Африканың жануарлар дүниесі туралы қазақша реферат
Материктің солтүстік бөлігі Сахарамен бірге Голарктика зоогеографиялық облысының Жерорта теңіздік кіші облысына, қалған бөлігі фаунасының ерекшк байлығымен ерекшеленетін Эфиоп облысына кіреді. Дегенмен материкте айқын зоогеографиялық шекаралар білінбейді және Африканың жеке аудандарының фауналарындағы айырмашылығы негізінен қазіргі ландшафттық айырмашылықтарға байланысты болады. Материктің солтүстік бөлігінің фаунасы көп жағдайда Оңтүстік Европа мен Батыс Азияның фаунасына жақын келеді.Атластың қуаң аудандары мен Сахараны суды көп қажет етпейтін немесе тамақты алыс жерлерден іздеп табатын жануарлар мекендейді. Бұлар-әр түрлі бөкендер,бубал,мендес.Саваннадан шөлге арыстандар келеді.Атлас тауларында маймылдардың Оңтүстік Испанияда мекендейтін кішкентай түрі(құйрықсыз манан)тіршілік етеді.
Өзен жағасындағы қаулар мен өзендерде крокодил, тасбақа, улы ніл жыланы мекендейді.Солтүстік Африканың шөлі мен шөлейтін африка түйеқұсы,дуадақ, бозторғай, ал Атлас тауларын тау құры, қара күшіген,қарақұс, қозықұмай мекендейді. Солтүстік Африканың сипатты құсы-ақсары сандуғаш, ол ормандар мен бақтарға, сондай ақ тауларда айтарлықтай биікке ұялайды.
Жергілікті халыққа көкқасқа шегіртке көп зиян келтіреді. Олардың жиі қаптап кетуінен Солтүстік Африка елдерінің ауыл шаруашылығы зиян шегеді. Қоңыздар, әсіресе ашық түсті көбелектер көп. Адамдарға бүиі, шаян қауіп туғызады.
Эфиоп облысының фаунасы материк алабында барынша біркелкілігімен ерекшеленеді, тек мекендеген жер жағдайына қарай кейбір өзгешеліктер болады, ол кіші облыстардың айқын көрінуінен айқын байқалады. Мадагаскар фаунасының өзіндік ерекшелігі бірден көзге түседі.
Жемшөп қоры орасан мол, саваналанрда көптеген шөп қоректі жануарлар, әсіресе бөкендер көп, олардың 40-тан астам түрлері бар.Қазірге дейін ең ірі бөкендер-гнулардың тбындары кездеседі. Олар күлте жалды, сабау құйрықты келеді және мүйіздері төмен қарй иіліп тұрады, согдай ақ әдемі иір мүйізді куду бөкендері және басқалар көп тараған. Тұрқы жарты метрден аз ақ асатын ергежейлі бөкедер бар.
Африка саванналары мен шөлейттерінің көркі және құрып бітуге айналған жануары-жираф. Олардың ұзын мойын ағаштардың жапырақтары мен өскендерін еркін жұлып жеуіне мүмкіндік береді, ал жылдам жүгіруге бейімділігі қуғыншылардан құтылудан бірден бір айласы.
Көптеген аудандар да, әсіресе экватордан шығыста және оңтүстікте саванналар мен далаларда Африканың жабайы жылқысы-зебр т.б. тараған. Оны әртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланылатын мықты, әрі сұлу терісі үшін аулайды. Кейбір жерлерде қолға үйретілген зебр жылқы орнына күш көлік ретінде жүреді, өйткені оларға цеце шыбыны ешқандай зиян келтіре алмайды.
Кей жерлерде Африка пілдері сақталған. Шынтуайтқа келгенде бұл жануарды бағалы азуы үшін ғана жойып жіберген, ал көптеген аудандар да олар мүлде құрып кеткен.Қазіргі кезде бүкіл Африка жерлерінде пілдерді аулауға тиым салынған, бірақ бұл тыйымды көбінесе шетелдік туристер аңшылық экзотикасын жақсы көретіндер жиі бұзады. Қазір пілдер адам аз тұратын таулы облыстарды мекендейді, әсіресе Эфиоп тау қыратында көптеп кездеседі. Пілдер бұдан басқа, Шығыс және Оңтүстік Африка қорықтарының территорияларында тіршілік етеді.
Құрып бітуге айналған жануарлардың қатарына бір кездері материктің шығыс және оңтүстік бөліктерін мекендеген мүйізтұмсықтар жатады. Африка мүйізтұмсығы қос мүйізді болады және ол екі түрге – ақ пен қараға бөлінеді. Ақ мүйізтұмсық қазіргі осы тектестердің ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 4 метрге дейін жетеді. Бұл күнде олар тек қорықтарда ғана сақталған. Африканың әртүрлі бөліктеріндегі өзендер мен көлдердің жағаларын мекендейтін бегемоттар барынша кең тараған. Осы жануарларды, сондай ақ жабайы шошқаларды еті мен терісі үшін аулайды.
Шөп қоректі жануарлар көптеген жыртқыштарға жем болып табылады. Африканың саванналары мен шөлейттерінде арыстандар мекендейді. Олар екі түрге – берберлік және сенегалдық болып бөлінеді. Берберлік арыстандар экватордан солтүстікке қарайғы аймақта, ал сенегалдық арыстандар материктің оңтүстік бөлігін мекендейді. Мұның алғашқысы түгелдей дерлік құрып біткен. Арыстандар ашық жерлерді қалайды да ормандарға кірмейді десе де болады. Мұнда қорқау қасқыр, шиебөрі, қабылан, гепард, сервал кең тараған. Виверра тұқымдарының бірнеше өкілдері кездеседі.
Таулы және жазық өңірлерде павиан тобына жататын маймылдар көп. Олар нағыз павиандар, геладтар, мандриллалар. Жіңішке денелі маймылдардан гверецылар бар. Олардың көптеген түрлері қоңыр салқын тау климатына бейімделген, ал ойпаттардың жоғары температурасын көтере алмайды.
Кемірушілердің, тышқандар мен тиындардың бірнеше түрін атауға болады.
Саванналарда құстар көп: Африка түйеқұсы, цесарка, турач, марабу, ткач, өте қызық құс – секретарь, ол жыланмен қоректенеді. Су алқаптары маңында қызғыш, көкқұтан, бірқазан ұя салады.
Мұнда бауырымен жорғалаушылар солтүстік шөлдеріндегілерден аз емес. Олар көбінесе сол туыстар мен түрлерден тұрады. Әртүрлі кесірткелер, жыландар, құрлық тасбақалары көп. Бұл өңірге хамелеонның бірнеше түрлері тән. Өзендерінде крокодил жүреді.
Насекомдардың фаунасы өте бай және сан алуан. Олардың ішінде әсіресе ландшафта термиттер үлкен роль атқарады. Олардың өзіндік өзгешеліктері бар биік жер үйлері саваннада жиі кездеседі. Қиыр солтүстіктегідей мұнда көк қасқа шегірткелер көп зиян келтіреді. Цеце шыбыны қауіпті, ол адамда ұйқы ауруын және малда нагана ауруын қоздыратын трипаносом паразиттерін таратады. Сондықтан да Африканың кейбір облыстарында ірі қара мен жылқы өсіру мүмкіншілігі жоқ.
Ылғалды тропиктік ормандардың Африканың ашық кеңістіктеріндегідей бай болмағанымен өзінше ерекше фауналары бар. Ормандарда шөп қоректілер анағұрлым аз, демек онда жыртқыштар да көп емес. Орман тұяқтыларының ішінен мұнда жираф туыстас окапи мекендейді. Бұл жануар өте қорқақ әрі сақ, ол ормандардың қалың нуларында тығылып күн көреді. Сондай ақ орман бөкені, қабан, буйвол, бегемот бар. Жыртқыштардан жабайы мысық, қабылан және виверралар кездеседі.
Ормандардағы маймылдар сан алуан, әрі олардың көбі ағашта жүріп күнелтеді. Мартышка, павиан, мандриллалар көп ақ. Африка қазіргі кездегі адам тәрізді маймылдардың екі туысының – шимпанзе мен гориллалардың мекені болып табылады. Олардың әрқайсысының екі – үш түрі кездеседі.
Батыс рифті зонасының тауларында сирек кездесетін және аз зерттелген тау гориллалары тұрады. Материктің ормандары фаунасының құрамында лемурдың екі түрі бар.
Ормандардың орнитофауналарының сипатты өкілдері – тотының бірнеше түрі, банан жегіштер, әдемі қауырсынды және ашық түсті орман сасық көкектері, құртақандай нектарналар, африка тотысы т.б. Кесірткелермен жыландар көп, өзендерде талпақтұмсық крокодилдер мекендейді. Қосмекенділердің ішінде әсіресе бақалардың түрі сан алуан
Оңтүстік Африканың шөл және шөлейт кеңістіктері оның ішінде Солтүстік Африка шөлдері де фауна жағына келгенде материктің басқа бөліктеріне қарағанда анағұрлым кедей. Тұяқтылардан онда кафр буйволы, зевраның бір түрі (квагта), бөкеннің кейбір түрлері мекендейді. Жыртқыштардан ол жерге кама түлкісі, дала бөрісі, вивераның бірнеше түрлері тән. Арыстандар түгелімен құрып біткен. Кеміргіштер мен насеком қоректілер, кейбір эндемик түрлері, соңғылардың ішінде әсіресе сарғыш көртышқан қызықты.