Жоспар.
Кіріспе………3
I Бөлім. Инновацияның жалпы мазмұны және классификациясы.
1.1. Инновацияның мәні, белгілері және түрлері…..5
1.2. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері……..7
1.3. Инновация әсерлерін бағалау және өлшеу…….12
II Бөлім. Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
2.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау……17
2.2. Ұйым және инновациялық қызметті қаржыландыру……20
2.3. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық қызметі……25
III Бөлім. Қазақстанның инновациялық қызметін ұйымдастыру жолдары.
3.1. ҚР-ның инновациялық қызметінің маңызы және саясаты……29
3.2. ҚР-ның инновациялық қызметін сақтандыру ісі………34
3.3. Инновациялық қызметтерді басқарудағы жаңа тәсілдері….37
Қорытынды……….41
Пайдаланылған әдебиеттер……42
Қосымша.
Кіріспе.
Инновация: 1) техникалар мен технологиялардың ауысуымен қамтамасыз етуге байланысты экономикаға қаржы жұмсау;
2) ғылыми техникалық прогрестің жетістігі нәтижесінде жаңа техника мен технология. Инновацияны анықтайтын фактор ─ ол өнертапқыштық, оңтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару болып табылады.
Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция арқылы жаңа құрылыстарды салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құруды қамтамсыз етеді. Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке меншігіндегі қаржыларына және қарыз қаражаттарынан құралады. Инновациялық менеджмент банк несиесі, бағалы қағаздар, ақша және тауарлар нарығына сүйеніп, іс жасайды. Инвестицияны қатыстыра отырып, өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.
Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатынастардың тиімділігін белгілеу: өндірістік субъектілермен, инвесторлармен (тапсырыс беруші), жұмыс атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалау жөніндегі қызметін үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе ─ оның нәтижелілігін бағалау.
Инновациялық қызмет ─ бұл әр түрлі тәсілдердің, факторлардың өзара әрекет етуі және ғылыми зерттеулермен, жаңа өнім түрлерін жасаумен, еңбек құралдары мен құрал-жабдықтарды жетілдірумен, ғылым мен техниканың жаңа жетістеріне сәйкес технологиялық процестер мен өндірісті ұйымдастыру формаларымен, жоспарлаумен, қаржыландырумен және ҒТП-тің басқаруымен, экономикалық тетіктер мен стимулдарды жетілдірумен айналысатын басқару органдарының күрделі динамикалық жүйесі; ҒТП-тің интенсивті дамуын жеделдетуге және оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеруге бағытталған өзара шарттастырылған кешендерді реттеудегі шаралар бойынша өңдеу жүйесі болып табылады.
Инновациялық қызмет көпшілік жағдайда ғылыми, техникалық идеялардың жүзеге асырылуымен, нарық сұранысына сәйкес нақты өнім мен технологиялардың өңдеулерімен байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметті басқару механизмінің экономикалық жетілдіруді қалыптастырудың қажетті негізгі шарты инновациялық кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.
Курстық жұмыс 43 бет