Фирманың тауар саясатын жетілдіру

Скачать


Фирманың барлық істері тиімді және пайдалы болуы үшін нарықтың талабына сай – фирмада арнайы маркетинг бөлімі болу керек. Оның себебі – қазіргі жағдайда бәсекелестік өткірленген, тұтынушылардың талаптары жоғарылаған, сонымен қатар техникалогия жүйелері жоғары деңгейде өндірісте кең тарауда, кадр – мамандарға өте жоғары деңгейде талаптар қойылады. Маркетинг бөлімінің өз кезегінде – тауарда, нарықты, тауарды таратумен, тұтынушыларды зерттеумен, ақпарат жинаумен, тауар ассортиментін зерттеумен, баға саясатымен және тағы басқа маркетингтік іс-әрекеттермен айналысатын жоғары маманданған қызметкері яғни, маркетологтар болуы тиіс. Сонда ғана фирманың іс-әрекеттері нәтижелі және табысты болады.

Беккер және К компаниясына келетін болсақ, онда маркетинг бөлімі жақсы дамыған. Оның маркетинг бөлімінің құрылымына тағы бір бөлімшелерді қосқым келеді.

Жалпы фирманың маркетингтік іс — әрекетін дамыту мен жетілдіру жолындағы мынандай ұсыныстарым бар:
Фирмадағы маркетинг бөлімінде тауар жылжытуды ұйымдастыратын арнайы мамандар болуы керек. Себебі, тауар жылжыту – бұл тауарды тұтынушыларға таныстыру, хабардар ету. Фирманың баға саясатын жетілдіру. Бәсекелес компаниялардың бағаларынан шамалы ғана артығырақ болса, сатып алушылардың да саны қазіргіден де өседі деген ойлаймын. Компания теледидар арқылы және сыртқы жарнаманы қолданса деймін. Өйткені, компанияның өзіндік роликтері жоқ. Жарнама арқылы компания өзінің өнімдерін  республикамыздың барлық тұрғындарына таныстыра алады. Өзінің басқа компанияларға қарағанда артықшылықтарын көрсете алады. Басқа да сегмент топтарын өзіне тарта алады. Фирманың тауар саясатын жетілдіру. Кейбір өнімдер түрін модификациялау.


Скачать


zharar.kz