МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ….3
1.Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі….6
2. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру…… 18
3.Мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнына калькуляция жасау…30
ҚОРЫТЫНДЫ…….37
ҚОСЫМШАЛАР….38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……39
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 2003-2008 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы елдің агроөнеркәсіп кешенін еркін нарықтық экономиканың принциптеріне сәйкес одан әрі дамытуды көздейді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты агроөнеркәсіп кешенінің тиімді жүйесін құру, бәсекеге қабілетті өнім шығару мен ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды етудің негізінде Қазақстанның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп айқындалған.
Бағдарламада ағымдағы ахуалға талдау жасалып, проблемалар айқындалған әрі саланы дамытудың шаралары көзделген.
Бағдарламаның шаралар кешенін іске асыру үшін 2003-2008 жылдары бюджеттік қаржыландыруды 24,5 млрд. теңгеге көбейту көзделген, оның ішінде жаңа бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға 15,5 млрд. теңге, қазіргі бюджеттік бағдарламаларды кеңейту үшін 9 млрд. теңге бағытталды. Одан басқа, Қазақстан Даму Банкі мен екінші деңгейдегі банктерден 3,4 млрд. теңге қаражат тартылды. Республикалық бюджет шығыстары ЖІӨ-нің 1,8% құрайды, бұл ағымдағы көрсеткіштен 2 еседей жоғары. Бағдарламаны іске асыру еселенген тиімділік арқылы экономиканың басқа салаларының өсуін қамтамасыз етуге, ауыл халқын еңбекпен қамтуға, олардың табысы мен тұрмыс деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының дамуы нарықтық қатынастар тетіктерінің қалыптасуымен сипатталады. Нарықтық экономикаға өту терең құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Реформа жағдайында, бірінші кезенде, елдің азық-түлік қауіпсіздігін, тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен және олардың жалпы әлеуметтік жағдайының көтерілуін қамтамасыз ету жолға қойылады. Алайда, тұрғындарды жоғарғы дәрежеде азық түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық кешенінің негізгі сферасы — ауыл шаруашылық өндірісі әлі де болса дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.
Ауыл шаруашылық өндіріс көлемі жылдан жылға кенейіп, оның себебінен, өңдеу өнеркәсібінде өнделетін ауыл шаруашылығы шикізаттары азайып, бұлардың өндірістік қуаттылығы толық пайданылмай, тиімділігі төмендеді. Соңғы жылдары республикада күрделі өндеу кәсіпорындарының көбі өндірісін тоқтатып, олардың орнына кіші өңдеу зауыттары мен цехтары ашылды. Бұлардың техникалық, қаржылық және инновациялық жағдайлары ауыл шаруашылық шикізаттарын толық өңдеп, сапалы және бәсекеге жоғары қабілетті, үлкен аумақтарды қанағаттандыратын өнім шығаруға мүмкіндіктері төмен болып отыр.
Бұл мәселелерді шешудің бірден — бір жолы, агроөнеркәсіп кешенін нарық талаптарына сай қалыптастыру және оны жан-жақты жетілдіру. Ғылыми-техникалық негізде тиімді қызмет атқаратын агроөнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілері мен және оны дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу кәсіпорындары арасындағы бұзылған байланыстарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін құру экономикалық тұрақтылықты, тұрғындардың материалдық әл ауқатын әрі қарай көтерудің негізгі алғы шарты болып есептелінеді.
Ауыл шаруашылық кешені қиын экономикалық құрылымдарына жатады. Ал оның өндірістік құрылымы күрделі, өзгермелі және өндіргіш күштер мен түпкілікті өнімге сұраныспен анықталады.
Ауыл шаруашьшығында өсімдік дақылдар өндіру мен мал шаруашлығы үлкен маңызға ие. Себебі, бұлардан алынатын өнімдер тамақ, химия, медицина және т.б. салаларында қолданылатыны белгілі. Дегенмен, кейінгі он жыл ішінде ауыл шаруашлығы дақылдар кешенін дамыту жұмыстары жолға қойылмай келеді.
Ауыл шаруашылық өндірісінде ішкі кешенін дамытудың ең маңызды шарасы интеграциялық біріккен ұйымдар арасындағы экономикалық байланыстар мен қатынастарды жетілдіру болып табылады. Біріккен құрылымдардың шаруашылық тетіктерін, олардың арасындағы өндірістік экономикалық байланыстарды тұрақты дамыту. Ауыл шаруашылық кешендерін қалыптастырудың ғылыми негіздері.
Курстық жұмыстың мақсаты-ауылшаруашылығындағы, соның ішінде малшаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігін,ұйымдастырылуын жан-жақты мәлімет бере отырып, талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігін:
• Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігін;
• Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және оның өзіндік құнына калькуляция жасауды қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыс 39 бет