Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогррессивті нысандарын қолдауды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетті. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).
Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардын көздерін анықтау; крістерді өсірудің, шыығындарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау.
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды)
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлаудың мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі). Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлау экономикада қаржы жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмінің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлу экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылманған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпклікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Қаржылық болжау мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді ( жыл) және ұзақ мерзімді (жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатның тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқауларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
— экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерін динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
— корреляциялық регрессиялық талдау;
— тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық үйлестіруші рөлді орындайды және қарды қызметінің субъектілеріне эконмикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік теттеуде және экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталды.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасады.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді. Арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты экономикада бәсекелестікті арттыру.
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттрді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген аморизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляяцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдарлың нормалары.
Әлеуметтік экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қарастыру резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды таратуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындырын қарастыруды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:
Орталықтандарылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларының жасағанда екі негіздің (бастаудың) орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдардың нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биліктің жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігінің белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. сонымен бір мезгілде жалпымемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда оның рөлін арттыру қажет;
Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қатысты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспары (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;
Жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік түрлендірме әдісі жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау:
— жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және баяндауды кіріктіреді.
— бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пацдаланылатын құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсіндіреді;
— бюджет жасау жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
Экстрополяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарөынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар :
— мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтер анықтауды есепке алмайды;
— материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңге олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есепке шығарылады.
Матеметикалық үзгалеу әдісі: процестің құру және оны қаржы саласына көшіру.
Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жоспарларының барлық бөлімшелерінің , сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйесушін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау үшін кәсіпорынның, саланың, бюджеттің, бұкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдарін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан жақты негңздеуге мұмкіндік берді.
Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса біліһті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.
Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштерідің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.
Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік мақсатты қағидаттар кеңінен қолданылатын болды. Аумақтық қаржылық жоспарлау әміршіл аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объектиті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.
Қаржылық жоспарлаудағы предметтік мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланысты жүргізіледі. Мұның өзі қаржыларды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықты резервтерді табуға мүмкіндік бреді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметедағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.