Әдебиетте инновацияларды топтастыру қатары келтірілген

Скачать


Әдебиетте инновацияларды топтастыру қатары келтірілген:

1. В.Аньшин, В.Дагаев келесі белгілер бойынша ажыратады:

— қолдану саласы бойынша: ғылыми-техникалық, ұйымдастыру-экономикалық, әлеуметтік-мәдениеттік;

— қанағаттандыратын қажеттер сипаттамасы бойынша: жаңаларды шығаратын, барларды дамытатын;

— қолдану бұйымы бойынша: инновация-өнім, инновация-ұрдіс, инновация-қызмет, инновация-нарық;

— батылдылық дәрежесі бойынша: сана (креативті, негізгі), имитациялы (жетілдірілген);

— таратылу көлемі бойынша: салалық, аймақтық, микро-, макро-, мега-деңгейлі;

— өндіріс процесінде рөлі бойынша: негізгі және толықтыратын;

— материалдандыру бойынша: қатты және жұмсақ.

2. А.И. Пригожин ажыратады:

— жаңалық түрі бойынша: материалды-техникалық, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастыру-басқару, құқықтық, педагогикалық;

— инновациялық потенциал бойынша: батылдылық, қиыстыруға негізделген, модификацияланатын;

— ізашарға қатынас принципі бойынша: орын баса тұратын, өзгертетін, қайтатын, ашатын;

—   қолдау көлемі бойынша: таңбалы, жүйелі, стратегиялық;

— нәтижелілік бойынша: инвестициялық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық;

— ынта көзі бойынша: тікелей әлеуметтік тапсырыс, ойлап табу нәтижесінде;

3. М.Хучек инновацияларды келесідей топтауға ұсынады:

— өзгерістер мінезінің саналығы: сана, сана емес;

— шаруашылық саласы: материалданған, материалданбаған;

-жаңалық дәрежесі: дүние жүзілік, салалық, кәсіпорын көлемінде жаңалықтар;

— әрекет радиусы: кәсіпорын сыртында, кәсіпорында еңгізілген;

— қолдану саласы: техникалық және технологиялық, ұйымдастыру және экономикалық, қоғамдық.

4. С.Д.Ильенкова жаңалықтардың басқа технологиясын ұсынады:

— технологиялық көрсеткіштермен байланысты: өнімді және процесті; жаңалықтан: әлемде, елде, кәсіпорында сала үшін жаңа; кәсіпорындағы орыннан: кірісте, шығыста, жүйелік құрылымында инновациялар; еңгізілген өзгерістер тереңдігінен: батыл, жақсартатын, модификациялық; әрекет саласынан: технологиялық, өндірістік, экономикалық, саудалық, әлеуметтік басқару саласында.

5. П.Н.Завлин инновацияларды келесі белгілер бойынша топтастырады:

— қолдану саласы – басқару, ұйымдастыру, әлеуметтік, өнеркәсіптік;

— ҒТҮ кезеңі – ғылыми, техникалық, технологиялық, құрылымдық, өндірістік, ақпараттық;

— өнімділік дәрежесі – бум , біркелкі, әлсіз, көпшілік;

— жүзеге асыру қарқыны – жылдам, ақырын, өсетін, біркелкі, секірмелі;

— инновациялар көлемі – трансконтиненттік, трансұлттық, аймақтық, ірі, орта, ұсақ;

— нәтижелілік – жоғары, төмен, тұрақты;

— тиімділік – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, интегралды.

Жаңалық дәрежесі мен инновация затына назар аударып, ғалымдар оларды 3 топқа бөледі: 1) дүниежүзілік көлемді жаңалық;  2) ел көлемінде жаңалық;  3) осы кәсіпорынның көлеміндегі жаңалық.

Кәсіпорында инновациялардың әлеуметтік-экономикалық мазмұнын инновациялардың топтастыруына сүйеніп қараймыз.

Өзгерістер соңғы белгілердің көзқарасынан инновациялар бөлінеді: 1) өзіндік (креативті); 2) еліктейтін. Инновациялар кәсіпорынның кәсіп-саласының маңызды жаңартуы болып көрінетін батыл, тек жеке жаңартулардың сипаттамасы бар инкременталды, пионерлі, яғни нарық үшін жаңа болуы мүмкін.

Экономика саласының белгісіне сүйеніп, инновацияларды бөлуге болады: 1)  материалда жүзеге асқан (қатты) инновациялар; жүзеге аспаған (жұмсақ)(ұйымдастырудың, оқу процесінде жақсартудың жаңа жүйесі).

Егер топтастыру негізінде олармен келтіретін зардаптардың көлемін алсақ, инновацияларды бөлуге болады: 1) стратегиялық; 2) қазіргі инновациялар.

Инновацияларды топтастыру негізінде қоғамға пайда әкелетін белгі болуы мүмкін: 1) шығындарды азайтуға апаратын инновациялар; 2) өнімнің сапасын жақсартуына әкелетін инновациялар; 3) шығаратын өнімнің санын көбейтуіне мүмкіндік туғызатын; 4) адам еңбегін сақтайтын; 5) қоршаған ортаны қорғауға апаратын инновациялар.

Инновациялар заттарының көзқарасынан олар келесіге бөлінеді: 1) өнімдік және процестік; 2) техникалық; 3) ұйымдастыру; 4) экономикалық және қаржы; 5) адам потенциалын басқару жүйесінде (еңбектік); 6) әлеуметтік; 7) экологиялық; 8) ақпараттық.


Скачать


zharar.kz