Жоспар:
Кіріспе
I-тарау. Туристік саяхаттың мәні және мазмұны
1.1. Саяхат түрлері және олардың сипаттамасы
1.2. Саяхат түрлерінің пішіні мен топтары
1.3. Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар
II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар
2.1. Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар
2.2. Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары
2.3. Жорықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2.4. Саяхат жасаудағы кедергілер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге, халықтардың салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе түсіп отыр. Бірақ саяхатқа шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана қызықтырады ма? Әрине, олай емес. Саяхаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қызметтері де бар.
Қазақстанның ұшы-қиырсыз кең даласында саяхаттың сан алуан түрін дамытуға мүмкіндік мол. Бүгінгі таңда белсенді тынығудың кең тараған түрлерінің арасында саяхаттың келешегі өте зор екенін сеніммен айта аламыз.
Саяхат – белгілі бір аймақпен танысу және оны зерттеу т.б. мақсаттармен іске асырылатын шаралар. 18-19ғ-ға дейінгі саяхаттар елдердің табиғатын, халқын, тарихын және шаруашылығын зерттеу үшін жасалды. Саяхаттар дала жағдайындағы географиялық зерттеулерді ұйымдастырудың бір түрі – географиялық экспедициямен де тығыз байланысты.
курстық жұмыс 28 бет