МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 . КӘСІПОРЫН, САЛЫҚ, БЮДЖЕТ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ
1.1 Кәсіпорын ұғымына жалпы түсініктеме
1.2 Салықтардың пайда болуы және түсінігі
1.3 Бюджет ұғымыны жалпы түсінік
2. КӘСІПОРЫННЫҢ АРНАЙЫ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕЙТІН САЛЫҒЫ
2.1 Кәсіпкерге белгіленген салық салу тәртібі
2.2.Бюджетпен есеп-айрысудың нысандары
2.3.Кәсіпорын иелерінің бюджетпен есеп айырысудағы негізгі нысаны-салық режимі
3. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ САЛЫҚТЫ ЖӨНГЕ САЛУ МЕХАНИЗМІН ТОЛЫҚ
ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Салықты реттеу тәртібі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
К І Р І С П Е
Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да он бес жылдан асты. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы конституциясының 35 бабында Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады деп атап көрсетілген.
Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Бюджет-ұдайы өндірісті іске асырудың құралы мен маңызды алғы шарты. Оның көмегімен әлеуметтәк бағдарламаларды өткізуге,қоршаған ортаның қорғауын қамтамассыз ету,ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру,қорғану қабілеттілігін қолдау,басқа да мемлкеттік істерді іске асыруға жағдайлар жасалынады. Сәйкесінше, шаруашылық механизімді қалыптастыру бюджеттік басқарудың тиімді жүйесінсіз қалыптастыру мүмкін емес. Нарықпен, корпорациямен және мемлекетпен басқарылатын экономикаға көшу мемлекеттік бюджетті,кәсіпорындар мен салалардың қаржыларын, аймақты жіне жергілікті деңгейдегі, бюджеттен тыс қорлардың қаржылық қатынастарының жаңа буынын дамыту тереңдетілген қайта құрылысты қажет етеді.
Бюджеттерге және салықтарға байланысты бюджеттің жаңа түрі мемлекеттің қоғам мүшелеріне, салық төлеушілерге ұсынылатын қоғамдық игіліктер категориясының негізінде құрылады. Бұл бағыт негізгі өмірдегі бюджетке, оның қызметтеріне нарықтық көзқараспен қарайды. Мемлекет бюджетті ерекше игіліктерді, қоғамдық өнімдерді, ұстауға мүмкіндік болуы үшін құрайды.
Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережелерін қарастырады. Мемлекеттің тиімді салық салу үрдісін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты бұл –арнайы бюджетке төленетін кәсіпорын салығының экономикалық мәні мен мазмұнын ашу, есептеу тәртібін анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді қарастыру қажет деп шештім:
— Салықтардың пайда болуы мен экономикалық мәнін анықтау;
— Салық элементтері мен есептеу әдістерін көрсету;
— Кіші және орта бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың табыстарына салық салудың арнайы режимдерін қарастыру.