Австриямен күрес

Скачать


Бисмарк дипломатиясына жалпы мінездеме туралы қазақша реферат

Дипломат ретінде Бисмарк жақсы мектептен өтті. 1851-59 жылдары Франкфуртте Одақтық сеймде Пруссияның өкілі бола тұрып, ол “кішігірім кіріс, шығыстарды ” [1, 58c] үйренуге мүмкіндік алып, жекелеген герман мемлекеттерінің қарама-қайшы мүдделерінен шығатын дипломатиялық ойындарын талдады. Сонымен қатар, Одақтық сеймдегі қарсыластары, Меттерних мектебінен өткен, айлалы әрекеттер жөнінен шексіз тәжірибе жинаған австриялықтардан да, Бисмарк көп нәрсені үйренді. Пруссия королі “дипломатиялық өнердің жоғарғы мектебі” деп атаған Венадағы қысқа мерзімді жұмысы оған өте пайдалы болды. Кейіннен, 1859 жылы Петербургте Бисмарк орыс дипломатиясының тәжірибесін үйренеді. Бисмарктың өзі Горчаковтан “дипломатиялық өнердің сабақтарын” алып жүрдім деп жиі айтатын. Сонымен қатар, саясат, дипломатия жөніндегі Бисмарктың тағы бір мұғалімі Наполен ІІІ болатын. Ол француз бопапортизмнің тәсілдерін зерттеді. Үлкен мақсаттарды: неміс ұлттық буржуазиялық кластың мүдделерін қанағаттандыру, герман мемлекеттерін біріктіруді алдына қойған Бисмаркке Наполеон ІІІ өте ұнаған еді.

Сөйтіп, 11 жыл ішінде Бисмарк 3 ірі еуропа державалары: Ресей, Австрия, Францияның сыртқы саясаты мен дипломатиясын зерттеуге мүмкіндік алды. Бірақ ол Франкфуртте, Вена, Парижде алған тәжірибені, дипломатиялық тәсілдер кобинацияларын қайталап қана қойған жоқ. Бисмарк дипломатиясының “ұлы курфюрст”, Фридрих ІІ-ге тамырмен баратын өзінше ұқсамас белгілері де болды.

Шетел держеваларының пара беріп, Бисмаркті сатып алу әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Бисмарк ешкімнен ақша алған емес, бірақ 70-80 жылдары ол Германияның ішіндегі қыржы топтардың ықпалымен, олардың мүдделерін қорғағаны рас.

Бисмарк дипломатиялық интригалардан бас тартпайтын, дегенмен де мінезінің басты қасиеті, қарсыластарды таң қалдыратын талап күші еді. Біреуге жақсы тәрбие көрсетіп, біреумен ашық, тіпті дөрекі болып, ол адамда қандай әсер қалдырудың шешкеніне байланысты, Бисмарк әрбір адамға жеке жол іздеді. Ол әрқашанда күресте болып, соққы беруге дайын болатын. Дипломатиялық ептілік онда туралық, ақ көңілділік формасында болды. Керек жағдайда. ашықтық айқын байбаламға айналды. Бисмаркпен әңгімелескеннен кейін, Англияның болашақ премерьер-министрі Дизраэли “Бұл адамнан сақтаныңдар! Ол ойлағанын айтады” деген екен. Дизраэлимен әңгімелесіп Бисмарк оған мақсаттарын баяндайды: ол көп ұзамай Пруссия үкіметінің басшысы болатынын, армияны қайта құрып, бірінші мүмкіндікте Австрияға соғыс ашып, Герман мемлекеттерін Пруссия бақылауында біріктіруін, қуатты мемлекет құратынын.

Бисмарктың энергиясы барлық әңгімелескен адамды таң қалдыратын. Ол сабырлы емес, қызба қанды болатын. Кейіннен бұл қасиеттерге ашуланшақтылық қосылды. Кейде ашуын тия алмай, қол атындағыларын қорқытатын. Көп жылдар бойы Бисмарк ұйқы қашып азаптанды. Бірақ та, Бисмарк ауырса да, қызу жұмыс жасап шаршамайтын. Ол жек көрушілікті өмірдің двигателі деп есептеп, өзінің саяси қарсыластарын қатты жек көретін. Бірақ керек кезде ол өз сезімдерін сыртқа шығарған емес. қаталдық пен айлалықты ол дипломатия саласында ғана емес, саяси күштермен күресте де қолданатын. Өзінің саясатында ол армияны зорлық құралы ретінде пайдаланды, Пруссиялық милитаризм жүйесі оның саясатында тірек тапты. Тіпті дипломатиялық жолмен шешкен мәселеде де, Бисмарк сақтану үшін қару күшін қолданды.

Бисмарк сәттілік алғышарты дұрыс есептеліп алынған уақыт деп есептеді. Тек соғыс үшін жауакершілікті қарсыласқа аудару керек болды. Уақыт келгенде әрекет ету керек. “Кез-келген саясат, шешімсіздік саясатынан жақсы”деп жазды Бисмарк. Бірақ барлық жағдайда ашық болу қауіпті. “Сыртқы саясат тұрақсыз элемент белгілі жағдайларда ол уақытша қатты формаға ауысады, бірақ ауа райы өзгерсе өзінің алғашқы қалпына келеті”.

Бисмарктың сыртқы саяси концепциясы мемлекет мүддесіне негізделді, ол эмоционалды, идеологиялық мақсаттарды жоққа шығарды. Пруссияға не дұрыс болады, қайда мүддесі бар – бұл мәнге ие. Оған тырысу керек, керек болса соғысу керек.

Ресей Бисмарк үшін прифитетті мемлекет болды. Ресейдің халықаралық аренадағы рөлін жақсы түсінген Бисмарк, саясаткер мен дипломат ретінде мақсат қойған Бисмарк, Германия ресейдің қолдауынсыз, болмағанда нейтралитетінсіз біріге алмайтынын сезді. 1853-1856 жылы Қырым соғысында жеңілген ресей үшін, Пруссияның Англия, Франция, Турция кірген поалицияға қосылмауы маңызды болды. Бисмарк оны түсініп, ешқандай таласқа түспеген еді. Сонымен, Бисмарк саясатының басты мақсаттары мыналар еді:

1. Австриямен күрес

2. Ресеймен байланыстарды нығайту.


Скачать


zharar.kz