Есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттарын бақылау

Скачать


Ақша қаражаттарының аудиті туралы қазақша реферат

Ақша қаражаттарына және өтімді активтерге жасалынатын қатаң бақылау жүйесі – ақпарат тұтынушылар экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланатын қаржылық қорытынды есепте бейнеленген мәліметтердің шынайлылығын қамтамасыз етеді.

Ақша қаражаттарын қорғау көптеген кәсіпорындар үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ақшаны жасырып алып кету оңай, сондай-ақ олардың меншіктік таңбалары болмайды және конвертацияланушылық қасиеті бар.



Ақша қаражаттарына ішкі бақылауды жүзеге асыру төмендегі міндетті қызметтерді атқарудан тұрады:

-ақша қаражаттарын жеке сақгау және оның жеке есебін ұйымдастыру;

-нақты ақшамен орындалған операциялардың барлығының дерлік есебін жүргізу;

-кассада ақша қаражаттарының тек қажетті ғана бөлігін сақтау;

-кассадағы ақша қаражаттарының қалдығын мерзім сайын тексеруден өткізу;

Келіп түскен ақша қаражаттарын бақылау

1.Ақша қаражаттарын төлеу операцияларын,  нақты ақшамен жүргізілген   опсрацияларды тіркеу жүмыстарын, кассадағы қалдық ақша қаражаттарын салыстырып тексеру бойынша жұмыстарды қызметкерлер арасында бөліп тарату.  Мұндай бөліп тарату ұрлануға және жалған жазулар арқылы ақша каражаттарының жасырылуына жол бермейді;

2.Ақша қаражаттарының банк шоттарына келіп түсу сәтінен бастап оларды тұрақты және үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарының есебін жүргізу және оларды тіркеу операциялары бойынша жаупкершілікті қызметкерлер арасында бөліп таратуды бекіту.

Мұндай бақылау жүйесі ақша қаражаттары келіп түскенде кідіріссіз тез санауды, сол сәтте кідіріссіз тіркеуді, алынған барлық ақша қаражаттарын уақтылы депоненттеуді талап етеді.

3.Ақша қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын басқару және бухгалтерлік жазуларды жүргізу қызметтерінің жүзеге асырылуына үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету. Бұл бақылауға келесі шаралар кіреді: кассадағы ақша қаражаттарын күнделікті және кездейсоқ уақытта тексеру, жүргізілген ішкі ревизиялардың нәтижесі бойынша және келіп түскен ақша қаражаттары, төлемдер мен қалдықтар жөнінде күнделікі қорытынды есептер жасау.

Көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер кең ауқымдағы түрлі ремитенттерге (өзінің кредиторларына) ақша төлейді. Әдетте, ақша қаражаттарын бақылау жүйесі әрбір кәсіпорынға жеке дайындап жасалынса да,   төмендегі ережелер барлық кәсіпорындарда дерлік кеңінен қолданылады:

1.чектерді толтыру және оларға қол қою, оларды жөнелту және тиісті бухгалтерлік жазуларды орындау бойынша ақшалай шығыстарды кұжаттау міндеттерін бөліп тарату;

2.алдын-ала номерленген чектерге ақшалай шығындарды бейнелеу;

3.касса шоты пайдаланылған жағдайда, оны жүргізу өкілеттігін бақылау;

4.ақшалай шығыстарды және олардың бейнеленуін қадағалау.

Есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттарын бақылау. Банк шоттарын және басқадай қаржылық мекемелерді пайдалану ақша қаражатгарына бақылау жасаудьщ тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Банк шоттарының бірқатар артықшылығы бар:

-Ақша қаражаттары банк ғимаратында нақты қорғауда болады;

-Банкте ақша қаражатттарының есебі жеке өз алдына жүргізіледі;

-Ақшаның ұрлану мүмкіндігі өте төмен, сондықтан оны баскару тиімдірек болады;

-Клиенттер ақшаны алушының шотына нақты ақшасыз есеп айырысу жолымен аударуына болады.

Қаржылық мекемелер ақша каражаттарын басқару бойынша мынадай қызметтер көрсете алады:

-акша қаражаттарын басқа валютаға айырбастау,

-шетелдерге ақша аударымдарын жасау,

-жинақтаушы шоттар бойынша проценттер төлеу.

Соңгы уақытта электронды түрде ақша аударымдарын жузеге асыру тиімділгі артып бұл әдіс кеңінен пайдаланылуда. Төлемдерді элетрондық жүйе арқылы аудару — бүл банктер арасындағы аударымдарды телефон, телеграф немесе компьютер арқылы жүзеге асыру жүйесі. Электрондық аударым біртүтас компьютерлік жүйе арқылы операцняның шоттар бойынша апарылуының аз уақыт аралығында жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Қағаз шығынының төмендігі, қателердің аз болуы және операциялық шығындардың төмендігі бұл әдістің басты артықшылығы болып табылады.

Әрбір есепті күнде немесе айдың аяғында ақша қалдықтарын тексеру міндетті болып табылады. Ақша каражаттарының әрбір сақталу орынына қарай шоттардың жеке ашылуы тексеру жүргізуді жеңілдетеді және қателерді тез арада анықтауға мүмкіндік туғызады. Тексеру процесі төмендегі кезендерден тұрады:

1. Кассадағы нақты акшаның қалдығының барын ақша операцияларына қатысы жок қызметкер кассирдің қатысуымен санауы тиіс және тексеру нәтижесі қүжатта бейнеленіп, оган тексеру жүргізілген кун жазылады және екі жақгың да қолдары койылады.

2. Іс жүзіндегі ақша қаражаттарының қалдығын бухгалтерлік шоттардағы бейнеленген қалдықтарымен сәйкестігін салыстыру. Анықталған кез келген ауытқушылық міндетті түрде салыстыру ведомосында көрсетіліп, себептері анықталуы қажет.

Кәсіпорынның пайдалануындағы әрбір есеп айырысу (валюталык) шотына, кассалық    шоттар сияқты, міндетті түрде жеке шют ашылуы  тиіс,  бүл жағдай тексеру процесін жеңілдетеді  және қателерді тез анықтауға мүмкіндік туғызады.

Есеп айырысу (валюталық) шоттарын тексеру процессі мынадай кезеңдерден тұрады:

1.Есеп айырысу (валюталық) шоттарынан   алынған,   бірақ шоттарда көрініс таппаған ақша сомаларын кайта тексеру (бұған банк қызметін  пайдаланғаны үшін  алымдар және  аударым жасаған үшін алынатын комиссиондық алымдар жатады);

2.Жоғарыда аталған сомалардың есепте бейнеленуін қадағалау;

3.Есеп айырысу (валюталық) шоттарылдагы қалдықтарды (банк үзінділерін) бухгалтерлік есеп мәліметгерімен сәйкестігін тексеру

4.Есеп айырысу (валюталық) шотына жеткізілмеген аударымдар және чектер бойынша тексеру жүргізгенде уақыт айырмашылығын ескеру қажет.

5.Ақша қаражаттарының қозғалысы және қалдығы бойынша тексеру актісінде тексеру жүргізілген уақыт және тексеру жүргізген кәсіпорын мен банк қызметкерлерінің қолдары міндетті түрде болуы кажет.

       Ақша қаражаттарының аудитінің мақсаты қолма-қол ақшамен операцияларды сақтау, жүргізу, және есептеу саласында заңдылықты сақтауын тексеру болып келеді.

Аудитте ең көп орынды касса мен кассалық операциялардың ревизиялары алады.

Бірнеше себептермен кассалақ опреацияларының аудитінің әдістерін меңгеру негізгі болып келеді:

—             Ақша қаражаттары кәсіпорынның тез өтетін активтерінің бірі болып келеді;

—             Ақша опреациялары массалық және тез таратылған болып келеді;

—             Ақша опреациялары массалығы және тез таратылғаны кәсіпорынның шаруашылық қызметінің осы учаскесінде көптеген зияндарға және бұзуларға әкеледі. Қолма-қол ақшалардың жылжуы кассалық операциялар арқылы жүргізіледі;

—             Еңбек ақысын төлеу;

—             Административтік шаруашылық шығындарды төлеу үшін қаражаттарды беру;

—             Есептегі тұлғаларға қаражаттар беру.

Кассалық операциялардың аудиторлық тексерістері еңбекті көп қажет етеді. Кассаның және кассалық операциялардың аудиті үш бағытта болады:

1)           Қолма-қол ақша қаражаттарының инвентаризациялауы;

2)           кассаға келіп түсетін ақша қаражаттарын уақытысында тексеру;

3)           шығынға ақшаны дұрыс жазу зерттеу.

Серіктестікте кассаны аудиторлардың тексеруі болды. Аудитор қызметі қолма-қол ақшаны, бағалы қағаздарды бас бухгалтер Танатаров және касса жұмысшысының көздерінше тексеру жүргізді. Ақшаны санап болғаннан кейін акт құрылды және оның касса журналына, бухгалтерлік есепке сәйкестігін  анықтады.

Ақашы көшіру бойынша кассалық операциялардың шығынға кассалық есепке тіркелген құжаттар бойынша тексеріледі. Тексеріс кезінде келесі құжаттар пайдаланылды:

—             № 1 кассалық ордер Кіріс касса ордері ;

—             №3 кіріс және шығыс касса құжаттарының тіркеу журналы;

—             №45 Касса шоты бойынша есеп регистрлері;

—             Бас кітап;

—             Ағымдағы жылдың баланстары.

Ақша қаражаттарының аудиті банктік операциялардың тексерісіне үлкен көңіл аударады. Аудиторлық тексерістің бұл сатысы банктегі ақша қаражаттарының шотындағы операциялардың заңдылығын тексереді.

Есеп айырысу шоты бойынша ақпарат банктік жазылуларда және оларға қосымшаланған алғашқы құжаттарды болады. Бұл жағдайда аудитор келесіні анықтай алады:

—             Авансттардың дұрыс емес есептелуі;

—             Алдын-ала дайындалған құжаттарсыз дебиторламен және кредиторлармен есептесу;

—             Алғашқы құжаттарды банктің мөрінің болмауы;

—             Валютаны сатумен және сатып алумен байланысты операциялардың есебінде көрсетулер;

—             Банктік операциялардың басқа да бұзулары.

Есеп айырысу шоты бойынша аудитте келесілерге көңіл аудару қажет:

—             Банктің қай мекемесінде есеп шот ашылған;

—             Банктердің мөрлері көшірулерде бар ма;

—             Банктің көшірулеріндегі сомалар алғашқы сомалармен сәйкес келеді ме. Банктің мөрісіз құжаттар анықталса, қарама-қарсы тексеріс жүргізу қажет.

—             Қолма-қол ақшаның банкке тапсырған ақша қаражаттырынң тоыл және дұрыс саынғаны;

—             Теңгенің конвертациялауымен байланысты операциялардың есебінде дұрыстығын көрсету.


Скачать


zharar.kz