Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде - заңды тұлға

Скачать


Жоспар
Кіріспе…..3-5

І-ТАРАУ .Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде –заңды тұлға…..6-14
ІІ –ТАРАУ.Заңды тұлғаларды құру және тарату…..15-19
ІІІ –ТАРАУ.Заңды тұлғалардың статистикалық ақпараты……19-21

Қорытынды……..22-24
Қолданылған әдебиеттер тізімі…….25

КІРІСПЕ

Экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесінде әрқайсысы өз функцияларын орындайтын жеке және мемлекеттік меншіктің үйлесуі мен өзара әрекеттесуімен бәсекелестік бастауларға негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыруға мемлекетіміздің ұстанған бағыты тиісті инфрақұрылым және соның ішінде нарықтық құқықтық қатынастардың аса маңызды қатысушылары – заңды тұлғалардың мәнін түсінуге өркениетті ыңғайларды құру міндетін алға тартады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: Біз қазіргі кәсіпорындардың қалпына келтірілуін және шағын және орта бизнестен жаңа кәсіпорындардың құрылуын тоқтатып тұратын құрылымдық кедергілерді жойып, соңғы жеті жылда қалыптасқан нарықтық экономикамызға серпін беретін шараларды қабылдауымыз қажет. Бұл шаралар өсіп – есейіп, әрі қарай өркендей беруіміз үшін біздің экономикамызға ауадай қажет деп атап өтті.

Нарықтық экономикаға көшу мүліктік қатынастардағы азаматтардың құқықтық мәртебелерінің өзгеруіне әкеп соғып, шаруашылық өмірдің дамуы азаматтық құқық субъектілерінің бірі – жеке тұлғалардың құқықтық реттелуіне ғана әсерін тигізіп қоймай, өзгерістер заңды тұлғалардың қызметіне, жүйесіне, айналымдағы мәртебелері мен ішкі құрылымына да барынша ықпал етті.
Заңды тұлғаның құрылымының өзін, оның ұғымын, белгілерін, осы феноменның даму тарихын, сол сияқты ұйымның жекелеген нысандарының құқықтық жағдайын зерделеуге, шын мәнінде, әрі ғылыми-теориялық, сол сияқты оқу қолданбалы, кешенді әрі арнаулы кең көлемді еңбектер арналған.

Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бар ұйымдық бірлік.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

Өз қызметінің мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.

Коммециялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен таңылған бірінғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның , оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ,мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән –мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И. Аскназий мемлекттік ілімнің авторы. Ол былай деп айтқан: мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі турады да, шаруаылық қызметтің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған егер олай болса мемлекет өзімен- өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой деген уәж айтады.

Ал ғалым Д.М. Генкин әлеуметтік ақиқат теориясын ұсынады,яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи- экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой директор ілімін алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші – директоры болып табылады.

Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың әлеуметтік байланыстар ілімі , А.А. Пушкиннің ұйымдастыру ілімі , Е.А.Суховтың мақсатты мүлік тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтеп, заңды тұлғағаға адамдардың қатынасы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүдесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әреті заңды тұлғаның әрекетінен көрінкді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.

Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін жасырын атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.

Заңды тұлға туралы ілімде осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылысы екендігін анық дәлелдей түсінеді.
Менім осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де осы тақырыптың маңыздылығын ашып көрсету болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігімен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.

Осы курстық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатым Азаматтық кодексте көрсетілген заңды тұлға тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау.

Осы мақсатты жүзеге асыруда алдыма қойған ең негізгі міндетім: ол заңды тұлға ұғымына тоқталу, және осы заңды тұлға құрамына кіретін қатысушылардың құқықтық жағдайын ашып көрсету және де осы заңды тұлға тақырыбына жазылған курстық жұмыста ең өзекті мәселе оның маңыздылығын ашып көрсету.

Курстық жұмыстың мазмұны кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттен тұрады.

 Курстық жұмыс 25 бет


Скачать


zharar.kz