Мектепалды даярлық топтарында еңбекке баулу әрекетінің басқа да сабақтармен байлынысы туралы қазақша реферат
Жалпы білім мен тәрбие беретін балабақшаларда бағдарламалық талапқа сай оқыту мен тәрбиелеудің ең басты міндеттерінің бірі – балаларға берілетін қарапайым түсініктердің ғылым мен техниканың осы кезеңдегі даму дәрежесіне сәйкес болуымен бірге білім беру жүйесін оңтайландыру. Кезінде оқу процесіндегі пән аралық байланысты күшейту мәселесін Ж. Аймауытов Баланың тіл байлығын арттыруға, еркін сөйлей білуге көңіл бөлудің және өзге сабақтарды оқыту кезінде оларды тіл үйренуге көмекші құрал болуын қарастырудың, сабақтар арқылы байланысты күшейтіп бір-бірімен тығыз бірлікте интеграциялау арқылы оқытудың аса зор көңіл бөлінуіне мән берілуіне мән берілуін айтып кеткен болатын .
Балабақшада мектепалды даярлық топтарында өтілетін еңбекке баулу әрекетін басқа сабақтармен әсіресе бейнелеу өнері, айналамен таныстыру, математика, тіл дамыту, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру сабақтарының оқу материалдарына қажетті қарапайым көрнекілік және дидактикалық материалдар арқылы байланыстырып өтудің маңызы зор.
Өйткені аталған сабақтардың оқу материалдары мен байланыстырып сабақ өтпейінше еңбекке баулуда бұйымдар дайындауға, оқу материалдарын толығымен түсіндіруге қиын соғады. Оқу пәндерін басқа сабақтармен байланысын күшейту арқасында оқытудың интграциялау формасы тәрбиешілер үшінде, балалар үшінде тиімді болуы соңғы кездері оқу мен тәрбие үрдісінде кеңінен байқалыа жүр.
Ол – балалардың ой-өрісін жан-жақты дамыту мен бірге, басқа сабақтар арасындағы байланыстылықты көрсетеді. Еңбекке баулу балалардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар өз бетінше жұмыс істей білуге, табанды тұрақтылыққа үйрену мен қатар өз күшіне сенімін күшейте түседі. Балалардың ептілік, жігерлік сияқты қасиеттері мен жалпы мінез-құлықты тәрбиелеуге ерекше маңызы бар.
Еңбекке баулудың басқа сабақатардан айырмашылығының бірі кәсіптік мамандықтың негізгі бастау алуына септігін тигізеді. Балалар өндірістік процестердің бастапқы әліппесімен танысады. Сонымен қатар ауылшаруашылық еңбек бөлімінде өсімдіктер мен жан-жануарларды танып білуге мағлұматтар алады, еңбектің қарапайым құралдары мен жұмыс істеудің дағдыларын меңгереді.
Сонымен қатар балалар кез келген бұйымды дайындамас бұрын бұйымның формасы, көлемі, пішіні туралы талдап алғаннан кейін барып бұйымды дайындауға кіріседі. Демек математикалық сауаттылықтары арқылы бұйымды дәлдікпен орындауына, баланың математикалық білім, біліктерінің артуына септігін тигізеді.
Еңбекке баулу әрекетінің айналадағы әлеммен таныстыру сабағының оқу материалдарымен байланыстылығы жалпы балалардың табиғат, қоғам, тірі ағза туралы түсініктерін байыта түсуге пайдасы зор.
Жалпы бала дүниетанымын кеңейтуге сабақтың рөлі күшті. Мысалы: қазақ халқының ұлттық мерекесі, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, төрт түлік мал, туралы білімдерін алып, еңбекке баулуда қағаздан, ермексаздан, сазбалшықтан, табиғи материалдардан дайындап үйретуде олардың көлемдік түр пішіні, дене тұлғасындағы негізгі айырмашылықтар, пайдасы, дәмі, түр-түсі жайлы түсініктерді алуға мүмкіндіктер береді.
Бұндай түсініктерді балалар білмейінше бұйым жасай білуге кері әсерін тигізеді. Сондықтан балалар айналадағы әлеммен танысу сабағының оқу материалдары негізінде білім аясы болмаса еңбекке баулуда қиындықтар туады.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы — өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылдайтын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді.
Еңбекке баулу әрекетін бейнелеу өнері сабағы мен пән аралық байланыстылығын күшейте түсуде баланың ой-өрісін, суретшілік қабілетін арттырып бейнелеу іс-әрекетіне ерте бастан қалыптастырады. Бала өз ортасында көрген білгенін суреттеу арқылы баянап түсіндіруге тырысады.
Бейнелеу өнері баланың ерте бастан айналысатын іс-әрекеттерінің бірі. Алғашқыда баланың салған суреттері ешбір түсініксіз шимай болып көрінгені мен бірте-бірте олардың суреттері пішіндік сипат алып, суретшілік іс-әрекеттерінің алғашқы негіздері қалыптаса бастайды. Ал еңбекке баулу әрекеті оқу материалдарының көлемі көбінесе бейнелеу өнері пәнінің оқу материалдарымен тығыз байланысты.
Балалар кез келген бұйымды, модельді жасамас бұрын, олардың түр сипатына, өлшемдік формасына талдау жасап барып оларды дайындау тәсілімен танысады. Әсересе бейнелеу өнері сабағында ермексазбен жұмыс орындауда т. б. әртүрлі табиғи материалдардан жұмысты орындап үйренуде тығыз байланысты. Нақты айтқанда бұйымдар мен модельдерді дайындап үйренуде ол бұйымдардың эстетикалық жағынан көрнекті болып келуі қажет етілетін талаптың бірі. Әсемдікті сезу үшін, оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, ән сабағы, еңбекке баулуда әрбір адамда білім болуы қажет. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Ал еңбекке баулу, тәрбиелеу – балаларды әсемдікке, еңбек мазмұны мен еңбек процесін танымай, саналы тәрбие мен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес.