ЖЕТІ ЖАРҒЫ

Скачать

ЖЕТІ ЖАРҒЫ

Уақытша болса да, бар қазақтың бірігуіне әсер еткен, атақты заңы – Жеті Жарғының өмірге келуіне мүмкіндік жасаған Ұлы Тәуке хан еді. (1680-1715) Тәуке хан кезіндегі жетістік деп – қазақтардың 1695жылға дейінгі жоңғарлардан 32 қаланы азат еткенін мысалға келтіре аламыз.
Есімнің немересі - Жәңгірдің бел баласы – Тәуке хандық құрған XVIIғасырдың аяғы мен XVIIIғасырдың басы-қазақ елінің абыройы асып, көсегесі көгерген ерекше бір кезең болды. Бұл жайында белгілі тарихшы А.И.Левшин былай деп жазды:”Тәукенің атын атаса-ақ ,бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп ,мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликургы , Драконты-сол адам. Тәуке алауыз болып , қырғынға бөккен елді бабына түсіріп , ру мен ру арасындағы жұрттың бәрін өзіне мойын ұсындыра білді ,әлсіз рулардың басын қосып , әулетті дұшпанға қарсы қоя алды, күштілерді тізеге салып, тәубесіне келтірді, баршаға ортақ заң жасап, сол бойынша билік айтты. ”
XVIIғасырдың аяғында қабылданған Тәке ханның “Жеті Жарғы”атты заңы, шынында да, қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады. Ру арасындағы келіспеушілік, бір жүз бен екінші жүз арасындағы қырғи-қабақ салқындық әлсіреді. Ел бірлігін сақтауда хандық биліктің заң негізінде кұшеюі аз үлесін қосты. (1,366-қор, 1-т., 327-іс, 47п.) Тәуке ханның “Жеті Жарғысы”бойынша ханның құқықтары мен міндеті мынандай болатын:
Біріншіден, хан – барлық рулардың бірлестігінің бірден-бір басшысы; жерді бөлісу, қайта қарап рулар арасындағы жерді бөліп беруде, ханның шешімі ақырғы шешім болды. Хан – өзіне қарасты жердің күшімен елді қорғауға міндетті.

Екіншіден, хан басқа елдермен бітім, келісім жасауға немесе бөтен елге соғыс жариялауға хұқы бар, ол барлық әскердің бас қолбасшысы (сардары)болып есептеледі.
Үшіншіден, хан басқа мемлекеттермен дип-
ломатиялық байланыс жасауға, хандықтың барлық сыртқысаясатын белгілеуге хұқы бар.
Төртіншіден, хан өзіне қарасты ел ішіндегі тәртіпсіздік болдыриау үшін,қылмысы ауыр адамға өлім жазасын беруге хұқы бар. Яғни елдері жоғарғы соттың міндетін қоса атқарды.
Бесіншіден, халық хан билігін мойындап отырып, жүзегеасыруға тиіс еді.
Сөйтіп, Тәуке ханның “Жеті Жарғысы” бір орталыққа бағынған мемлекетті құруға көмектесті. Елдің алауыздығына тиым салынып, бұра тартқан адам әділ жазаланды. Өзінің ортақ тілі бар, белгілі шекаралық арқылы анықталған хандығының жері бар, саяси мақса-
ты ортақ, қазақ елі тәуелсіз, таза ұлттық мемлекетке айналды. Қазақ елінің ұлт болып қалыптасуы да осы кезең – XVIII ғасырдың басы болатын.
Елдің елдігін сақтауда қазақтың үш биінің – Төле би, Қазбек би, және Әйтеке билердің тарихтағы орны бөлек. Қазақ халқының бұл үш биі ел басына күн туған қиыншылық кезде де , ел жиналған айт, ас, той тұсында да, жер дауы да жесір дауы , күн дауы көтерілген жерде де бірге бас қосып, ел тағдырын бірге шешісіп келген. Кейде екі би бір шешімге келе алмай қалғанда, үшіншісі ортадан билік айтып, дауды тындырып отырған.


Скачать


zharar.kz