Бухгалтерлік есептің мәні және стандарты туралы қазақша реферат

Скачать

 Бухгалтерлік есептің мәні және стандарты туралы қазақша реферат

Бухгалтерлік есеп — басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің тілі деп санайды.

Бухгалтерлік есеп оның алдына қойған міндеттерді орындай алатындай болып ұйымдастырылуы керек.

Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру заңына сәйкес:

—      жедел басшылық ету мен басқаруға, сондай-ақ инвесторлардың, жеткізушілдердің, сатып алушылардың кредиторлардың, салық және банк органдарының пайдалануына қажетті шаруашылық процестері мен кәсіпорындардың, мекемелердің қызмет нәтижелері туралы толық және ақпараттарды қалыптастыру;

—      мүліктердің қолда бары мен қозғалысына, материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;

—      қаржы-шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді ескертурлер жасау;

—      ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру;

—      ішкі ресурстарды пайдалануды нақтылы бағалау бухгалтерлік есептің басты міндеттерді болып табылады.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы

экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминалогиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсысының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және мазмұны болады.

Есеп стандарттары бірнеше типтік бағыттардан тұрады. Олар:

1.     Мақсаты. Есеп өрісіндегі мәселелер мазмұнына қысқаша түсініктеме беру және стандарттар жасау мен шығарудың міндеті көрсетіледі.
2.     Қолдану өрісі. Мұнда стандарт объектісі мен стандартты қолданудың объективті жағдайы қаралады.
3.     Анықтау. Стандарт мәтінде қолданылған негізгі терминдер түсінік беру және бұларды танудың тәртібі көрсетіледі.
4.     Баяндау. Мұнда есеп принципі, бағалау әдісі, шаруашылық фактілер мазмұнын тіркеу т.б. көрсетіледі.
5.     Ақпараттар маңызын ашу. Ақпараттар мазмұны, есеп саясатын жасаудағы ақпараттар қалыптастырудың тәртібі ашылып көрсетіледі.
6.     Орындалуға жіберілген күн (өз күшіне енетін күн). Мұнда стандарттың іске асырыла бастаған күні немесе күшіне енетін күні көрсетіледі.


Скачать


zharar.kz