Қабылдау - жөнелті жолдары

Скачать


Станса және кірме телімдердің техникалық пайдалану мінездемесі туралы қазақша реферат

Жобаланатын аралық станса IІ жолдық учаскеде орналасады. Максимальды қозғалыс жылдамдығы 120 км сағ. жақын жатқан теміржол аралығы автоблокировкамен қамтылады, тартқыш түрі – Тепловоз. Бағыттама және сигналдарды басқару үшін станса электрлік орталықпен қамтылған. Жұп және тақ бағытындағы ең қысқа қабылдау – жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы 850 метрге тең.

Жобаланатын стансаның оңтүстік – батыс жағынан кірме жол іргелес орналасады. Қызмет көрсету мекемелері тәулік сайын құрама пойызбен вагон қабылдайды.

Аралық стансада мынадай құрылғылар орналасады:
— I – басты жолдар;
— Қабылдау – жөнелті жолдары –2,3;
— Тартымды және тұйық жолдар – 8,9жолдар;
— Түсіріп – тиеу жолдары – 7 жол;
— Жолаушылар ғимараты және платформалар – 3 жолдан.

Аралық стансада мынадай операциялар орындалады:
— жолаушы және жүк пойыздарын қабылдау және жөнелту; оларды өткізу;
— пойыздардың басып озуы және қиылысуы;
— жүктерді түсіріп – тиеу және сақтау, жүк құжаттарының толтырылуы;
— құрама пойызынан вагондардың ажыратылуы және тіркелуі;
— тиелген вагондармен жөнелту маршрутына топ жинақтау;
— вагондарды өлшеу.


Скачать


zharar.kz