Әдістеме дегеніміз – методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғ дегеніміз – методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда – «таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді. Әдіс дегеніміз – нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл жиынтығы, кешені. Тарихты оқыту әдістемесі – тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдарының бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зертттейді.
Осылайша әдістеме пәні – педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің нысанасы – оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.
Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау – оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.
Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен тығыз байланыста дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңартып пайдаланады.
Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалым өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды.
Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестірмей, олардың пайда болуы өз пәнін жетік білмеуіне байланысты емес, ең бастысы олар өз білімдерін өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтар таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары
Тарихты оқытудың негізгі факторлары мына сұрақтардың жауаптарына байланысты:
- мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар;
- стандарт пен бағдарламаларда бекітіліп, солардың негізінде оқулықтарда баяндаоған тарихи білімнің мазмұны мен құрылымы;
- оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы (оқыту мен оқудың түрларі, әдістері мен әдістемелік тәсілдері, құралдары);
- оқушылардың танымдық мүмкіндіктері;
- оқыту нәтежиелерәмен айқындалады.
1. Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде таризты оқытуда көптеген обьективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлыорыстық шовинизм, ұлыдаржавалық астамшылдық басым болды. Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады. Кеңестік кезеңдң тарих пінінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі тарих пәнінің мақсаты маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, коммунистік идеяларға бағытталды.
Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары былай айқындалған:
- оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;
- тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алу қабілетін дамыту;
- отансүйгіштік, тарихи тәжірибе,гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;
- халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін дамыту.
Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады.
- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;
- оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;
- қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылытын тұлға қалыптастыру;
- тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;
- әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;
- тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру.
Тарихты оқытудың негізгі факторлары оқу процесінде кешенді түрде жүйемен іске асады. Жүйе дегенміз - өзара әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі біртұтастық, бірлік құрайтын бөліктердің жиынтығы. Оқу факторларының ішкі тұтастық қасиеті оқыту процесіне дұрыс ықпал жасап, оның сапасының жақсаруына жол ашады.
2. Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістеме отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға; теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі. Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы меңгереді.
3. Әдістер (әрекет тәсілдері) әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, сөздік, баспа-қолжазбалық (мәтінмен жұмыс). Көрнекі, практикалық деген сияқты. Олардың мәні қалай оқыту керек деген сұраққа жауап беріп, мұғалім мен оқушының бойында екі жақтық әрекетін айқандайды. Жақсы жолға қойылған оқытудың әдістемесі оқушылардың бойында тарихи білім мен танымдық дағдыларды, ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастырып, дамытуда тиімді нәтиже береді.
Әдіс, тәсілдар мен оқытудың түрлері (жалпысыныптық, топтық, дербес), сабақ типтері (қайталау-жинақтау, семинар, зертханалық, саяхат-сабақ), сабақ үстінде мұғалім әрекеті мен оқушының оқу құралдары тығыз байланысты. Оқу жұмысының құралдарына оқу процесін қамтамасыз етуге керекті оқулық, жұмыс дәптері, тарихи карта, оқу картиналары, диафильм т.б. сияқты заттарды жатқызамыз.
Оқу материалы мазмұнының, тиісті оқыту әдістемесінің ұйымдастырылуы және оқушылардың тарымдық қызметі формаларының біртұтастығы негізінде оқушылар оқыту мақсатына қол жеткізеді.
4. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері оқушының жасына және соған сәйкес тарихи білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты. Тарихи танымға ұмтылуға күш жұмсау тұлғанаң ойлауын, қиялын, ерік-жігерін және сезімдік қасиеттерін дамытуға айтарлықтай ықпал жасайды. Оқу процесінде оқушылардық тарихи білімді меңгеру және қолдану қабілеті дамиды.
Қабілеттілік дененіміз не? Ол тарихты оқып игеруде табысқа жетуге алғышарт болатын тұлғаның дербес ерекшеліктері. Ол қабілеттілік әрекеттің әдістері мен тәсілдерін тез, терең және оңай меңгеруден байқалады.
5. Оқыту нәтежиелері алға қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей байланысты. Ол оқушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейін танытады. Білімін дәләлдеу және негіздеу, ең бастыны бөліп алу, себеп-салдарлы байланыстарды анықтап, қалыптасқан мәселені шешуде қажетті білімді қолдана алудан көрінеді.
Оқыту нәтежиелері мына деңгеймен өлшенеді: 1) 5-11 сыныптардағы бір сабақта, бір тақырыптағы бірнеше сабақта немесе бөлімдегі, тараудағы, курстағы, бүкіл курстағы алған тарихи білім; 2) ғылыми көзқарастың қалыптасуы; 3) тарихты оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу; 4) оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту. Осылайша оқыту нәтежиелері алға қойған мақсаттың орындалғанын немесе тек сөз жүзінде қалғандығын танытады.
Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз қолдануда. Тарих сабақтарында мұндай тапсырмалар қарапайым дерек көздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс.
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен ролі
Әдістеменің маңызы мектептегі тарих пәнінің мұғалімі, студент үшін
- Белгілі бір жастағы оқушылардың тарих пәне бойынша білім мен дағды деңгейін анықтауға;
- Сынып, курс, бөлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын нақтылауға;
- Оқу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс тиімділігін анықтап, оқыту міндетін нақтылауға;
- Оқыту мазмұнын қолданылатын әдістер және тәсілдермен ұштастыруға;
- Тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолданып, конспект дайындауға;
- Оқытудың барынша тиімді әдістері, түрлері мен құралдарын қолдануға:
- Оқыту нәтижелерін алдын-ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады.
Тарихты оқыту әдістемесі өзге ғылымдармен, әсіресе оқытудың мазмұнын талдап жасайтын базалық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеменің мақсаты – тарих ғалымының негізгі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өңдеуден өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу.
Таңдап алу оқушылардың танымдық мүмкідігін ескере отырып жүргізіледі. Оларды анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеміз. Бұл ғылым оқушылар танымы мен танымдық әрекетінің ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Оның үстіне тарихты оқыту процесіне талдау жасағанда бірқатар психологиялық және педагогикалық зерттеу тәсілдері де қолданылады. Әдістеме пәні оқытудық бір саласы ретінде педагогикамен байланысты. Педагогика – оқыту, ғылыми зерттеуге де нақты тарихи мазмұн береді.
Ғылыми зеттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің (эксперименттік сабақ) мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі «экспериментум! Сөзі тәжірибе, сынақ дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибелер белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтежиесінде пайда болады.
Педагогикалық бақылау – оқу процесіне ықпал жасамай, тарихты оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді. Зерттеуші тарих сабақтарына қатысып, оны талдайды, оқушыларға сұрақ қою мен тесті өткізіп, мұғалімдердің ашық сабақтарының хабарламаларын тексеріп, пән бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдармен танысады.
Қалыптастырушы эксперимент тәжірибе жасаушының оқу процесіне белсене араласуын қарастырады. Мұндай эксперименттің міндетті құрамы – дәлелге негізделген, бірақ міндетті түрде тексеруді қажет ететін болжанған нәтиже, болжал болмақ. Болжал мына сұлба бойынша қалыптасады: оң нәтежиеге қол жеткізуге бола ма, егер: а) мазмұнды, материалды баяндаудың жаңа тәсілін қолданса, б) таным әрекетін басқаша ұйымдастырса. Болжал іс жүзінде тиісті жағдайлар мен әдістер арқылы тексеріледі.
Эксперимент жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді.
Қайталау мен бекіту сұрақтары
1. Тарихты оқыту әдістемесі қандай ғылым, ол немен айналысады?
2. Мектепте тарихты оқытудың ең басты қандай мақсаттары мен міндеттерін атай аласыз?
3. Мектепте тат оқыту әдістемесінің маңызы неде?
Өзіндік жұмыстардың (курс, бақылау, реферат, баяндама) тақырыптары
1. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің педагогикалық ғылымдар арасындағы орны.
2. Тарихты оқыту әдістемесінің ерекшеліктері
3. Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі әдіс-тәсілдері.