Барша тіршілік иелері қоршаған дүниемен өмірлік маңызы бар байланыстар жасап, әрі оны қажетіне орай өзгертіп, өзінше бағыт бағдар таңдауға қабілетті, яғни белсенділік көрсете алды

Скачать


Барша тіршілік иелері қоршаған дүниемен өмірлік маңызы бар байланыстар жасап, әрі оны қажетіне орай өзгертіп, өзінше бағыт бағдар таңдауға қабілетті, яғни белсенділік көрсете алды. Тіршіліктің жалпылама сипатын қамтыған адам қоғамындағы белсенділік көрінісі іс­әрекет деп аталады. Адам іс­әрекеті күрделі құбылыс. Оның қыртараптарын әртүрлі ғылымдар зерттейді: әлеуметтік мағынасын қоғамдық ғылымдар; физиологиялық механизмдерін физиология пәні; ал психология­ іс­әрекеттің психикалық болмысын танумен шұғылданады. Іс­әркет психологиясын зерттеуде, әдетте, назарға жеке дара адамның іс­әрекеті алынады, ал кейінгі уақыттары психологиялық зерттеулердің объектісіне бірлікті, ұжымдық іс­әрекет те алынып жүр.
Адам іс­әрекетінің нәтижесі ­ нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Өз кезегінде, осы қоғамның көптеген мүшелерінің өнімі әрбір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсады. Тіпті адам бір нәрсені тек өз қажеттігіне жасап жатқаннын өзінде, ол өз еңбегінеде басқалардан алған білімдерін қолданып, олардың тәжірибесін пайдаланады.
Іс­әрекет қоғамдық­тарихи категория. Шынында да, қалаған жеке іс­әрекет қоғам қызметімен тығыз байланыста, әрбір тұлға ­ басқа адамдармен қарым­қатынаста. Жеке іс­әрекет қоғамдық іс­әрекеттің тетігі, нақты көріністегі бөлігі ретінде қарастырылады. Қоғамдық байланыстар мен қатынастардан тыс жеке, дара іс­әрекет жасалмайды. Жеке іс­әрекет қоғамдық іс­әрекеттің құрылымды бөлігі болғандықтан, оны зертеп талдау да осы жеке әрекеттің қоғам өміріндегі рөлін білуден басталғаны жөн. Сондықтан жеке іс­әрекет белгілі қоғамның кезеңдік тарихи даму сатысындағы қалыптасқан нақты қоғамдық қатынастар жүйесімен байланыстырыла зерттелуі тиіс.
Қоғамдық қатынастар жеке адамдардың іс­әрекетінен тыс болуы мүмкін емес. Керісінше, іс­әрекеттің қайсысы болмасын қоғамдық қатынастардың іске ауысуын байқататын негізгі формалардың бірі. Белгілі қоғамдағы іс­әрекет түрлері сол қоғамдағы өндірістік күштердің даму деңгейі және қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Іс­әрекетте ғана адам қоғамдық тұлға, азамат болып танылады.
Іс­әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субьектінің обьектімен байланысы. Қандай да бір іс­әрекетті орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, есінде қалдыруы, ойлауы, оған зейін аударуы қажет; әрекет желісінде оның қандай да көңіл­күй шарпулары туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниет­ұстамдары мен қатынастары т.б.қалыптасады. бұларсыз ешбір іс­әрекет болуы мүмкін емес. Біз психикалық деп анықтап жүрген адамдағы процестер, қалыптар мен қасиеттердің бәрі осы іс­әрекет барысында қалыптасады, дамиды, көрініс береді.
Іс­әрекет қырларының ішінде психологияның зерттейтіні ­ іс­әрекеттің субьективтік жоспары, яғни әрекетшең адамның дүние шындығын өзінше бейнелеу деңгейі, түрі және формалары. Бұл бағытта психологияны қызықтыратын факторлар: түрткі, мақсат қою, ерік жұмсауғ эмоциялар білдіру т.б. қоғамдық қатынастарды субъектив бейнелеудің арнайы формалары. Субьективке байланыссыз іс­әрекет ешқандай психологиялық сипатқа ие емес. Ондай қасиет тек әрекет иесі ­ субьективте ғана болады.
Белгілі жағдайда адамды, нақты іс­әрекетке бағыттайтын ықпал қандай нәрсе? Адамды барша тіршілік иесі сияқты белсенді іс­әрекетке келтіретін күш ­ бұл қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік және дамуының қажетті жағдайларына тәуелділігінің көрсеткіші.
Хайуанаттар әлемінде қажеттілікті қамтамасыз ету белсенділікке мәжбүр ететін қандайда бір табиғи затқа байланысы (қорек, ін, қарсы жынысты түр, т.б.). Ал адам қажеттіктері өндіріс пен мәдениеттің даму салдарынан туындайды. Егер жануарлар қажетсінуін табиғи (органикалық) деп есептесек, онда адам қажеттігі табиғи қажеттікке үстеме, тікелей заттық мәні мен әрекетінен алшақтап, жанама түрге келген құбылыс. Мысалы, сәбидің стол басында отырып, қасықпен тағам қабылдауы оның жалғыз­ақ тамаққа деген қажетсінунен емес. Столдың да, қасықтың да тіпті керегі жоқ. Бірақ қоғамда қабылданған тәрбие талаптарына орай аталған заттар негізгі табиғи қажеттілікті қамтамасыз ету үшін керек болған қосымша қоғамдық қажеттіліктер. Адамның қылық­әрекетінің формасы тікелей қажеттіліктен емес, ал сол қажеттілікті қанағаттандыру үшін қоғам тарапынан қабылданған әдістерге тәуелді.
Адамның өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуде нақты қоғамда тарихи қалыптасқан тәсілдерді пайдалануы осы қажеттілікті орындаудағы жеке және қоғамдық әрекеттің бірігуінен айқын көруге болады. Бұл сондай­ақ әрбір жеке адамның өзінің ең қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижелерін пайдаланады (шаһарлықтар ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруде, жинауда қатыспайды, бірақ өз өнімдерін айырбастау арқылы ауыл өнімдерін қажеттігіне пайдаланады). Қажетсінудегі жеке және қоғамдық мүдделердің байланысты болуын әрбір адамның жеке көптеген қажеттіліктерінің өзі араласқан қоғам, ұжым, топ қажеттіліктерімен тығыз байланыста болуынан деп түсіндірген орынды. Сондықтан да бір топқа саналы біріккен адамдардың қажеттіліктері де бірыңғай келеді (мысалы, отбасында, сыныпта, бригадада).
Қажеттіліктерді келіп шығу көзі және мазмұны бойынша бөлуге болады. Өз туындауына орай қажетсінулер табиғи және мәдени сипатқа ие. Табиғи қажеттілік адамға өз тіршілігін сақтау мен қуаттау және ұрпақ жалғасы үшін керек (тағам, ұйқы, суыұтан және ыстықтан сақтану т.б.). Табиғи қажеттіліктер қамтамасыз етілмесе, адам тіршілігі күйзеліске түседі, не жойылады. Ал мәдени қажеттіліктер объектісіне қандай да табиғи қажеттіліктерді іске асыру үшін қолданылатын заттар (шанышқы, қасық т.б.), сондай­ақ басқа адамдармен қатынас үшін, қоғамдық өмірге араласу үшін керекті мүліктер. Мәдени қажеттіліктердің қамтамасыз етілмеуінен адам өлмейді, бірақ оның әлеуметтік болмысы жойылады.


Скачать


zharar.kz