Бұл өмірдің қиын жағдайлары туындаған отбасыларға әлеуметтік проблемаларды жеңіп шығу үшін көмектесетін қызметтер. Бұл қызметтер төмендегідей болуы мүмкін:
1) тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
2) денсаулықты жақсартуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер;
3) психологиялық жағдайдың өзгеруін қарастыратын әлеуметтік-психологиялық қызметтер;
4) балаларды, дене мүмкіндігі мен ой қабілетін ескере отырып, тірек қимыл аппаратының кемістігі бар балаларды педагогикалық түзетуге және оқытуға;
Балаларды, тірек қимыл аппаратының кемістігі бар балаларды тұрмыстық дағды және қол дағдысына үйретуге бағытталған әлеуметтік педагогикалық қызметтер;
5) 18 жастан асқан тұлғаларды тұрмыстық дағдыға және қол өнер дағдысына оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер; балалар мен 18 жастан асқан жастарға еңбек дағдысын қалыптасыруға, еңбек қызметін ұйымдастыру мен 18 жастан асқан тұлғаларға жұмыс орнын құруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері;
6) бос уақыт ұйымдастыруға әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оған балалар мен 18 жастан асқан тұлғаларды тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер;
7) өмір деңгейін сақтап тұруға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер;
8) құқықтық мәртебесін сақтауға немесе өзгертуге, құқықтық көмек көрсетуге, заңға сәйкес құқық пен мүддені қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер.
Арнайы әлеуметтік қызметтер төмендегідей себептер бойынша өмірдің қиын жағдайларында тұрған адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі:
1) жетімдік;
2) ата-анасының қамқорлығынан айрылғандар;
3) кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыз қалуы, соның ішінде девианттық мінез-құлық;
4) жаңа туылған жас нәрестелер мен үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық дамуының шектелуі;
5) физикалық және (немесе) ақыл-естік мүмкіндіктерге негізделген организм қызметінің бұзылуы;
6) әлеуметтік маңызы бар аурулар мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулардың тіршілік әрекетін шектеу;
7) қартаю, бастан өткерген сырқаты және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі қызмет ете алмауы;
8) әлеуметтік бейімсіздену мен әлеуметтік депривацияға әкелетін қатыгездік;
9) үйсіздік;
10) түзету мекемелерінен босау.
Арнайы әлеуметтік қызметтер тегін және ақылы түрде көрсетілуі мүмкін.
Егер Сіз немесе сіздің отбасыңыз өмірдің қиын жағдайын бастан кешіріп жатқан болса, тегін әлеуметтік қызметтер үшін тұрып жатқан жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жазбаша түрде өтініш білдіруіңіз керек. Ал ақылы қызмет үшін арнайы әлеуметтік көмектер ұсынатын мекемелерге баруыңызға болады.
Егер сіз немесе сіздің отбасыңыз арнайы әлеуметтік көмек бойынша өздеріңіз өтініш бере алмасаңыздар, онда мына адамдар жазбаша арызбен келуіне болады:
1) отбасының ересек бір мүшесі;
2) қамқоршы (қорғаншы);
3) ауыл, ауылдық округ әкімі;
4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сай сенім хат бойынша.
Естеріңізде болсын! Әлеуметтік арнайы көмектер әлеуметтік қызметкерлер сіздің осы қызметке қажеттілігіңізді анықтағаннан кейін ғанакөрсетіледі. Арнайы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, сізді жазбаша түрде хабардар етіп, бас тарту себебін көрсетіп, құжаттарыңызды қайтарып береді.
Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):
1) Арнайы әлеуметтік көмектер туралы Қазақстан Республикасының Заңы;
2) Арнайы әлеуметтік көмектің қажеттілігін анықтау мен бағалау ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 79, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы №28-б бірлескен бұйрығы.
Пайдалысілтемелер:
1) www.e.gov – Электрондық үкімет порталы;
www.enbek.gov – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google, www.rambler, www.yandex сияқты жүйелерде арнайы әлеуметтік көмек , арнайы әлеуметтік көмек алу және т.б. кілт сөздерді теру керек.