Банктердің кредиттік тәуекелді қабылдауы

Скачать


ҚР коммерциялық банктерінің несие портфелін қалыптастыру және сапасын көтеру мәселелері мен жолдары туралы қазақша реферат

Бүгінде несие портфелі банктің несиелік саясатының сапасы туралы пайымдауғы және есепті кезеңдегі несиелік қызметтің нәтижесін болжамдауға мүмкіндік беретін анықтаушы критерий болып табылады. Несие портфелінің сапасын талдау және бағалау банк менеджерлеріне өздерінің несиелік операцияларын тиімді басқаруларына қызмет етеді.

Несие портфелiн қалыптастыруға, банктiң несиелік қызметiнің басты мақсаттары анықталған, несие саясатының стратегиясы жасалынған, осы стратегиялар шеңберiнде сыртқы ортаның қалыптасқан шарттарын, нарық конъюнктурасын, банктің меншiктi мүмкiндiктерiн ескере отырып,  несие портфелiн қалыптастырудың айрықша мақсаттары  анықталған жағдайда ғана кіріседі.

Ұтымды несие портфелiн қалыптастыру қаржы ресурстарын орналастырудың негiзгi бағыттарының бiрi ретінде кез келген банк үшiн ең маңызды мәселе болып табылады.

Коммерциялық банктің ұтымды несие портфелi — бұл несие ресурстарын жинақтау және үлестiру, берiлген несиелер мерзiмдері және сомалары бойынша банкте бар несие қорларына сәйкес келетiн жағдайда жүзеге асырылатын несие портфелі,  мұндай жағдайларда ол бойынша табыстылық деңгейі максималды мүмкіндікті болып табылады, ал тәуекел деңгейі минималды деңгейге сәйкес келеді. Ұтымды несие портфелiн қалыптастыру – банк қызметінің маңызды міндеттерінің және басты проблемаларының бірі болып табылады.

Ұтымды несие портфелiн қалыптастырудың бес кезеңiн ерекше атап өтуге болады:

• несие сұранымы мен ұсынымына әсер ететiн факторларды талдау;

• коммерциялық банктің несиелік потенциалын  қалыптастыру;

• несие потенциалының құрылымының және берiлген қарыздардың сәйкестiгiн қамтамасыз ету;

• берiлген қарыздарды әр түрлi белгiлері бойынша талдау;

• несие портфелiнiң тиiмдiлiгі мен сапасын бағалау, банкттің несие портфелiн жетiлдiру бойынша шаралар жасау.

Бiрiншi кезеңде талдау банк жұмыс iстейтiн аймақтық рыноктердi есепке ала отырып банктің талдамалық қызметтерiмен жүзеге асырылады. Осы жұмыс несие портфелiн жетiлдiру процесінің тұрақты құраушысы болғаны лазым, өйткенi бұл банкке банктiк конъюнктураның өзгерiсiн уақытында аңғаруға және несие тәуекелiн төмендету шараларын жүзеге асыруға және несие беру табыстылығының жоғарылатуына мүмкiндiк бередi.

Банктегі несие операцияларының дамуын анықтайтын факторлар  өз арасында iшкi және сыртқы деп бөліп қарастырады.

Банктің несие операцияларына әсер ететін факторларды (ішкі және сыртқы) талдау нағұрлым жетілдірілген несие портфелін қалыптастыруға, сол кездегі ең қауіпті несиелік операцияларды анықтауға және тәуекел деңгейін төмендетуге ықпал ететін шаралар жасауға мүмкіндік береді.

Ұтымды несие портфелiн қалыптастырудың екiншi кезеңі банктің несие потенциалының құрылымын құралдардың көздерi және олардың жеделдiгi бойынша анықтаумен сипатталады. Несие потенциалы бұл жағдайда қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi несие потенциалдарының сомасы ретінде қарастырылады.

Қысқа мерзiмдi потенциал заңды тұлғалардың қаржыларынан (есептi, ағымдағы шоттардағы қаржылар, бiр жылға дейiнгі депозиттер); жеке тұлғалардың қаржыларынан (талап етуге дейiнгi салымдар, бiр жылға дейiнгі үлестер және депозиттер); коммерциялық емес құрылымдардың қаржыларынан (есепшоттағы қалдықтар, бiр жылға дейiнгі депозиттер); банк аралық қарыздардан және корреспонденттік шоттардағы қаржылардан (корреспонденттік шоттардағы қаржылар, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бар заемдар); бағалы қағаздар арқылы жинақталған қаржылар (бiр жылға дейiн өтiнiш беру мерзiмi бар қысқа мерзiмдi бағалы қағаздар).

Ұзақмерзімдік несиелік потенциал да қысқамерзімдік сияқты заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың, коммерциялық емес құрылымдардың, банкаралық несиелердің, корреспонденттік шоттардағы және бағалы қағаздар қаржыларының сомалары болып табылады, бірақ жоғарыда келтірілген пассивтердің барлығы ұзақмерзімдік сипатта болады, яғни бір жылдан жоғары уақытқа әрекет етеді.

Коммерциялық банктердің несие потенциалын ұзақмерзімдік және қысқамерзікдік кезеңдерде талдау сол және басқа да несие түрлерін ликвидтілігін бұзбай дамыту бойынша банктің потенциалды мүмкіндіктерін бағалау үшін қолданылады.

Ұтымды несие портфелiн қалыптастырудың келесі, үшінші кезеңі несиелік потенциал мен несиелік портфельдің теңгерімділігін талдайды. Қазақстандық банктер қысқамерзімдік және ұзақмерзімдік несие потенциалының жетіспеушілігіне жиі ұшырайтыны белгілі. Несиелік потенциал мен несиелік портфельдің теңгерімсіздігі кезінде банк өзіне қажетті қаржылар көздерін табуы керек.

Ұзақмерзімдік несиелік потенциалдың жетіспеушілігі кезінде және оны толықтырудың көздерін таппаған жағдайда банк қысқамерзімдік потенциалды ұзақмерзімдік несие потенциалына трансформациялауға мәжбүр болады, бұл өз кезегінде банктік ликвидтілік мәселесін туындатады.

Егер несиелік потенциал несиелік портфельден көп болса, банк несиелік ресурстарды қайта бөлістіруіне және оларды басқа белсенді операцияларға (бағалы қағаздармен операцияларға, валюталық операцияларға және т.б.) пайдалануына болады.

Төртінші кезеңде берілген несиелер әртүрлі қасиеттері бойынша талданады. На четвертой стадии происходит анализ выданных кредитов по различным признакам. Ерекше қасиеттері ретінде несиені жабу мерзімі, қарыз алушылар категориялары бойынша, несиемен қамтамасыздандыру сипаты бойынша, несие формалары бойынша, табыстылығы бойынша, тәуекел деңгейі бойынша және т.б. жабу сипаты алынуы мүмкін. Берілген қарыздарды көрсетілген қасиеттері бойынша талдау коммерциялық банктегі бар несие портфелінің құрылымын сипаттайды.

Ұтымды несие портфелiн қалыптастырудың соңғы бесінші кезеңінде несие портфелінің тиімділігі мен сапасына баға беріледі. Ол банк қызметіндегі несиелік операциялардың ролін, банктің несие потенциалын пайдалану тиімділігін анықтаудан, пайыздық мөлшерлеме деңгейін және несиелік қызметтен түскен табыс көлемін, пайыздық маржа мөлшерін, сондай-ақ мерзімі өткен қарыздарды талдау негізінде несиелік операциялардың шынайы тәуекелін анықтаудан құрылады.

Жоғарыда айтылып өткен қадамдардың негізінде коммерциялық банктің ұтымды несие портфелі қалыптасады. Таким образом, на основе вышеперечисленных шагов формируется оптимальный кредитный портфель коммерческого банка. Оны қалыптастыру кезінде несие тәуекелін бағалауға және оны төмендету әдістеріне ерекше көңіл бөлу керек.

Осы мақсатпен ең бірінші коммерциялық банктің несие портфеліне талдау жүргізу керек және соның негізінде оның сапасына баға берілу керек. Содан кейін, алынған мәліметтерді негізге ала отырып, банктің несие портфелінің сапасын жақсартатын және оны максималды тиімділікке жақындататын шаралар жүйесін жасау керек. Ең соңында жасалынған шаралардың тиімділігін анықтап, жаңартылған несие портфеліне талдау жүргізу керек. Несие портфелін басқаруды ұйымдастыру процесі – пайда болатын жағдайларға байланысты ылғы қайталанып және өзгеріп отыратын  циклдік және үзіліссіз процесс.

Енді қазақстандық коммерциялық банктердің несие портфелінің ағымдығы ахуалына тоқталып өтейік.

Банктер 2011 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша кредиттік тәуекелді қабылдау дәрежесінің біртіндеп азаюын көрсетеді (9-диаграмма).

2-тоқсанмен салыстырғанда валюта тәуекелі (3-тоқсандағы күтулер, банктер бұрын жасаған тоқсанда барынша төмен болды) бойынша сезімталдық біршама көтерілді, бұл осы тәуекелдің Еуроаймақта, АҚШ-та проблемалардың өсуіне қарай ауқымды көлемде өсуімен түсіндіріледі.

Банктер ерекше көңіл бөлетін негізгі тәуекелі кредиттік тәуекел болып қалып отыр. Осы тәуекел түрінің маңыздылығы банктердің несие портфелінің сақталып отырған төменгі сапасына байланысты. Бұл ретте 3-тоқсанда оның деңгейі мүлдем өзгерген жоқ – респондент банктердің 16% осы тәуекел азайған банктер саны 14% болған кезде кредиттік тәуекелді ұлғайту туралы мәлімдеді. 4-тоқсанда банктердің 22% кредиттік тәуекелдің өсуін, ал 14% – оның төмендеуін күтеді.

 
9-диаграмма. Банктердің кредиттік тәуекелді қабылдауы

1. 3-тоқсанда банктер тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіру және несие портфелінің сапасын жақсарту, оның ішінде проблемалық заемдарды тазалау жұмысын жүргізді.

Банктердің несие портфелінің сапасы бұрынғысынша банктердің оны жақсарту үшін қабылдайтын шараларына қарамастан төменгі деңгейде сақталып отыр. Таяудағы 3 айда респонденттердің 22%-ы несие портфелі сапасының жақсаруын күтеді, банктердің 62%-ы көрсеткіш өзгермейді деп болжамдайды. Корпоративтік секторды және жеке тұлғаларды кредиттеу сегменттері бойынша респонденттердің тиісінше 18% және 26% несие портфелі сапасының жақсаруын күтеді, 68% және 70% портфелдің сапасы бұрынғы деңгейде қалады деп күтеді.

Банктердің көпшілігі  қайта құрылымдау процесінің және проблемалық кредиттер бойынша кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша операциялардың кейбір баяулауын атап өтті, бұл проблемалық кредиттер бойынша мәселелердің негізгі бөлігін шешуге байланысты. Бұл ретте несие портфелінің сапасын жақсартудың маңызды факторы  жеңілдікпен салық салу және проблемалық активтер қорын іске қосу мәселелерін жедел шешу болып табылады.

Банктер тарапынан бизнесті барынша терең түсіну, тәуекел-менеджментінің сапасын айтарлықтай жақсарту және кредиттік жобаларды барынша мұқият қарау байқалады, бұл шетелдік қатысумен банктер тарапынан бәсекелестік қысымның күшеюімен,  сондай-ақ қаржы ресурстарын барынша тиімді бөлуге және пайдалануға тырысуға байланысты.

Еуропалық капитал нарықтарында ахуалдың тұрақсыз болуына байланысты банктердің бос ақша қаражатын мемлекеттік бағалы қағаздарға және энергетикалық  компаниялардың өтімділігі жоғары бағалы қағаздарына инвестициялауы өсе бастады, себебі бұл қаржы құралдары барынша аз болып табылады.

3-тоқсанда негізгі қорландыру көздері заңды және жеке тұлғалардың депозиттері, жұмыс істейтін акционерлер (бас банктер) тарапынан капиталға инвестициялар және алынған түсімді қайта инвестициялау болып табылады.

2011 жылғы 3-тоқсанда банктердің сыртқы міндеттемелері орташа есеппен алғанда  мынадай көздер есебінен өтелді:

— ішкі міндеттемелер есебінен (58%);

— сыртқы нарықтарды резидент еместер алдындағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру есебінен (24%);

— резиденттерге активтер мен талаптарды қысқарту есебінен (18%).

Кейінгі 12 айдың ішінде (2011 жылғы қазан —  2012 жылғы қазан бойынша) банктер сыртқы міндеттемелердің бір бөлігін ішкі міндеттемелермен ауыстыруды жоспарлайды (47%); капиталдың сыртқы нарықтарында берешекті қайта қаржыландыру пайызы 2011 жылы, банктердің бағалаулары бойынша, сыртқы міндеттемелердің жалпы жоспарланған өтеулерінен  27% деңгейде болады, бұл ретте  банктер 12 айды (2011 жылғы қазан — 2012 жылғы қазан бойынша) болжамдау кезінде, резидент еместерден қаражатты тарту мүмкіндігіне жол беретіндігін атап өту қажет. Сонымен қатар, банктер капиталдың халықаралық нарықтарына арналған қорландыру құны банктер үшін оңтайлы және тиімді мәндерге жеткен кезде осы қаржыландыруды қарайтын болады. Яғни осы тарту капиталдың халықаралық нарықтарына арналған қорландыру бағасына тікелей байланысты. Сонымен қатар банктер қаржыландыру тапшылығын активтерді (резиденттерге және резидент еместерге талаптардың қысқаруы) сату,  тиісінше 19% және 7% жуығы сыртқы міндеттемелердің жоспарланған өтеулері есебінен белсенді түрде жабуды болжамдайды.

Қорыта айтқанда, несиелік саясат несиелендіру шеңберіндегі банктің стратегиясы мен тактикасын көрсетеді деп айтуға болады. Ол несиелік процестің барлық кезеңдеріндегі жұмыс ретін анықтайды. Оны жасаудың негізінде ұтымды несие саясатының теориялық негізделген құрылымы болуы керек. Сонымен қатар, несие саясаты банк қызметінің тәуекелін басқару негізі болып табылады, сондықтан несиені зерттеу кезеңінде тәуекелді қадағалауға көбірек көңіл бөлу керек.

Жоғарыдағы ағымдағы жағдайдың жай-күйін ескере отырып банктің несиелік қызметінің сапа критериі болып табылатын несиелік банктік портфельді қалыптастыру және басқару процесін жалпы алғанда төмендегі қадамдар арқылы жүргізу ұсынылады:

1)  жеке алынған қарыз сапасын бағалау критериін таңдау;

2)  негізгі топтастырылған несиелер мен оларды алмастыратын тәуекелдер коэффицентін анықтау;

3)  Әр берілген несиенің топтастырылған несиелік топтардың біріне қатысы;

4)  Топтастырылған несие топтарының тілігінде несиелік портфель құрылымын анықтау;

5)  Несиелік портфель сапасының жалпы бағасын;

6)  Динамикадағы несиелік портфельдің құрылымының өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтау және талдау;

7)  Әр берілген несиелерге жасалынатын резервтер көлемі мен банктің несиелік портфелі тәуекеліне резервтік қор сомасын анықтау;

8)     несиелік портфель сапасының жоғарылату бойынша шаралар жасау;

Банктің несиелік портфелінің сапасы оның рентабельді жұмысына және қаржылық-шаруашылық жұмысында сенімді серіктес ретінде шешуші болып табылады. Белсенді несиелік операциялар процесінде  банктік несиелік портфельдің өтімділік элементі қалыптасады, ал банктің несиелік ресурстарды дұрыс орналастыру және банктерді несиелік портфельді тиімді басқару оларға стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге және банк қызметінде жетістікті қаржылық нәтижеге қол жеткізумен қамтамасыз етеді.
Әдебиет:

 1.  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1999 ж. 16 тамызындағы Екінші деңгейлі банктерді несиелендіру бойынша құжаттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы №276 Қаулысы

2.  Қазақстан Республикасындағы Банктер мен банктік қызмет туралы 1995 ж. 31 тамызынан № 2444 Заңы

3.  Блеутаева К. Б. Ақша жəне банктер. Оқу құралы. Екінші басылым. Өңделіп толықтырылған – Алматы. – 2007 ж. 272-бет.

4.  www.minfin
магистрант  Абубакирова Г. М.
э.ғ.д. профессор  Әуелбаев С. Ш.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы


Скачать


zharar.kz