ХХ ғасыр басында педагоктар тарихи білім беру ісінде оқыту әдістемесіне көңіл бөле бастады. Олар сабақтың құрылымын оқушылардың дербес танымдық әрекетін ынталандырып, олардың бойында білімге деген қажеттілікті қалыптастыруға бағыттауға тырысты. Олардың кейбірі бұл жолда көрнекілікпен оқытудан, екіншілері оқушылардың реферат пен баяндама жайындау жұмысынан; үшіншілері – тарихи дереккөздерін пайдаланудан іздеді. Ал кейбір әдіскерлер тіпті еңбекпен оқыту әдістемесін дәріптеді.
Тарихты оқыту барысында оқушылардың санасында нақты бейне қалыптастыруға ұмтылыс байқалды. Ол үшін карталар мен картиналар, суретті оқу кітаптары пайдаланылды. Саяхаттық жұмыс оқыту процесінің ажырамас бөлігіне айналды, тарих сабағына өлкетану материалдары кеңінен тартылды. Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың бойында дербес жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл білінді.
Осы кезеңде сұрақ және жоспар әдісі кең тарады. Оларды мұғалым құрастырып, оқушылырға үй жұмысы ретінде беретін еді. Үйде де, сыныпта да оқулықпен жұмыс істеуге баса көңіл бөлінді. Оқушыларды мәтінді дұрыс оқуға, оқығаны бойынша жоспар құруға дағдыландырды.
Оқыту процесіне жаңадан іс жүзіндегі, зертханалық және драмалау әдістері енгізіле бастады. Іс жүзіндегі әдістің сәні тарихи дереккөздері негізінде жұмыс істеу. Көрнекті тарихшы, әдіскерлер И.А. Рожов, М.Н.Покровскийлер оқушылардың қызығушылығы мен игеруге оңайлығына сәйкес оқып, үйренетінқұжаттарды таңдап алады. Олар тарих курсын жүйелі оқытып, тарих оқулығының өзін шетқақпай жасады.
Зертханалық әдіс оқушылардың тарихи құжаттармен, иллюстрациялық материалдармен және ғылыми көпшілік мақалалармен дербес жұмыс жасауға үйрету жүйесін қамтиды. Мұғалім оқушыларды тарихи зерттеудің зертханасына жетелеп енгізгендей болады, ал оқушылар ғалым-тарихшыларға бұрыннан белгілі қарапайым жаңалықтарды өзі үшін алғаш рет ашады.
Белгілі әдіскер А.Ф. Гартвич әдеттегі сабақты оқушылардың рефераттарын оқу және оларды талдауға арналған әңгіме өткізумен алмастырады. Бұл жерде мұғалімнің рөлі оқушылардың дербес жұмысына жетекшылык жасаумен айқындалады. Бұл әдістің ең басты мәні – оқушыларды дербес жұмыс жүргізуге үйрету. Сонымен бірге оқытудың драмалау әдісін ұсынады. Оның мәні – оқу процесінде оқушылардың тарихи оқиғаларға арнап шағын драмалық көріністер қоюы.
Рефераттау жүйесі әдіскерлер Б.А.Влахопулов пен Н.П. Покотилоның ұсынған жаңалығы болды. Реферат дайындауды олар оқушылардың бойына дербес жұмыс істей алу дағдыларын дарытатын оқушының реферат жүйесіндегі әрекеті бірнеше кезеңді қамтиды.
Бірінші кезеңде оқушы – ұсынған мақала, брошюра немесе шағын кітапты оқып шығыды, конспектілейді.
Екінші кезең бірнеше күрделі кітаптың мазмұнын баяндауға арналады. Оқушы кітап мазмұнымен мұқият танысып, рефераттың жоспарын түзеді, одан әрі өз сөзімен кітап мазмұнын баяндайды.
Үшінші кезеңде бір тақырыпқа арналған бірнеше шағын кітап бойынша реферат дайындалады, ең бастысы – оқушы материалды мазмұндаудың өзіндік жоспарын жасай алуы тиіс.
Келесі кезеңде әртүрлі көзқарастағы бірнеше еңбектің мазмұны ортақ тұжырымға келтірілуге тиіс.
Соңғы, ең күрделі кезеңде жоғары сынып оқушылары құжаттармен жұмыс істеп, дереккөздерінің «шикі» материалдарын талдай алуы тиіс. Рефераттау жүйесінің кезеңдерге бөлінуі жоғары сынып оқушыларының өз ойларын мазмұндауды байланыстыра және сабақтастыра жүргізуіне көмектесіп, арнайы тарихи білімдермен бірге жалпы пәндер бойынша да білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігін арттыруда әдіскер М.Н.Коваленский тың әдіс ұсынады. Оның әдістер жүйесі ғылыми-көпшілік әдебиет, көрнекі құрал, оқу кітабы және оқулық сияқты оқыту құралдарын ұштастырумен байланысты. Жұмыс қорытындысы ретінде барлық тақырыптары бойынша қысқа жазбаша есеп беріледі.
Ал, С.П. Сингалевич, В.Я. Уланов, К.В.Сивков сияқты әдіскерлер оқытудыңқандай да болмасын әдістерін дәріптеудің қажеті жоқ деп есептейді.Оның үстіне ғасыр басындағы гимназияларды сыныпта және үйде дербес орындайтын әртүрлі оқулықтарды қолдану пайдалы деп есептелді.
ХХ ғасыр басында педагог кадрлар Дайындауға көңіл бөле бастады. 1911 жылы Мәскеуде екі жылдық педагогикалық институт ашылып, оған жоғары білімді мамагдар тартылды. Оның тыңдаушыларының әдістемелік дайындығына көп көңіл бөлінді: біріші курста әдістемеге аптасына төрт сағат, екінші курста үш сағат уақыт бөлінді.
Бұл кезеңде патшалық Ресей бодандағы қазақ облыстарында тарих пәні және оны оқытудың әдістемесі жалпы қоғамдық пәндер мен педагогиканың құрамында дамыды. Кейіннен, А.Байтұрсыноы, М.Жұмабаева, Ж. Аймауытов, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков сияқты педагог-ағартушылар жекелеген пәндер бойынша оқу құралдарын жазып, жарыққа шығарды. Ал тарих пәні олар сияқты жүйеленіп, дербес пәнге айналған жоқ.
1917-1930 жылдардың басында мектептердегі тарихи білім беру
Қайта құрулардың бастауы. 1917 жылы қазан айында Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезінде В.И.Лениннің ұсынуымен А.В.Луначарский және оның орынбасары М.Н.Покровский қалыптасқан жүйелі тарихи білім берудің пайдалы жақтарын тесіске шығаруға тырысты.
Азаматтық тарихты оқытудың орнына әлеуметтену, еңбек тарихын оқыту ұсынылды. Осылайша тарихи білім беру саласында революциялық қайта құрулар басталды. Оның бастапқы кезеңінде (1917 жылдан – 1930 жылдардың бас кезіне дейін) тарихи білім берудің ескі мазмұнынан бас тартып, тарихты оқу пәні ретінде қоғамтанумен ауыстырды. Ал қоғамтану курсының аясында маркстік көзқараспен шектелген жеке фактілерден құралған тарих курсының жекелеген элементтері ғана сақталды.
1918 жылы кеңестік еңбек мектебінің негізі қаланды. Жаңа мектепте оқушыларға берілген үй тапсырмасын тексеріп, білімін бағалаудың ұпайлық жүйесі, емтихан, жазалау сияқты тәсілдер жойылды. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшуі, мектепті бітіруі мектеп педагогикалық кеңесінің оқушының оқу жұмысын орындауы туралы пікірі бойынша жүзеге асты. Сыныптың орнына ұсақ топтарды «бригада» деп, сабақтарды зертханалық, студиялық оқу деп атау ұсынылды.
1918 жылыдың қазанында РКФСР БОАК бекіткен «Біртұтас еңбек мектебі туралы ереже» төңкеріске дейінгі мектеп жүйесін түгел алмастырды. Ол бойынша еңбек мектебі екі сатыдан тұрады: бірінші – 8-бен 13 жас (5жыл) аралығы және екінші – 13-пен 17 жас (4жыл) аралығы.
І саты мектебінде тарихтың бастапқы курсы үшінші оқу жылынан бастап оқытыла бастады. Соңғы жалына Кеңестік Конституцияны оқыту енгізілді. 1921 жылғы бағдарламаларда әңгімелеу мен саяхаттар барысындағы ең басты жұмыс ретінде туған өлкенің тарихан – адамдардың мәдени-тұрмыстық өмірін оқып-үйрету жоспарланды. Осы жылдан бастап қоғамтану курсы енгізілді. 1923 жылдан мектептерде пәндік оқытудан бас тартылып, оның орнына 1931 жылға дейін кешенді бағдарламамен оқыту енгізілді.
Қоғамтануды оқытудың мазмұны мен әдістемесі. Халық Ағарту Комиссариатының ғылыми кеңесі мектептерде ғылым негіздерін емес, өмірлік кешендерді оқыту қажет деп тапты. Оқу материалдарының мазмұны табиғат, қоғам, еңбек деген үш тақырыпты ғана қамтыды. Оқудың өзегі етіп адамдардың еңбек ету әрекеті мен дербес шығармашылыққа негізделген оқушылардың білім алу міндеті қойылды. Тарихи мағлұматтар қазыргі заманғы мәселелерді оқып-үйренумен байланыстырылды. Мысалы, мынадай тақырыптар: капитализмнің пайда болуы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы Батыстығы және Ресейдегі жұмысшы қозғалысы.
Бұл кезеңде оқушылардың дербестігі мен шығармашылық қуатын дамытудың мынадай әдістері кеңінен қолданылды. Олар: еңбек, зертханалық-бригадалық, зерттеушылік әдістер.
Зертханалық-бригадалық әдістердің сабақтарында жаңа типті көмекші құралдар қолданылады, оларда оқу материалын байланыстыры баяндау мақсаты қойылмады. Оқушылар сабақтың мақсатымен танысып, кітапта берілген деректерді оқып-үйреніп, сұрақтарға жауап жазады. Соңынан шығын қорытынды ояеркті оқып, тақырып бойынша қорытынды жасайды. Тақырыпты талқалау оқушылар баяндама жасайтын мәслихатпен және мұғалімнің қорытанды сөзімен аяқталады.
Зерттеушілік әдіс тапсырма-мердігерлікті орындауға негізделеді. Оны мұғалім талдап, жасап,5-6 адамнан құралған оқушылар бригадасына орындауға тапсырады. Мердігерлік-тапсырмаларға сұлбаның суретін салу, карта, костюм, қару-жарақ түрлерін жасау, үлгілеу жұмыстары енеді. Бригаданың екі-үш суретшісі жылдық есепке дайындалып, күндіз-түні жұмыс жасайды. Көктемдегі жылдық есеп кезінде ата-аналар мен қонақтар шақырылған мектеп көрмесі ашалады.
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында неміс педагогы Вильгельм Август Лайдың «Әрекет мектебі» идеясы кең тараған. Ол «адамның әрекетіне», қимыл-қозғалысына баса мән беріп, оқушыларды «сөйлей алу», «бейнелене алу» дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Оның мәні – сурет салу, сызу, үлгілеу, драмалық көрініс жасау, ән салу сияқты дағдыларды меңгеру.
Кеңестік тектепте Лайдың бұл идеялары тарихи материалды оқып-үйренуде еңбек әдісі деген атпен қолдау тапты. Оның әдістемесі бойынша оқыту білімнен іс-әрекетке бағытталса, кеңес мектебінде керісінше, іс-әрекеттен білімге бағытталды.
Оқушылардың тұлғалық әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың құралдарының бірі – алған білімдерін іс жүзінде қолдану болды. Оқушылар шаруалар және жұмысшылармен әңгіме өткізіп, баяндамалар жасады, революциялық мереке күндерінде спектакльдер құрып, шерулер ұйымдастырды.
Осылайша Кеңес Одағы мектептерінде 1933 жылға дейін Отан тарихы жеке курс ретінде оқытылған жоқ. (Бұл әңгіме Қазақстан тарихына тікелей қатысты). Тарихи маретиал жалпытарихтың тиісті бөлімдерінде қосарланып берілді. Оқулықтар мен оқу құралдары болған жоқ, тарихи білім бойынша негізгі дереккөзі мұғалімнің ауызша сөзі болды.
Тарихтың дербес курстарының енгізілуі
(30-жылдардың басы – 50-жылдардың соңы)
Бағдарлама, оқулық және оқыту әдістемесінің жасалуы. 30-жылдары тарихи білім берудің жайы өзгере бастады. Тарихты жеке пән ретінде қалпына келдірумен сипатталатын тарихи юілім юерудің жаңа кезеңі басталды. Партияның Орталық Комитеті зертхана-бригадалық әдістен бас тартуға нұсқау берді. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі оқушылар тобымен жүргізілетін, қатаң оқу кестесіне бағындырылған сабақ болып белгіленді. БК (б) Орталық Комитетінің «Бастауыш және орта мектеп туралы», «Оқу юағдарламалары және бастауыш, орта мектептердің ережесі туралы» қаулылары негізінде мектепті реформалаудың міндеттері белгіленді. Тарих бағдарламаларына маркстік қоғамдық-экономикалық формация теориясы негіз болды.
Бағдарламалардың негізінде жаңа оқулықтар жазыла бастады. Бірақ авторлар азаматтық тарихты емес, қоғамдық өмірдің формаларын ғана көрсетуді мақсат тұтты. Отан тарихы оқулықтарды жекелеген қосымша түрінде берілді (Қазақстан тарихы мүлдем ауызға алынбады). 1934 жылдың мамырында «КСРО мектептерінде азаматтық тарихты оқыту туралы» қаулы қабылданды. Курстың құрылымы негізіне тарихи оқиғаларды баяндаудың хроникалық бірізділігі және қайталамау (курсты қайталамай бір рет оқу) қағидалары басшылыққа алынды; жалпы тарих және дербес Отан тарихы курстары енгізілді.
Оқытудың қайталамау қағидасы:
3-4 сыныптар – КСРО бастапқы тарихы курсы (тарихтың қысқа курсы)
5 сынып – Ежелгі дүние тарихы (Шығыс, Греция)
6 сынып – ежелгі дүние және орта ғасырлар тарихы
7 сынып – Орта ғасырлар тарихы және КСРО Конституциясы (1936 жылдан бастап енгізілді)
8 сынып – Жаңа тарих І бөлім; КСРО тарихы ХҮІІІ ғасырдың соңына дейін
9 сынып - Жаңа тарих ІІ бөлім; КСРО тарихы ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.
10 сынып – ХХ ғасырдағы КСРО тарихы; Қазіргі заман тарихы (1958ж. Енгізілді).
1935-1941 жылдары мектептерде тарихты оқытуға бөлінген сағат көлемі аптасыны 14-тен 25,5 сағатқа дейін артты. 1934 жылдан бастап «Орта мектептегі тарих» журналы шыға бастады. Жаңа бағдарламалар мен оқулықтар жазуға Н.И. Венаг, Б.Д. Греков, А.М. Панкратова, С.И.Ковалев, А.В.Мишулин, А.И. Малышев, Н.М. Лукин, А.Ф. Ефимов сияқты танымал ғалымдар қатыстырылды. Оқулықтардың қолжазбаларында («КСРО тарихы», «Жаңа тарих») И.В. Сталин, А.А.Жданов, С.М.Киров пікір жазды. Оларды тарихи процесті дәуірлеу, түйінді мәселелердің шешімі,КСРО-ның әлемдік тарихпен байланысы сияқты мәселелер қызықтырды.
30-жылдары мектептегі тарих курстарымен жұмыс істеуде әдіскерлер мен ғалым тарихшылар арасында өзара байланыс болмады. Әдіскерлер мазмұн талдауға араласпады, ал тарихшылар оқулықтарда мектептегі тарихты оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін ескермеді. Дегенмен, 40-жылдардағы тарих оқулықтары педагогикалық идеялары жағынан өз кезіндегі әдістеменің деңгейін танытты. Олардың кемшіліктері ретінде фактілер, есімдер мен даталардың тым көптігі, құжаттардың мүлдем жоқтығын атауға болады. Оқулықтарда сұрақтар мен тапсырмалар мүлдем болмады. Көптеген тарихи ұғымдар түсіндірілмеді.
Соғыс кезіндегі тарихты оқытудың өз ерекшелігі болды. Ол ең алдымен оқытудағы тәрбиелік мақсаттарға баса мән берумен айқындалды. Мұғалымдердің алдына патриоттық тәрбие мен интернационалдық бірлікті нығайту міндеті қойылды. Орта ғасырлар тарихы оқылғанда славян халықтарының рөлі, олардың жат жерлік басқыншыларға қарсы бірлескен күресі, мәдени мұрасының маңызы дәріптелді. Немістердің «варвар» славяндар арасындағы «мәдени миссиясы» әшкереленді. Тарих сабақтарында германдықтардың «Шығысты тықсыру», пангерманизм сияқты саясаттарының тарихи тамыры зерттелді.
Тарих сабағынды мұғалымдер оқушыларды Ұлы Отан соғысында сөзсіз жеңіске жеткендігіне сендіруге тиіс еді. Сол мақсатта А.Невский, Д.Донский, А. Суворов, М.Кутузовтардың қолбасшылық өнері туралы жан-жақты әңгімеленді.
Соғыстан кейінгі жылдары әдістеменің дамуына В.Н. Бернадский, Н.А.Андреевская, М.А. Зиновьев, В.Г.Карцев, Н.Г. Тарасов, А.И. Стражев, Д.Н. Никифоров және т. Б. Ғалымдар көп үлес қосты. Олардың еңбектерінде тарих ғылымына қойылған дидақтикалық талаптар; тарихты оқытудағы көрнекілік; тарихи білімдерді игерудің психологиясы; қайталау-жинақтау сабақтарының әдістемесі; фактілік және ұғымдық білімдерді қалыптастырудың жүйесі; тарихты оқытудың әдістемелік жүйесі сияқты мәселелер қарастырылды.
Кеңестік уақытта тарихты оқытуға идеологиялық қондырғы өз салқынын тигізді. 50-жылдары оқушылардың «тарихты дұрыс түсінуі» үшін өткен кезең мен қазіргі заман тарихының байланыстары проблемасыны ерекше маңыз беру орын алды. Олар көбіне ұқсату немесе байланыстыру арқылы жасалған жасанды байланыстар еді. Мысалы, Ганнибал әскеріндегі пілдерді қазіргі заманғы соғыстағы танкілерге теңеу немесе тарихты қарапайым түрде оқыту барысында оқушылардың оқыған дерегіне деген белгілі бір қатынасын қалыптастыру мақсаты қойылады. Сол сияқты оқушылар халық батырларына ұқсауға ұмтылып, «біздің ел бәрінен де жақсы» деген нық сенімдк болуы тиіс еді.
50-жылдардың соңында оқулықтарға оқушылардың дербес жұмыс жүргізуге арналған құжаттар енгізіліп, тарих бойынша жұмыс дәптерлері шығарыла бастады.
Тарихи білім берудің құрылымы мен мазмұны да өзгеріске түсті. Қайталамау қағидасының орнына топтау (концентрация) қағидасы енгізілді. Ол жетінші сыныпты бітірген оқушылардың жаңа және қазіргі заман тарихымен таныса алмауына байланысты туындады. 1959 жылғы 8 қазандағы «Мектептерде тарихты оқытудағы бірқатар өзгерістер туралы» қаулыға сәйкес 8 жылдық білім міндеті, ал 11 жылдық мектеп тілек білдірушілерге арналды. Соған сәйкес тарих курстарына ішінара топтастыру жасалды.
Тарихи білім беру құрылымының қалыптасуы (1959-1964ж.ж.)
4 сынып – КСРО тарихының эпизодтық курсы (аптасына 2сағат 3 сағат орнына)
5 сынып – Ежелгі дүние тарихы (аптасына 2сағат 3 сағат орнына)
6 сынып – Ортағасырлар тарихы (аптасына 2сағат 3 сағат орнына)
7 сынып – ХІХ ғ. Ортасына дейінгі КСРО тарихы (жаңа тарих элементтерімен)
8 сынып – КСРО тарихы, жаңа тарих, (қазіргі заман тарихы элементтерімен)
9 сынып – жаңа тарих, І бөлім; ХІХ ғ. Соңына дейінгі КСРО тарихы
10 сынып - жаңа тарих, ІІ бөлім, ХХ ғасыр басынан 1917 жылға дейінгі КСРО тарихы; Қазіргі заман тарихы
11 сынып – Қазіргі кезге дейінгі КСРО тарихы; Қазіргі заман тарихы, ІІ бөлім
Бұл жерде Отан тарихы топтау қағидасы бойынша, ал жалпы тарих – аз ғана ауытқудан басқа – қайталамау қағидасы ақылы құрылды.
50-жылдардың соңында тарихи-әдістемелік ой психологиялық-педагогикалық ғылымдармен байланысын нығайту бағытында дамыды. Оқу мен оқытудың тәсілдері, материалды мазмұндау әңгіме жүргізу, карта, картиналарды пайдалану тәсілдері жетілдірілді. Бірақ, оқушының сабақта не істейтіні, тарихтықалай танитыны белгісіз болып қала берді.