Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Мемлекеттік басқару туралы түсінік
1.1.Басқару түсінігі және ол туралы тұжырымдамалар
1.2.Басқарудың түрлері
2.Қазақстандағы басқару құрылымы
2.1.Қазақстан Республикасының Президенті және заң шығарушы органдары
2.2. Қазақстан Республикасының атқарушы органдары
2.3. Қазақстан Республикасының Жоғары сот және жергілікті соттар..
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста мемлекеттің басқару түсінігі, мұндағы мемлекет туралы ғалымдардың тұжырымдамалары , басқарудың түрлері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқару құрылымы жайындағы мәліметтер қарастырылады.
Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты .Өйткені , мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық , ұйымдастырушылық қызметі . Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады. Менің бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым — мемлекеттік басқару теориясымен тереңірек танысып , оның маңызы мен ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап жетілдіру жолдары мен демократияландыру әдістерін меңгеру. Сондықтан, курстық жұмысым 2 тарауға негізделген, бірінші тарауда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе , екіншісі Қазақстанның басқару құрылымы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті , атқарушы органдары, жоғарғы сот және жергілікті соттар қарастырылған.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды . Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз.
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді.
Курстық жұмыс 52 бет