Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты туралы қазақша реферат
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есеп жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады. Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу,бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Колледждің есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Колледждің есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалған. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның бұйрығымен немесе өкімімен бекіткен. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқару барысында қолданылады.
Колледждің есеп саясаты барлық нормативтік құжаттарға, стандарттаға ҚР заңына сәйкес дайындалған. Есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделуі қажет. Есеп саясатын өзгеріс негізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
1. ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беруі туралы заңына сәйкес.
2. Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруіне байланысты.
3. Жаңа бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге байланысты.
4. Есеп саясатында белгіленген тәсілдер тиімсіз болған жағдайда.
Колледждің есеп саясатының ерекшелігіне келіп кететін болсам. Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университеті мен колледжіне ортақ бір есеп саясаты жасалған. Есеп саясатыда кәсіпорынның есеп жағдайын қалай жүргізілу керектігі толық және заңға сай жасалынған.
— Нақты ақша келіп түскен немесе шығыс етілгенде есепке алынады және қаржылық есеп беру кезінде көрінуі тиіс.
— Қаржылық есеп түсінікті пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
— Қаржылық есеп түсінікті және анық болуы тиіс себебі ол қаржылық есеке қарап бағаланады және өз шешімдерін жасайды.
— Бухгалтерлік есепті бухгалтер бөлімінің басшысы басқарады және оның іске асуына жағдай жасайды.
— Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономикалық колледжі мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап құралған деп саналады және заңды тұлға құқығына ие болады
— Кәсіпорын атауы: Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономикалық колледжі
— Кәсіпорынның орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, 0500350 Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 10 ықшам ауданы, 7 б үй.
— Кәсіпорын құрылтайшылары: Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Т.Рысқұлов Қазақ экономикалық университеті акцонерлік қоғамы болып табылады, қайта тіркеу туралы куәлігі №40951-1910-АҚ 19.01.2004 ж берілген, Мекен – жайы: Алматы ұ., Жандосов көшесі, 55үй, СТТН 6002000215112. ИКК 7146675882 АО АТФБанк
— Негізгі қызмет түрлері: білім беру.
Колледж келесі оқу жұмысының түрлері белгіленеді: сабақ, лекция, семенар, практикалық жұмыс, лаборатормялық жұмыс, курстық жұмыс және жобалау.
Салық салу.
Біздің қарастырып отырған ұйымда қолданылатын салық түрлеріне: корпорациялық табыс салығы, мүлік салығы, әлеуметтік салық, жеке табыс салығы және қосылған құнға салықтар жатады.
Корпоративтік табыс салығын төлеушілерге (Салық кодексінің 77-бабына сәйкес) мыналар жатады:
заңды тұлғалар – салық салудың жалпы тәртіптерін және арнайы салық тәртібін қолданушы Қазақстан Республикасының резиденттері;
заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының тұрақты мекемелерімен немесе Қазақстан Республикасында алатын резидент еместер.
Корпоративтік табыс салығы салынатын объект болып:
— салық салынатын табыс;
— төлем көзінен салық салынатын табыс;
— табыс және таза табыс- Қазақстан Республикасының тұрақты мекемелері арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың таза табысы.
Салықтық шегерімдерге тауарларды, қызметтерді өткізумен бойынша және басқа да шығындар жатады, сонымен қатар:
— тауарлық-материалдық қорлар бойынша;
— еңбекақыны төлеу бойынша;
— тіркелген активтерге;
— несиелер бойынша сыйақылар, сондай-ақ қаржылық лизинг түрінде, дисконт, салымдар бойынша қарыздық бағалы қағаздардың иелеріне эмитенттердің төлемдері:
— күдікті қарыздар мен күдікті талаптар бойынша;
— ғылыми-зерттеулер бойынша шығындар;
— теріс бағамдық айырмашылық бойынша:
— резервтік қорларға аударымдар бойынша;
— салықтық сыйақылыр бойынша шығындар;
— әлеуметтік төлемдер бойынша шығындар;
— негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар;
— айыппұлдар мен өсімақылар (бюджетке төлеуге жататындарды қоспағанда)
— бюджетке төленген салықтар.
( № 94-107 қосымшалар)