Мақтаның өсіп өркендеуіне мочевина және аммофос құрамында мыс элементінің әсері туралы қазақша реферат
Мақтаға азоттың пайдалы әсер коэффициентінің жоғарлауы мен төмендеуінің маңызы зор, төмендеген кезде сыртқы орта нитраттардың және нитриттердің зиянды қосылыстарымен ластанады. Аммофостың азотының тиімділігін арттыруда оны нитрификацция ингибиторымен бірге қолдану жақсы көмек береді. Соның ішінде отандық өндірістегі АТГ мен КМП.
Қазіргі уақытта агрохимиялық ғылым көптеген фундаментальді өңдеулерге ие, оларды азотты тыңайтқыштарды жоғары эффективтілікте қолдану үшін қолданылады. Соңғы жылдары бұл өңдеулер азоттың тұрақты изотобын қолдануға байланысты даму үстінде. Оны қолдана отырып жасалынған көптеген зерттеулер, азотты тыңайтқыштардың формасы мен мөлшеріне байланысты вегетациялық тәжірибелерде 50-60% аралығында және егістік тәжірибелерде 30-50% аралығында өзгеруі мүмкін.
Өсімдіктің өсіп өркендеуінде оның бойы, жеміс бұтағы жемісін саны негізгі көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. Біз өз тәжірибемізде мақтаның 3-4 жапырақ, бутондау және жеміс пайда болу кезеңдерінде бақылау жұмыстары жүргізілді, алынған нәтежелер 1- кестеде көрсетілген.
Мыс элементінің мочевина және аммофос құрамында мақтаның өсіп өркендеуіне әсерін зерттегенімізде мы элементінің мақтаның бойының өсуіне әсерін тигізгені анықталды. Маусым айында мыс аммофос құрамында өсімдікке берілгенде, бақылау вариантында 9,9 см болды. Бұл көрсеткіштер шілде және тамыз айларында 44,2; 44,6; және 75,3; 87,2 см құрады, ал бұл көрсеткіштер бақылау вариантында 39,4 және 75,6 см –ді құрады. Тамыз айында өсімдіктің жеміс бұтағы аммофос құрмында мыс берілгенде 12,2, ал мочевина құрамында 14,3 дананы құраған болса, бақылау вариантында 1,2 дананы құрады.
Мыс элементінің аммофос құрамында мақта жеміс бұтағына әсері тимегенін мыс элементі фосформен күрделі тұздар түзумен түсіндіруге болады. Тамыз айына келіп мыс аммофос құрамында көсек санына әсері тигізбеді, ал мыс мочевина құрамында 7,7 дана болып бақылау вариантымен 1,4 көсекке арттық болды.
Өсу кезеңдері соңына келіп көсек саны мыс аммофос құрамында 0,5 ал мочевина құрамында 1,5 көсекке артуына алып келді. Солай етіп мыс және күрделі тыңайтқыштар құрамында мақтаның өсіп өркендеуі және жеміс мүшелерін топтауда үлкен әсерін тигізеді.
Аммофос физиологиялық қышқыл тыңайтқыштарға жатады. Фосфордың қалыпты мөлшерін енгізген кезде топыраққа аммонийлі азоттың аздаған мөлшері түседі, ол топырақты қышқылдандырмайды. Азоттың фосфорға тепе-теңдіксіз қатынасына байланысты аммофос негізінен фосфорлы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Аммофос қарапайым тыңайтқыштарға қарағанда үлкен концентрацияға ие, құрамында екі қоректік элемент бар. Сондықтан басқа жай тыңайтқыштарға қарағанда, оның топырақтағы қоректік элементтерінің айналымын өсімдіктерге басқаша қолданады.
Аммофосты күрделі тыңайтқыш ретінде зерттеу жақында басталды және әр түрлері типтегі топырақтарда әр түрлі жағдайда сұр орманды топырақтарда (Щерва С, Гуренович С.М.), кәдімгі, оңтүстік және Кавказдық қара жерлерде (Кондратьев И.Г., Мельник Л.В.), сары топырақтарда (Чуманов Я.И., Зеленин Н., Иргашев Э және т.б.) жүргізілді.
Карбонатты топырақтармен әрекеттесу процесінде аммоний фосфаттары дикальций фосфатқа айналады. Сондықтан аммофостың тиімділігі приципитаттың әсеріне жақындау және жай супер фосфаттың тиімділігінен жоғары.
Аммофос мақта себетін аудандар үшін қолайлы тыңайтқыш болып табылды, Орталық Азияның Республикаларында мақтамен жүргізілген 67 егістік тәжірибелер жай тыңайтқыштарға қарағанда аммофостың артықшылығы көп екендігін көрсетті. Аммофостың есебінен мақта шикізатының өнімі орташа 2,5 ц га артты (Петербургский А.В. 1967).
Н.Н.Зеленин (1986) аммофостың артықшылығын көрсетті, ол жай және қос суперфосфатқа қарағанда мақта үшін тиімді қоректік тәртіп орнатады.
Я.И.Чуланов (1983) Орталық Азияның сары топырақтарында аммофостфң фосфорлы қышқылы үлкен жылжымалықта болады; топырақтың тамырлы қоректенетін қабатын оңай қабылдайды дейді.
Қарапйым азотты түктермен салыстырғанда аммофостың тиімділігі және аммофостың фосфор қышқылының аса қозғалғыштығы жайында мықты қара жер жағдайында бидаймен жүргізілген вегетациялық тәжірибелердің нәтижелерімен куәландырылады (Сидорен А.В. 1986).
Жоғарыда айтылғандардың барлығы аммофостың Н2РО4 анионды бөлігінің топырақтағы әрекетімен көп немесе аз болса да зерттелгенін, ал NH4 тыңайтқышының катионды бөлігінің әзірге зерттелмей қалып отырғанын көрсетеді. Сондықтан аммофостың азотының тиімділігін анықтау қызықты болып отыр.
Аммофосты енгізгенде нитраттардың топырақта алмасу реакциясына түспейтінін және аммонийге қарағанда суда жақсы еритінін ескеру қажет. Сондықтан аммофосты енгізгенде тек газ тәрізді жоғалтура ғана болмауы мүмкін. Сонымен қатар, азотты тамыр тіршілік қабатынан тысқары нитраттар түрінде жуу. Бұл өз кезегінде ағынды судың басталуына әкелуі мүмкін. Сондықтан аммофостың азоттың жоғалтуын төмендететін және қолдауң коэффициентін жоғарлататын шығару үлкен ғылыми өндірістік маңыздылыққа ие.
Қазіргі таңда белгілі болғандай агрохимиялық ғылым мақта және басқада ауылшаруашылық дақылдарында қолданылатын жоғары нәтижелі минералды тыңайтқыштардың ғылыми негіздерін шығару үшін маңызды көптеген фундаментальді еңбектерге ие. Кейінгі жылдары бұл өңдеулер азоттың тұрақты изотобын қолданумен байланысты аса жоғары дамуға жетті. 15N және 14N изотопты бөлігінің көмегімен топырақтағы азоттың тыңайтқышқа айналу табиғатымен әр түрлі жағдайларда оны өсімдіктерді қолдануын танып білу мүмкін болды.
1984-1985 жылдары АТГ, КМП ингибиторын мочевинаның құрамына енгізе отырып, бірнеше тәжірибелер жасалынды. Н.К.Закревская, З.Р.Анфимова (1980) нитраттау ингибиторларының арпамен жүргізілген егістік тәжірибесінде азотты тыңайтқыштардың тиімділіген әсерін зерттеді. Ингибитор ретінде 3 препаратты қолданды:
ЦГ – циангуамидин, ЦП – цианпиримидин, АТГ – аминотриазол-гидрохлорид. Зерттелетін препараттар егістік тәжірибелерде арпаның өнімділігін 2,5-8 ц га арттырды. Нитраттау ингибиторларын қолданған кезде 1982 жылға егін өніміндегі негізгі қоректік элементтердің құрамын (N, Р, К) өзгертпейді. Басқа зерттеулерде (Кир Н.И., Педголинская) нитраттау ингибиторлары N-serve, АТГ, КМП-ның талшықтың технологиялық қасиеттеріне тиімділігі көрсетілді.
Г.М.Смирновтың, Э.А.Муравиннің, С.Д.Базилевичтің (1986) мәліметтері бойынша, егістік тәжірбиелерде аммоний сульфаты немесе мочевина формасындағы азоттың аздаған мөлшерінің фонына нитраттау ингибиторын (ЦГ, АМП, ЦП) қолданғанда ылғалдылығы жеткілікті аудандардағы дәнді дақылдардың өнімін жоғарлатқан. Азоттың мөлшерін арттырған сайын нитраттау ингибиторлары күріш және мақта өсіруде жақсы әсер беретіндігі анықталды.
П.М.Смирновтың, В.В.Кидиктің, Р.К.Педищюстың, В.Н:Назаровтың (1987) зерттеулері , аммоний сульфаты мен циангуамидиннің мочевинасын пиридин қоспасын, хлоаминопиридинді және N-serve-і бірге қосқанда өсімдіктің азотты тыңайтқышты қолдану коэффициентінің жоғарлағандығы және оны топырақта тұрақтануын көрсетті. Э.А.Муравиннің, Э.Ф.Нейгебаэрдің, Т.В.Мочковтың, В.И.Насоротовтың (1980) айтуы бойынша отандық өндірістің ингибиторлары өзінің нитраттауды тежеу қабілеттілігі және азотты тыңайтқыштардың тиімділігіне әсері бойынша американдық препараттарға жол бермейді. Әр түрлі дақылдармен жүргізілген үш жылдық тәжірибелер нитраттау ингибиторларының өнімнің сапасын төмендетпестен оң әсер беретіндігін көрсетті
Кесте 1 Мыс элементінің аммофос және мочевина құрамында мақтаның өсіп өркендеуіне әсері.
№
варианттар
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
өсімдік бойы, см
өсімдік бойы, см
өсімдік бойы, см
Жеміс бұтағы, дана
Көсек саны, дана
1
Аммофос+мочевина
9,9
39,4
75,6
12,2
6,3
7,5
2
Мочевина+аммофос+Сu
11,4
44,2
75,3
12,3
6,3
8,0
3
Аммофос+мочевина + Сu
13,9
44,6
87,2
14,3
7,7
9,0