Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді

Скачать

Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры 

1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп Моншағылым деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала Мәншүк деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.

1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады.  Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов  қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта . Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, халық жауы аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.

Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз , деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы .

Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.

Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар.


Скачать


zharar.kz