МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі және функциялары
1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы және орналастырылуы
2. Ка-Биско ЖШС табысын талдау
2.1. Ка-Биско ЖШС сипаттамасы және экономикалық қызметін бағалау
2.2. Кәсіпорынның табыстылығының абсолютті көрсеткіштерін талдау
3. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
3.1. Кәсіпорын табысына әсер етуші негізгі факторлар
3.2. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.
Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің рентабельділік (табыстылық) деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. Өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Тек табыс қана бірімен бірі тығыз байланысты үш мәселені шешуге қабілеті жетеді: не өндіру қажет, кім үшін және қалай өндіру керек? Табыс табу және оны арттыру кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің қызмет етуінің мақсатына айналды, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайларында ол оның өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болып табылады. Осылайша, табыс пен рентабельділік кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалау үшін аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Ол оның іскерлік белсенділігінің және қаржылық тұрақтылығының деңгейін сипаттайды. Алайда, қажетті шығындарды шығармай, бәріміз білеміз, мақсат еткен нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Өз кезегінде табыс алмай, кәсіпорынның дамуын және әлеуметтік мәселелерді шешуді жүзеге асыру мүмкін емес.
Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың кәсіпорын қызмтіндегі ролі мен оны арттырудың жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:
— кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
— кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
— кәсіпорындардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық тәуекелдердің әсерін анықтау.
Зерттеу объектісі ретінде кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорынның табысының жалпы ұғымына және оның кәсіпорын қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады.
Екінші тарау барысында Ка-Биско ЖШС сипаттамасы, оның экономикалық қызметін бағалау және осы кәсіпорынның табыстылығының абсолютті көрсеткіштерін талдау жүргізілді. Үшінші тарауда қазіргі таңдағы кәсіпорындардың табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады.
Курстық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.
Курстық жұмыс 26 бет