Араб әскерлері Белуджистан арқылы Индияның шекарасына енді

Скачать


Аравияны  толық  жаулап  алғанға  дейін  Мекке-Медина  қауымының  қарулы  күштері  мен  оларға  қосылған  бедуин  тайпалары  көрші өркениетті  елдерге  басып  кіре  бастады.  Нәтижесінде  ҮІІ-ҮІІІ  ғасырларда  Азияның,  Африканың  және  Еуропаның  ұлан-байтақ  территорияларында  араб  үстемдігін  орнатқан  араб  жаулап  алу  соғыстары  бірнеше кезеңдерден  тұрды.  Бірінші  кезең  алғашқы  үш “әділ  халифтардың- Абу  Бәкр (632-634 жж.)  және  Осман  (644-656жж.)   билігі  тұсында  өтті.

633  жылы  күзде  немесе  634  жылы  көктемде, әрқайсысында 7500  жауынгерден  тұратын  үш  араб  әскері,  Сирияға  басып   кірді.  Медина халифатына  аравиялық  тайпаларды  бағындыру  арқылы  бұл  әскердің  күші  толықты.  Византиялық  қарулы  күшпен,  алғашқы  қақтығыс [31]  өлі  теңізден  оңтүстіктегі  Вади – л – Арабта  және Газды  ауданында  өтті. Бірнеше  бекеттер орналасқан  және  жергілікті  тұрғындардан  асығыс  жасақталған,  әлсіз  византиялық  гарнизондар  өз  дәрежесінде  қарсылық көрсете алмады.  634  жылы  жазда  арабтар  Бусраны  алып,  Аджнандин (Аджадейн)  және Фихм  түбінде  византиялық  әскерге соққы   берді.  Бекініс   қамалдарындағы  палестина  және  сирия  тұрғындары  тойтарыс  беретін  және  шабуыл  жасайтын  техниакалары  араб   отрядтарында  қарсы  қорғанысқа  өте  зауықсыз  қатысты.  Олар  арабтардың  әскер  басшыларымен  келісімге  келуді  артық  көріп,  “өмірін, мүлкін,  балаларын  сақтау  және  басы  салығын  төлеу  шартымен”  арабтарға  бекініс  пунктерін өткізіп берді.  Византия әскерлері  өздерінің  соғысу  қабілеті  жағынан  арабтарға  жетпеді,  олармен  шайқаста  үнемі  жеңіліс  тауып,  үлкен  қалаларға  жасырынып  қалатын.  635  жылы  ақпанда  Мардж  ас – Суффара   түбіндегі   шайқастың  нақты  барысы  қиял  туындысы  болмағанда,  византиялық  әскердің  қайсарлығын  мойындауға  болар  еді.  Белазуридің  хабарлауына  қарағанда  византиялықтардың  “қырғын  күреске  кіргені  соншалық,  суға  аққан  қанмен  диірмен  қозғалысқа  келтірілген” [4].

Арабтардың  Хирамен  шекаралас  оңтүстік Иракқа  басып  кіруі  ал- йемамдағы   соғысқа  дейін  басталып,  шапқыншылық   сипат  алған. Йемамдық  халифтердің  қарсылығын  басқаннан  кейін,  қолбасшылығында  500  мединалық  пен  меккелік  қалған  Халиф  ибн ал – Валид  бекр ибн вайл  тайпасын  өз  жағына  тартып  солардың  көмегін Хираны  алады.

Бек  ибн  вайл  Орталық  Аравияда  ал – Иемамнан  Парсы  жақтағы  жерге  көшіп  қонған  көп  санды,  әрі  құдіретті  тайпа  болатын.  Бұл  тайпаның  көп  бөлігін  несториандық  дінге  сенуші  христиандар  құрайтын. Сондықтан  ислам   діні  жаулап   алу  жорықтарына  үндейтін  себеп  бола  алмайтын.  Бірақ,  бұл   тайпаларда   ислам  пайда  болғанға  дейін-ақ  олжа  табу  мақсатымен    Оңтүстік  Иракқа  басып  кіру  арқылы  жинаған  тәжірибесі  бар  болатын.  610  жылы  осындай  отрядтар  Зу-Каре   түбіндегі  иран  әскерімен  шайқаста  оларды  жеңе   алды.  634  жылы  наурызда  500-800  салт  атты   әскері  бар   Хамид  бұйрық  бойынша  шөл  арқылы  Мединадан  Даманскіге  жіберілді.   Араб  отрядтары  Даман  маңындағы бау-бақшалы  аудан  Гутуды  алды  және  мұндай  бекіністі  не  тәжірибелері,  не  құралдары  жоқ  болғандықтан  қалай  аларларын  білмеді.  635  жылы  қыркүйекте  алты  ай  қоршаудан  кейін  комендант  және  жергілікті  эпископ  қала  халқының  қысымымен  Даманскіні  арабтарға  берді.  Қоршағандардан,  қосатынынан  қала  қабырғаларына  шығатын  бірде-бір  саты  табылмады, ал  бекініс  қақпалары  ішінен  тастармен  және  бөренелермен  бітеліп  тасталған  еді. Жеңімпаздарға  Гутудағы  бір  монастрдан  саты  алуға  келді.

Арабтардың   басып   кіруі  ірі  жаулаушылыққа  айналып  бара  жатқанын  түсінген  Византия  әскери  қолбасшылығы  мператор  Ираклидің  басшылығымен  Солтүстік  Сирияға  көп  әскер  шоғырландырды.  Гректермен  (румдық)  бірге  оның  құрамына  ал – Джериа   мен  Армения  тұрғындары  мен  сириялықтардың  отрядтары  енді.  Византия  әскерінің   саны,  араб   тарихшыларының   асыра  санауымен  200  мыңға  жеткен  дейді.  Араб  отрядтары  жауынгерлерінің  саны  мәліметтер  бойынша  24  мыңнан  асқан  жоқ.  Византиялықтардың  жақындауына  байланысты  арабтар  Даманск  және  тағы басқада  қалаларды  тастап,  Иорданның  шығыс  тармағындағы  Йармук  ауданына  шегінді.  636  жылы  20 тамызда  осы  жердегі  ірі  шайқаста  византиялықтар  қирай  жеңіліп,  70  мың  жауынгерлерінен   айырылған.

Визатиялықтардың  соғысу  қабілетінің  нашарлауына,  шайқасқа  дейін – ақ  өзара   қақтығысып  қалған  грек  және  армия  бөлімдерінің  алауыздығы  кері  әсер  етуі  Гассанид  патшасы  Джебел  ибн  ал – Айхан  бастаған  сириялық  арабтар  шайқас  кезінде  арабтар  жағына   шығып  кетті [15]. Йармукта  византиялықтарды  толық  талқандағаннан  кейін   арабтар  Сирияның  толық  билеушісіне  айналды.  Аңыз  бойынша  император  Ираклий  бұл  елді  мүлдем  тастай  отырып,  шекарадағы  бір  шатқалды: “Қош  бол,  Сирия !” – деген  екен.

Арабтар  Даманскіні  қайта алып,  содан  кейін   Солтүстік  Сирияны  бағындырды.  638  жылы – жыл қоршаудан  кейін – Иерусалим, 640 жылы  7 жыл  қоршаудан  соң – Кайсария  берілді.  Мұндай  ұзаққа  созылған  қоршау  арабтардың   әскери – техникалық  мүгедектігінен  емес,  осы  портты  қалалардың  гарнизондарының  теңіз  арқылы үнемі  көмек  алып  тұруымен  түсіндірілді.  Арабтардың   визатиялықтардың   теңіз  флотымен  күрестен  еш  құралы  ол  кезде жоқ  болатын.

Иракта  Хираны  алғаннан  кейін  арабтар  сасанид  әскерімен  шайқаста  бірнеше  рет  жеңіліп,  бұл  қала  мен  оның  облыстарынан  кетуге  мәжбүр  болды.  Бедуиндерге  күшті  әсер  қалдырған,  олар  үшін  қорқынышты  жануар  болып  көрінген   иран   әскери  пілдері  еді.  Бірақ,  635  жылдың  аяғында  Бувейте  түбінде,  Евфратта  Иран  әскерлерін  әкеліп,  жеңілген  арабтар  қайтадан   Хираны  алды,  ал  637  жылы  31  мамыр  немесе 1 маусымда  Кадисия  түбінде  кейін,  осы  ірі  шайқастан  соң  арабтар  Сасанидтер  астанасы  Ктесифонға  кірді, ол  қала  арабтарда  Мадаин  деген  атпен  белгілі  Шахиншах  ІІІ – Йездигерд  пен  сарай  маңындағылар  қашып,  кетеннен  кейін  қала  тұрғындары  арабтарға  қала  қақпасын  ашты.

Арабтар  әскер   басшыларымен   Иран  әскери  қолбасшылығымен  жасасқан  бейбіт  келісімі  көп  ұзамай  арабтар  тарапымен  бұзылды.   Сол  кезде  солтүстікке  қарай  жылжыған  араб  әскерлері  641  жылы  Мосулды  алып,  Хамадағы  Нехаведен  түбінде  ирандықтарға  күшті  тойтарыс  берді.  644-645  жылдары  Араб  әскерлері  Белуджистан  арқылы  Индияның  шекарасына  енді.  649  жылы  Истахрды (ежелгі  Персополь)  алды.  Мерв   түбінде  ІІІ – Йездигердтің  өлген  651  жылы,  арабтардың  Иранды  жаулап  алуының  аяқталған  күні  деп  есептелді.   Осы  жылы  олар  Амударияға  дейін  жетті.   Бұдан  сәл  ертерек  Сирияны  жаулап  алғаннан  кейін,  арабтар  640  жылы  Арменияға  басып  кіріп,  оның  астанасы  Двин  қаласын  алды.  654  жылы  олар  Тбилисиге  дейін  барды.

Африкаға  жорығын  арабтар, араб  қарулы  күштер  Сирияда  жеңіске   жеткеннен   кейін  барып  бастады.  Араб  отряды  Египетке  алғашқы  жорығы  ибн  ал – Асанның   қолбасшылығымен  аз  ғана  әскермен  639  жылы  желтоқсанда  бастады.  Ескі  пайым  бойынша,  өзінің    Сирия  әскеріндегі   бағыныштылық  жағдайына  риза  болмағандықтан  Ніл  жазығына  өздігінен  жорық  бастаған  бұл  қолбасшының  әрекеті  мүлдем  мүмкіндігі  жоқ  ретінде  алынып  тасталуы  керек  еді.  Іс   жүзінде  бұл  жорық  Египеттен  Хиджазға  астық, тағыда басқада  азық – түлік  жеткізу  үшін  жасалған  болатын.  Мекеннің  тұтыну  сұранысы,  әсіресе  Аравия  біріккеннен  кейін,  қажыға  барушы  мұсылмандардың  санының  көбеюіне  байланысты  өсе  түсті [37].

640  жылы  қаңтарда  Амрдың әскері  Фарамды  алды,  одан  соң  Нілді  басып  өтіп,  Файымға  жорық  жасады.   Маусым  айында  арабтар  қосымша  күш  алғаннан  кейін, Гелиопольде   византиялықтарға   соққы  берді.  640  жылы  қыркүйекте  олар  Вавилонды  қоршады,  бұл  бекініс  641  жылы  сәуірде  берілді.  Осыдан  кейін  Ніл  арқылы  төмен  жылжи  отырып,  Александрияны  қоршауға  көшті.  641  жылы  қарашада  жергілікті  патриарх  Кир (ал – Мухавкис)  Амрмен  осы  бекіністі  беру  жөнінде  келісімге  отырды. Келісім  бойынша  он  бір айлық  уақытша  бітімнен  кейін  Египет  астанасы  арабтардың  қолына  өтті,  ал  бұл уақыт  ішінде  осы  қалада  тұратын  бай  және  ақсүйек  гректер  қоныс  аударды:  642  жылы  қыркүйекте  гректерді  көшіру  аяқталғаннан  кейін,  араб  әскері,  Александрияға  кірді.  Осы уақытқа  дейін  араб  отрядтары  Жоғарғы  Египетке  ішкерлей  енген  болатын.  645  жылы  Византия  флоты  Александрия  аймағына  басып  кіріп,  десант  түсіріп,  қаладан  арабтарды  шегіндірді.  Арабтар  қаланы  екінші  рет  қоршап  646  жылы  жазда  шабуылмен  алды.

Араб  әскерлері  Египеттен  онымен  көрші  Ливияға  шапқыншылық  жасауды  ұйғарды.  Жергілікті  бербер   тайпаларынан  қарсылық  кездестірмеген  және  Византия  гарнизонына  соққы  берген  арабтар  642   жылы  күзде  Барка  қаласын  алып, Киреналка  облысын   бағындырды.  Осы  облыстан  шығып,  Феззанның  оңтүстігіне  дейін  және   батыста  Трипаш  қаласына  дейін  еніп,  оны  643  жылы  алды.  647  жылы  араб  әскері Египеттің   наместнигі  Абдаллах  ибн  Садтың  қолбасшылығымен  Ифрикияға  басып  кірді  және   Византиялықтарды  Сбейтла  қамалының  түбінде  талқандады  [45].

644         жылы  Иран  құлының  қолынан Омар  қайтыс  болғаннан  кейін,  Омейядтар  руына  жататын  Осман  ибн – ал  Аффан  халифтік  қызметке  келді.  Осман  ислам  пайда  болғанға  дейін,  өзінің  жас  кезінде  тиімді    өсімқорлық  операцияларымен  айналысып,  бай  адамдардың  біріне  айналған  болатын.

Меккеліктердің  арасында  ал  байлықты,  асыл  тұқымды  жылқыны,  жас  құл  қыздары  жақсы  көруші  ретінде  белгілі  болатын.  Осман  Мұхаммедтің  ең  жас  ізбасарларының  бірі  болды.  Аңыз  бойынша  пайғамбардың  қыздарының  біріне  үйленеді,  ол  жас  қайтыс  болуына  байланысты,  басқа  қызын  алады.  Сондықтан  Осман  мұсылмандардың  кезде  “Алланың  елшісінің  екі  қайтар  күйеу  баласы”  деген  атақ  алған.

Осман  халиф  билігі  тұсында (644-656 жж.)  оның  туыстары,  Меккелік   құл иеленушілік  ру  ақсүйектерінің  өкілдері  бағындырылған  елдерде  мемлекеттік  билікті  және  жер  иеліктерін  жаулап  ала  бастады. 648  ж.  Арабтар   Кипр  аралын  басып  алды.  653 ж.  Кипрліктер  Византия  жағына  шығып  кетіп,  Араб  гарнизонын  талқандады.  Файника  маңында  болған  шайқаста  араб  флоты  византиялық  флотты   талқандап,  Кипрді   халифатқа  қайтарып  алды.

651 ж.  Арабтар  Иранды  жаулап  алуды  аяқтады.  Шахиншах  ІІІ– Йездигерд  мады   жаққа  қашып барып,  сонда  бір диірменшінің  қолынан  қаза  табады.  Сасандар  империясы  өмір  сүруін  тоқтатты.

Сол  жылы  Араб  әскері  Әзірбайжан  жақтан  Арменияға  басып  кірді.  653 ж.  Арабтар  византиялықтарды  Тайк  облысында  жеңіп,  Арменияны  алиарабтың  құрамына  қосып  алды.  653-655 жж.  Халифат  Грузияны   бағындырды.  Сонымен  бүкіл  Закавказье  араб  халифатының  қол  астына  көшті  [34].

Мұсылман  қазынасының  ашықтан – ашық  тоналуы,  оған  түскен  қаржы  мұсылмандарға  тиесілі  және  олардың  арасында  теңдей  бөлінуі  керек  деп  санайтын,  аз  санды  пайғамбар  “серіктері”  тарапынан  наразылық  туғызды.

Осман  халифтың  өзі  өз  отбасының  мүддесіне  мемлекеттік  қаржыны  қалай  болса  солай  пайдалану  арқылы  теріс  үлгі  көрсетті.    Мысалы,  оның  қызы  Абдаллах  ибн  Хамидқа  тұрмысқа  шыққанда,  ол  жас  жұбайларға  басыр  бейт  ал – малынан  600  мың  дирхем  беруге  бұйрық  шығарды.  Абдаллах  ибн  Абу  Сарх  Ифрикиядан  үш  мың  қаптар  алтын  жібергенде,  Осман  ал – Хасам  отбасына  беруді  бұйрық  етті.

Османға  қарсы  Куфадан,  Басрдан,  Египеттен  Мединаға  қажылық  түрімен  келген  мұсылман  өкілдері  күшті  наразылық  көрсетті.  Осы  қаланың  тұрғындары  ашық  көтеріліске  шықты.  Көтерілісшілер  халифтың  үйін  қоршап  алып,  өзін  өлтірді.

Енді  Мұхаммедтің  күйеу  баласы,  әрі  ағайын  бауыры,  Әли    (656 – 661жж.)  халиф  боды.  Көтерілісшілердің  қолдауымен  билікке  келген  Әли  халиф  Османның  байыған  ықпалды  “серіктері”  мен  туыстарының  тарапынан  қарсылыққа  кездесті.

Арабияда  күрес  үшін  жеткілікті  күш  құрал  таба  алмаған  Әли,  Ирактан  сенімді  әскери  және  әлеуметтік  тірек  табам  деген  үмітпен  өзінің  резиденциясын  Куфаға  ауыстырды.

657жылы  ал – Джазирадағы  Сиффин  маңында,  Ефраттың  оң  жағасында  Муавияның  сириялық  әскері  арасында  ірі  шайқас  өтті.  Бұл  шайқаста  екі  жақта  нақты  нәтижеге  жеткен  жоқ [28].

Әли  661  жылы  Куфа  мешітіне  кірер  есікте  хариджиттердің  пышақ  жұмсауынан  алған  жарадан  қайтыс  болды.   Хариджиттердің  үкімімен  өлімге  кесілген  Муавия  мен  Амыр  ибн  ал – Асаға  жасалған  қастандық  сәтсіз  аяқталды.

Төртінші  тақуа  халиф  Әли  ибн  Абу  Талиф  Неджефте  жерленді.   Оның  өлімінен  кейін  Мұхаммед  пайғамбардың  көрегіндікпен  айтқан  сөзі  дәл  келді.  Ол:  мен  өлген  соң  30  жыл  өткенде  Халифаттың  орнына  патшалық  келді.  Халифты  силау  әулеттік  принциппен  ауыстырылады  деген  еді.  Шынында  да  билікке  Омейялық  Муавия  ибн  Ауб  Суфьян (661 – 680  жж.)  келді  де  750  жылға  дейін  оның  үрім  бұтағы  биледі.

Осылайша,  арабтар  20  жыл  көлемінде  Византия  империясының  құрамына  кіретін  Азияны,  Африкадағы  кең – байтақ  территорияны  жаулап  алды  және  Иран  патшалығын  түгелдей  бағындырып,  құдіретті  державаның  саяси  тәуелсіздігіне  нүкте  қойды.  Араб  жаулап  алушылығының  тез,  әрі  жеңіл  жүзеге  асуының  себептерін  араб  тарихымен  айналысатын  немесе  өз  еңбектерінде  осы  оқиғаға  жолай  тоқтаған  Еуропа  тарихшылары  анықтауымен  шұғылданды [24 ].

Арабтардың  жеңіске  жетуінің  негізгі  себептерін  Византия мен Сасанидтік  Иранның  экономикалық  әлсіреуімен,  ең  бастысы  осы  мемлекеттердегі  әлеуметтік  қайшылықтардың  шиеленісуімен  түсіндіруге  болады.

Елдер мен  облыстардағы  еңбекші  халықты  езгі мен   қанаудың    күшейе  түскен  жағдайында,  қарапайым  халық  осында   келген  араб  жаулап  алушыларына  өз  билеушілерінің ауыр  езгісінен  құтқарушы  ретінде  қарауға  бейім  тұрды.  Оның  үстіне  арабтар   өздерінің  үстемдігіне  бағынған  жағдайда   өмір  сүрудің  әлде  қайда төзімді  шарттарын  ұсынды.  Соның  нәтижесінде  арабтар  жаулап  алған  елдердің  халқының  көбі  оларға  қарсылық  көрсетпек  түгілі,  бірден  олармен  одақтасуға  тырысты: (мысалы  ерте орта  ғасырлар).

Арабтардың  әскери жетістігінің  себептерін  түсіндірудегі  ескі,  аты  шулы  жаулап  алушыларды  тырп  еткізбеген  діни  фантизмнің   нәтижесі  деген  тұжырым  қазір  іске  асқысыз  болып  қалды.  Араб  әскерлерінің  негізгі  бөлігін  құрған  бедуиндердің  жаңа  ілімді  білмегені  және  біле  алмағаны  белгілі.  Өйткені,  мұсылман   діни  әдебиетінің  алғашқы  шығармасы – Құранды  құрастыру  арабтарды  жаулап   алу  жорықтарының   бірінші    кезеңі    аяқталған  кезде,  яғни   ҮІІ ғасырдың  ортасында  болатын [14].


Скачать


zharar.kz