Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

Скачать

Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ аулының жағдайы:


1. Жаңа экономикалық саясат тұсында ауылда ұжымдық шаруашылық, серiктестiк, артельдер, кооперациялар құрылды.

2. Сауатсыздықты жою, кедейлер арасында ағарту жұмыстары жүргiзiлдi.

3. Мал басының саны 29,9 миллионнан 40,5 миллионға жеттi.

4. Бiрақ Голощекин идеясы жаңа экономикалық саясаттың негiзгi принциптерiн бұзды.

5. Ф.И.Голощекиннiң тап күресiн шиеленiстiру нәтижесiнде наразылық туды. Ұлттық зиялылардың шағын бөлiгi қуғынға ұшырады. Мысалы, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев.

6. Ф.И.Голощекин селолар мен ауылдарға 4800 уәкiл жiберiп, жазалау шараларын жүргiздi.

7. Қазақстан Орталық Атқару Комитетi мен халық Комиссарлар Кеңесiнiң 1928 жылғы 27 тамыздағы «Аса iрi бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркiлеу және жер аудару туралы” декретi бай шаруашылықтарды тәркiлеп, 700-ден артығын жер аударды. 

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: 

Коммунистiк партияның ХV съезi ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақ АКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылы аяқтау белгiлендi. Ұжымдастыру қуғындау мен террорға негiзделдi. 
Уақыты Негiзгi оқиғалар
1929 жыл Колхоз құрылысы басталды. Алғашқы МТС-тер құрылды. Ресейден 1204 жиырма бес мыңдықшылар келдi. 1929 жыл,

желтоқсан Жеделдету, күштеп ұжымдастыру туралы бiрнеше нұсқаулар берiлдi. 1931 жыл, 25 желтоқсан Көшпелi және жартылай көшпелi еңбекшi шаруашылықтарының бәрiн 1932 жылы отырықшыландыру жөнiндегi жоспарлы шарамен қамту мiндетiн қойды. 1928 жыл Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% ұжымдастырылды. 1930 жыл 3 сәуiр 56,4% ұжымдастырылды. 1931 жыл қазан 65% ұжымдастырылды. 1932 жыл Шу ауданында 400 киiз үй «қала” үлгiсiндегi поселке болып тiгiлдi. 1932 жыл Абыралы ауданында барлық шаруашылықтың 70%, Жымпитыда  60%, Жәнiбек ауданында 95% ұжымдастырылды. 1929 жыл Азық-түлiкпен қамтамасыз ету үшiн ауыл шаруашылық өнiмiн дайындауға нұсқау берiлдi. Малға салғырт салынды. Халықтың қолындағы мал алына бастады. 1930 жыл

4 ақпан Құпия нұсқау бойынша ықпалды шаруаларды, бiлiмдi, алғыр адамдарды ауылдардан қуды. 1931 жыл 5500 отбасы қамауға алынды, жер аударылды. Мүлiктерi тәркiлендi. 1932 жыл Колхозшылар шаруашылықтарының 87% өз малынан мүлде айрылды. 1930-32 жылдар Аштық етек алды. 1930 жыл Аштан 313 мың адам өлдi. 1931 жыл Аштан 755 мың адам өлдi. 1932 жыл Аштан 769 мың адам өлдi немесе көшiп кеттi. 1930-31 жылдар 1 млн. 70 мың адам көшiп кеттi.


Скачать


zharar.kz