Зерттелген территорияның табиғи өсімдік дүниесі өзіндік көптүрлілігімен ерекшеленеді. Ол топырақ пен өсімдіктердің кешеніне байланысты. КСРО-ның геоботаникалық картасы бойынша (1954) Сайқын стационарының ауданы солтүстік шөлейттың зона асты бөлігіне жатады. Шөлейттің кешенін зерттеуді 1895 жылы Богдан бастаған. Кейін 1900-1901 жж кешенді Н.А.Димо және Б.А.Келер зерттеген және олардың классикалық еңбектері В области полупустыни сипатталып жазылған (1907). Бұл еңбекте шөлейтке дала типіндегі астық тұқымдастары бетеге, селеу, шисабақпен бірге құрғақшылыққа өте төзімді жартылай бұталардың, жусан және изеннің маңызы өте жоғары Келлер,1923 .Оған бетегелі-ақ жусанды, бидайықты-қара жусанды,көкпекті қауымдастықтар жатады. Алайда бұлармен бірге далалық типтегі бірлестіктер кездеседі. Соның нәтижесінде А.В.Прозоров кейінгі қорытындыға келді:негізгі жартылай бұталардан тұратын қауымдастықтар шөлге, ал дәнді дақылдардан тұратындар далаға жатады. Астық тұқымдасты-жусанды бірлестіктер Батыс Қазақстанның оңтүстігінен жіңішке жолақпен өтеді. Оған Далаланған шөл термині берілген. Ал, облыстың қалған даласы ауданын Лабренко Е.Ш. түсінігі бойынша шөлді далаларға жатқызу керек.
Сайқын стационарының ауданындағы табиғи өсімдік дүниесін зерттеуді 1950 жылы И.В.Каменецкая бастаған (1952 ж). Алғашқы жылы негізгі өсімдік қауымдастықтарының жүйесін және құрылымын зерттеуге, картаға түсіруге және өсімдік дүниесінің азық базасы ретінде таралуын қарастыруға көңіл аударылған. Бұл жұмысты И.В.Ларин басқарған. 13 қауымдастық зерттеліп, метрлік алаңқайлар бөлінген. Негізінен кездесетін қауымдастықтар: изенді, қара жусанды-изенді,қара жусанды, кестежусанды, кестежусанды-астық тұқымдасты-әр шөптесінді, селеулі, бетегелі-селеулі, әр шөптесінді-астық тұқымдасты, бидайықты селеулі-жоңышқалы, қоңырбасты-арам жасанды, сүттігенді.
Шөлейттік тип шалғынды-каштанды топырақтағы кестежусанды және бидайықты қауымдастықтармен сипатталады.
Өсімдіктің далалық типі микрорельфтің түсіңкі аудандарын алып жатады. Әсіресе бетегелі, бидайықты, селеулі және селеулі-әр шөптесінді өсімдіктер бірлестіктер жиі кездеседі.
Тобылғылы-бетегелі-сексеуілді қауымдастық (Stipa iessingifna-Festuca vaiesiaca-Spicala hyrericifolia), микрорельфтің ойқылды формаларына, шалғындық-қоңыр топырақты аудандарға сай келеді. 2002 жылы мамыр-маусым айларында бұл бірлестіктен 32 түрлі өсімдік кездестірілген.
Тобылғы-бетегелі-сексеуілді қауымдастықтардың ішінде доминантты- Stipa Lessingiana, орташа биіктігі 35-40см. Бетегеге жоғарғы экологиялық амплитуда тән және ол түрлі топырақта өсе алады қою каштанды, каштанды, ашық-каштанды .Бетеге тырсамен Stipa capillata , Лессинг селеуімен S. Lessingiana , жолеркек бидайық пен Agropyron desertorum және т.б. астық тұқымдастарымен қауымдастық түзеді.
Бұнда басым кездесетін түрлер: ақ жусанды, арам жусанынан тұратын жартылай бұталар; тікенді әремнен, шашақбасты аққаңбақтан, жоңышқаның түрлерінен, қарапайым мыңжапырақтан, дала сәлбенінен, қарапайым киік отынан тұратын шөптесін өсімдіктер және тобылғы, келерия жиі кездеседі. Өсімдік жамылғысында тек шөп ярусы С бар және ол төрт ярус тармағынан тұрады.
Бірінші ярус тармағы С1 75-100см тобылғыдан құралған.
Екінші ярус тармағы С2 70-50см селеу және шөптесін өсімдіктер өседі.
Үшінші ярус тармағы С3 50-30см бетегеден, түйнекті және тікенді әремнен, румын жоңышқасынан, орыс және солтүстік қызылбояудан тұрады.
Төртінші ярус С4 30-см-ден төмен эфемерлер мен эфемеройдтардан құралған. Проективті жабын 95-99% Микрокөтерілімдердің сортаңды сорларында шөлдік өсімдіктер дамыған. Негізінен галофитті жартылай бұталар басым. Бұнда жиі кездесетін өсімдіктер: қара жусан, изен, кермектің кейбір түрлері.
Сортаңды сорлы топырақта қоңырбасты-қара жусанды-изені қауымдастық зерттелді. Эдификаттар және субэдификаттар изен және ксерогалофильді жартылай бұта-қара жусан. Қоңырбасты-қара жусанды-изенді қауымдастықтарда 17 түрлі гүлді өсімдіктер кездеседі. 1м2 кездесу жиілігі 14-ке тең: Проективті жабыны 40-55%.