Гибридомды технологиямен танысу

Скачать


Клеткалық биотехнологияның ең преспективалық бағыты болып гибридомалық технология саналады. Бүгінгі күні гибридомаларды алу, биотехнология саласының ең өзекті мәселесі болып отыр. Моноклоналды антиденелер биологияда, мал дәргерлік  және медицна ғылымдарында өте сезімтал анализ (талдау) жасауға баға жеткізсіз көмек көрсетеді. Қазіргі таңда Моноклоналды антиденелерді қолдана отырыа, көптеген адам мен малдардың аса қауіпті жұқпалы ауыруларын анықтауға арналған тиімді, сезімталдығы жоғары дагностикалық тәсілдер ұсынылып отыр. Клетканы (шексіз тіршілікті) қылу, оны қолдану барысында, ісік клеткаларымен араластырып, алынған гибридомды линияны клондау арқылы жұмыстар жүргізілуде. Өсімдік клеткаларының ісікті өсімдіктердің клеткаларымен араластыра отыра жылдам өсетін клетка клондарын алуға, яғни қажетті қосылыстардың продуценттерін алуға болады. Гибродомды технологияның көмегімен жануарлар клеткаларынан гармондарды, қанның белоктық факторларын өндіру үшін,шексіз көбею қасиеттері бар продуценттерді алуға зор мүмкіншілік жасайды.

Гибридомалық технологияның ең басты мақсаты-клетканы шексіз тіршілікті қылу, оны қолдану барысында, ісік клеткаларымен араластырып, алынған гибридомды линияны клондау.

 Жұмыстың мақсаты: Моноклоналды антиденелердің диагностикасын анықтау.

Жұмыстың негізгі міндеттері:

1.Гибридомды технологиямен танысу;

2.Моноклондарды алу. Тышқандардан жасанды ісік – гибридомалар – алу;

3.Гибридомалардан және иммундық жасушалардан гибридтық жасушаларды алу;

4.Моноклоналды антиденелерді алғанда ұйымдастырылатын жұмыстар және қолданылатын құрал-жабдықтар;

5.Сынауға жануарларды таңдау.


Скачать


zharar.kz