Халық санағы материалдарын тарату

Скачать


Мазмұны
Кіріспе
1. Халық санағының мақсаты мен міндеттері
2. Дайындық, ұйымдастыру және әдіснамалық жұмыс
2.1. Санаққа дайындық және жүргізу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттар әзірлеу және қабылдау
2.2. Санақ бағдарламасын, оны жүргізу әдіснамасын әзірлеу және қорытындысын алу
2.3. Пилоттық санақ жүргізу
2.4. Санақтың халықты толық қамтуын және нәтижесінің сапасын қамтамасыз ететін, картографиялық материалдарды дайындау мен үйлердің тізімін құру қосылатын, іс-шаралар жүргізу
2.5. Халық санағына дайындық және жүргізуді ұйымдастыру жоспарларын жасау
2.6. Халық арасында бұқаралық-түсіндіру жұмысын жүргізу
2.7. Санақты материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2.8. Санақ кадрларын іріктеу және оқыту
3. Халық туралы мәліметтер жинауды жүргізу және санақ материалдарын автоматты түрде өңдеу
4. Халық санағы материалдарын тарату
5. Санақ жүйесі бағдарламасы
5.1. Мекен-жай кестесі
5.2. Санақ кестесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

БҰҰ Статкомиссиясының анықтамасы бойынша:  Халық санағы – елдегі барлық адамдарға немесе ел халқының нақты шектеулі бөлігіне қатысты белгілі бір уақыттағы жағдайы бойынша демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытудың, бағалаудың, талдаудың және жариялаудың немесе өзге түрде таратудың бірыңғай процесі .

Халық санағын жүргізу туралы шешім қоғамның оның экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы туралы ақпарат алуға дайындығының индикаторы болып табылады. Сондықтан халық санағы әлемнің барлық елдерінде дерлік тұрақты: көбісінде — әрбір 10 жыл сайын, бірқатарында тіпті — әрбір 5 жыл сайын жүргізіліп отырады. Біріккен Ұлттар Ұйымы да, барлық елдерге халық санағын кем дегенде 10 жылдан кейін ұйымдастыруды ұсына отырып, осыған бағыттайды, бұл сонымен бірге бүкіл жер шарындағы, сол сияқты әлемнің жекелеген елдеріндегі халықтың санын анықтауға мүмкіндік береді.

Санақ – бұл интернационалдық жұмыс, себебі қазіргі заманғы қоғамның қажеттілігі халықтың ұлттық ерекшеліктеріне, саяси құрылымына, географиялық орналасуына, табиғи, климаттық жағдайларына және т.б. байланыссыз, өте ұқсас. Міне осы себептен БҰҰ Статкомиссиясының Халық санағы мен БҰҰ-ның 2005-2014 жылдар кезеңіне жоспарлап отырған 2010 жылғы тұрғын үй қорының дүниежүзілік бағдарламасын жүзеге асыру туралы ұсынысы ұлттық үкіметтердің, ал БҰҰ-ның әдіснамалық және ұйымдастыру тәсілдері бойынша ұсынымы бірқатар елдердің статистиктері мен демографтарының қолдауына ие болып отыр.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің статистикалық қызметтері басшыларының кеңесінде БҰҰ-ның Санақтың дүниежүзілік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Достастық елдеріндегі кезекті ұлттық жалпыға бірдей халық санағын жүргізуге байланысты мәселелер қаралуда және 2010 жылғы раундтың санағына дайындық пен жүргізу бойынша ұсынымдар әзірлеу жүріп жатыр (ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің статистикалық қызметтері басшыларының кеңесі мәжілісінің 30-хаттамасы 2005 жылғы 13-15 маусым №20, Женева қаласы).

Қазақстан Республикасы осы ұсынымдар шеңберінде 2009 жылғы кезекті Ұлттық халық санағына дайындыққа және жүргізуге кіріседі (өткен халық санағынан 10 жылға тең уақыт аралығынан кейін).

 Курстық жұмыс 25 бет


Скачать


zharar.kz