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир телем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің түсына мөртабан соғады немесе «Депозитке салынды» деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)» деген жазу жазылады. Толтырылған төлем тізімдемесі келтіріліп отыр. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Мысалы Астана Континент ЛТД ЖШС кассалық кіріс ордері бойынша 12 маусымда толтырылған ағымдағы банктік шоттардан алған 100000 тг. қабылданды, берілетін бухгалтерлік жазулар:
Дт 1010 Кт 1030 100000 тг.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар керсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген және баска да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс жөне шығыс касса ордерлері толтырылады.
Мысалы Астана Континент ЛТД ЖШС кассалық шығыс ордері бойынша 19 маусымда толтырылған есеп беруші тұлға С.С.Мусаиновқа 100000 тг. берілді, берілетін бухгалтерлік жазулар:
Дт 1250 Кт 1010 100000 тг.
Касса ордерлері бойынша ақшаны кабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде керсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша кұжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып » Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (ү. № КО-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі (келбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың, жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес белігінің бет жағынан («Басталған күніне дейінгі қалдығы» деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының келбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. «Соның ішінде жалақыға» деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Астана Континент ЛТД ЖШС кішігірім кәсіпорын болғандықтан касса есебі аптасына бір рет жасалады. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі қүжаттың нөмірі, корреспонденщияланған шоты, сомасы (кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің кол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланған шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1010 — «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне карай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 1010 шоттың калдығына сәйкес келуге тиіс.
Кассаға ақша кірістелген кезде 1010 — «‘Кассадағы ақша қаражаты» шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:
1030- «Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаты» шоты – кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;
1250- «Қызметкерлердің және басқа да адамдардың қарыздары» қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-таражға түскен сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген карыздар;
6010 — «Өнімдерді өткізу мен кызметтер көрсетуден түскен табыс» шоты материалдар, жұмыстар ыен кызметтер үшін қолма-кол ақшамен есеп айырысқан кезінде.
Кассадан ақша берілген кезде 1010-шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттары дебеттеледі:
3350 — «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шоты — кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбекақысының сомасына;
1250 — «Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары» шоты — кәсіпорын қыэметкерлерінің есебіне берілген сомаға;
1030 — «Ағымдағы банктік шотындағы акша қаражаттары» шоты — кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа да түсімнің сомасына.
«Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі.Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1010 -«Кассадағы ақша қаражаттары» шотында ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүрпзілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 1010 — шоты дебеттеледі де және мына темендегі шоттар кредиттеледі:
1040 — «Карт шоттардағы ақша қаражаттары» шоты — валюта шотынан валюта түскен кезде;
1210 — «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты — кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;
6250 — «Бағам айырмашылығынан түскен табыс» шоты — тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының сомасына;
1250 — «Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары» шоты — есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
Валюта кассасынан валюта берген кезде — 1010 — шот кредиттеледі және мына темендегі шоттар дебеттеледі:
1250 — «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты — есебіне берілген шетел валютасының сомасына;
1040 — «Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша» шоты — валюта шотына еткізілген валюта сомасына;
7430 — «Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар» шоты — тиісті валюталарға қатысты теңге багамының кетерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылыктары сомасына.
Субъектінің оперативтік кассасындагы қолма-қол ақшаның есебі.Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады. №1034 6 тамызда шыққан Қазақстан Республикасының Үкіметінің каулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің (әсіресе, сауда және қызмет көрсететін кәсіпорындар) Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалык, машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.
ТЖБКМ көмегімен есептеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарын сатып алушыларға бақылаушы-кассалық машинаның чегін беруге міндетті, өйткені ол сатушы мен сатып алушының арасындағы алып-сату келісім-шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын қуаттайды.
Кассалық аппаратгарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден өткізеді. Оны тірекуден өткізу үшін келесідей кұжаттарды ұсыну керек: арыз, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден еткені туралы куәлігінің көшірмесі, БКМ (бақылаушы-кассалық машина) паспорты; қолма-қол акшаны тіркейтін журналы т.б. Арыздың нысаны төменде келтірілген. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салык органынын өкілетті инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын кондырғыға пароль енізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында сақталады.
Акша операциялык, кассаға түскен кезде 1010 «Операциялық кассадағы қолма-қол акша» аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:
6010 — «Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс» шоты және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;
1210 — «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді берешегі» шоты — сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің кассаға алынған сомаға.
Кәсіпорын кассасына тускен түсімді өткізгенде — 1010 шоты дебеттеледі де, ал 1010 шотының «Операциялық кассадағы қолма-қол ақша» субшоты кредиттеледі.
Есеп айырысу шотындагы қолма-қол ақшаның есебі. Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспондентгік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін керсетуді ез міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мөліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық телеуші-шот иесінің тіркеме немірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды телеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген баска да жағдайлар карастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазакстан Республикасының резиденті — заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қал үлгілері және мөр тақбасы бар; клиентгің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты; аудандык еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Казақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (кайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген кұжаттың көшірмесі; Қазакстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау телеуге және әрекет етіп тұрган заң актілері мен келісімшартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.
Егер де банкте шот иесіиің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының фактысы анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы.
Банктегі шоттардың кешірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру (жеткізу) қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есеп шоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына (тосқауыл қою) немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкітегі есеп шоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді (қаулыларды) қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылатын занды тұлғалар Қазакстан Республикасының заңына сөйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекетгік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.
Есеп айырысу және басқа да шоттары рәсімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланылады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол акшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы акша қаражаттары» шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады жене ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі — бет есебі болып калады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің «көшірме үшін» мерінің таңбасымен (оттискісімен) расталынады.
Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе клиент өкілінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке карточкада қойған колы болуы керек. Банк кешірмесі төменде келітіріліп отыр.
Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің кате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1030 — «Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаты» шоты кредитінен 1280 — «Басқа да дебиторлық қарыздар» шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1030 — шоттың дебеті және 3390 — «Басқа да кредиторлық қарыздар» шотының кредит! бойынша көрініс табады.
Мысалы Астана Континент ЛТД ЖШС 6-шы наурыздағы банк көшірмесінің алғашқы құжаттары негізінде төлем тапсырмасы толтырылған, онда Цинк НС ЖШС химикат үшін төлем 251125 тг. және Қозыбаев жеке кәсіпкердің қаптар үшін төлем 120000 тг. төленді, берілетін бухгалтерлік жазулар:
Дт 3310 1 Кт 1030 215125 тг.
Дт 3310 2 Кт 1030 120000 тг.
Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Занды тұлға — шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе занды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезенде акша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал баска жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасауы тиіс.
Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде — шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтаруы керек.
3510 — «Қысқа мерзімді алынған аванстар», 4410 — «Ұзақ мерзімді алынған аванстар» шоттары — сатып .алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстарына.
1030 — «Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаттары» шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:
3310 — «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты -алынған өндірістік қорлар, орындалған жұмыстар, керсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің акцептелген шоттарының төлемақысына;
1010 — «Кассадағы ақша қаражаттары» шоты — еңбек ақыға, іс-сапарларға және басқа да тыбыстарға жұмсауға арналған кассаға алынған сомасына;
3010 — «Қысқа мерзімді банктік қарыздар», 4010 — «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар» шоттары — есеп айырысу шотынан өтелген банк несиелері мен заем қаражаттарының сомасына;
3310 — «Еншілес серіктестіктерге қысқа мерзімді қарыздар», 4120 — «Еншілес серіктестіктерге ұзақ мерзімді қарыздар», шоттары -еншілес және төуелді серіктестіктерге есеп айырысу шотынан карыздарды өтеуге;
3100 — «Салықтар бойынша міндеттемелер» шоттары — салыктар бойынша бюджетке телемдер төленгенде;
3410 — «Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер», 4210 «Ұзақ мерзімді кепілдік міндеттемелер», — жеке және мүліктерін сактандыру бойынша қарыз сомасын төлегенде;
3110 — «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы» — бюджетке корпоративтік табыс салығын төлегенде.
1610 — «Берілген қысқа мерзімді аванстар», 2910 — «Берілген ұзақ мерзімді аванстар» шоттары — жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген аванс сомаларына