Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) аудиті туралы қазақша реферат

Скачать

Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) аудиті туралы қазақша реферат

Меншікті капиталдың бұл элементіне тексеру жүргізу кезінде аудиторға жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарды Бас кітаптың 5410 Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) , 5420 Өткен жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) шоттарының мәліметтерімен және бухгалтерлік есептің осы шоттардың кредиттік айналымы көрсетілетін регистрлерімен салыстыру қажет. Содан кейін шаруашылық операцияларының осы шоттарда көрсетілуінің дұрыстығын тексеру керек. Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарына сәйкес есепті кезең ішіндегі табыстың (зиянның) жиынтық сомасы 5610 Жиынтық табыс (зиян) шотында анықталады. Бұл шоттың кредиті бойынша VII Табыстар бөлімі шоттарымен корреспонденциялана отырып, алынған табыстың жиынтық сомасы, ал дебеті бойьшша VIII Шығыстар бөлімінің шоттарымен корреспонденциялана отырып, шығыстардың жиынтық сомасы көрсетіледі.

5610 Жиынтық табыс (зиян) шотының дебеттік және кредиттік айналым сомаларын салыстыру нәтижесінде 5410 Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) шотының көшірілетін таза табыстың (зиянның) сомасын анықтайды. Егер есепті кезеңде табыс алынған болса, онда 5610 Жиынтық табыс (зиян) шоты дебеттеліп, 5410 Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) шоты кредиттеледі, ал егер де зиян болса, онда керісінше бухгалтерлік жазу орындалады, яғни, 5410 Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) шоты дебеттеліп, 5610 Жиынтық табыс (зиян) шоты кредиттеледі.

Жоғарыда заң және құрылтай құжаттарына сәйкес есепті жылдың бөлінбеген табысының есебінен резервтік капиталға аударым жаса-лынатындығы айтылған болатын. Есепті жылдың зиянын жабуға бағытталған резервтік капиталдың қаражаттары сомасына 5300 Резервтік капитал бөлімшесінің тиісті шоттары дебеттеліп, 5410 Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) шоты кредиттеледі. Есепті жылдың бөлінбеген табысының елеулі бөлігі дивиденд және серіктестік қатысушыларына табыс есептеу үшін жұмсалынады, қалған сома 5410 Eceптi жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) шотынан 5430 Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) шотына көшіріледі.

Қорыта айтқанда аудиторға бөлінбеген табыстың шамасын (мөлшерін) бағалау қажет. Бұл бөлінбеген табыстың динамикасын көру және өзгеру тенденциясын анықтау үшін оны өткен есепті кезеңдермен салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау жасау үшін тең есепті жылдың қорытынды мәліметтері ғана емес, сондай-ақ өткен кезендердің де мәліметтері алынады.

Меншіктік капиталдың негізін құраушылардың бірі бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) болып табылады.

Аудитордан баланстың осы бабына тексеру жүргізгенде ерекше зейін қоюын талап етеді. Алдыменен бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның) жылдың аяғындағы және басындағы қалдықтарын 5410 Есепті жылғы бөгінбеген табыс (жабылмаған зиян) шоттары бойынша Бас кітаптағы және осы шоттардың кредитіндегі айналым көрсетілетін журнал-ордер №13, машина-жазбалардағы мәліметтерімен салыстырады. Содан кейін бұл шоттарда көрсетілген бұл шаруашылық операцияларының дұрыстығын тексереді. Шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарына сәйкес есепті кезеңінің табысы (зияны) 5610 Жиынтық табыс (зиян) шотында анықталады. Бұл шоттың кредиті бойынша VII Табыстар бөлімінің шоттарымен корреспонденцияда алынған табыстың жиынтық сомасын, ал дебеті бойынша VIII Шығындар бөлімінің шоттарымен корреспонденцияда алынған жиынтық сомасын көрсетеді. 5610 Жиынтық табыс (зиян) шотының дебетіндегі және кредитіндегі сомасына салыстыру арқылы 5410 Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шотына өткізілетін таза табыс (зиян) сомасы анықталады. Егер есепті кезеңде табыс алынса, 5610 Жиынтық табыс (зиян) шоты дебеттеліп, 5410 Есептегі жылғы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шоты кредиттеледі, ал зиян болса кері бухгалтерлік жазу жасалады, яғни 5410 Есепті жылғы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шоты дебеттеліп және 5610 Жиынтық табыс (зиян) шоты кредиттеледі.

Резервтік капиталға бөлу заң актілеріне және құрылтайшыларының құжаттарына сәйкес, есепті жылғы табыстың есебінен жүргізіледі деп жоғарыда аталды. Есепті жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капиталдың қаржы сомасына 5300 Резервтік капитал бөлімшесінің шоттарын дебеттеп және 5410 Есепті жылғы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шотын кредиттейді. Есепті жылғы бөлінбеген табыстың едәуір бөлігі серіктестікке қатысушыларға табыстарын және дивидендтерін төлеуге жұмсалады. Оның қалған сомасы Есепті жылғы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шотынан 5430 Алдағы жылдағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шотына өткізіліп, 5300 Резервтік капитал бөлімшесінің шоты мен кредиті бойынша корреспонденцияда алдағы жылдың зиянын жабуға резервтік капиталға бағытталған қаржыны көрсееді, ал дебеті бойынша алдағы жылдың бөлінбеген табысынан серіктестікке қатысушыларға дивиденттерін және табыстарын төлеуге бағытталған сомасын 3030 Дивиденд бойынша есеп айырысу бөлімшесінің шоттарымен және басқадай несиелік қарыздар мен есептеулер бөлімшесінің 4430 Басқадай шотымен корреспонденциясында көрсетеді.


Скачать


zharar.kz